Page 7 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
империясы біртұтас дербес экономикасы бар орталықтандырылған мемлекет болды. Оның
империялық билігі күрделі саяси және экономикалық құрылым арқылы абайлап, мақсатты
жүзеге асырылып отырды. Астанадан бастау алатын, стратегиялық тұрғыдан жан-жақты
ойластырылған құрғақтағы және теңіздегі жолдар жүйесі әртүрлі вассал мемлекеттер мен
бағынышты провинцияларда орналасқан рим легиондарын (қауіпсіздікке елеулі қатер
төнген жағдайда) тез қайта топтастыруға және шоғырландыруға мүмкіндік беретін болған.
Империяның гүлденген заманында шет жұрттарда, тыс жерлерде орналастырылған рим
легиондарында кемінде 300 мың адам болатын: бұл орасан зор күш еді, ол римдіктердің
тактика мен қару-жарақтағы артықшылығының, сондай-ақ орталықтың күшті
салыстырмалы жылдам қайта топтастыру қабілетінің арқасында одан да тажалды күшке
айналып шыға келетін. (Бір ғажабы, халқы әлдеқайда көп астам держава Америка 1996
жылы өз иеліктерінің сыртқы шекараларын тысқары жерлерде 296 мың кәсіби солдатты
орналастырып қорғады.)
Римнің империялық билігі де алайда маңызды психологиялық нақты болмысқа сүйенді.
"Civis Romanus sum" ("Мен - Рим азаматымын") деген сөздер өзі - өзіне берген ең жоғары
баға, мақтаныш көзі және көп адамдар ұмтылатын нәрсе болатын. Рим азаматының биік
статусы, кейіннен тегі римдік емес адамдарға да берілген статус, империяның "ерекше
миссиясы" сезімін ақтайтын мәдени артықшылықтың көрінісі еді. Осынау нақты болмыс
римдік басқаруды заңдастырып қана қойған жоқ, Римге бағынғандарды
ассимиляцияланып, империялық құрылымға сіңісіп кетуге бейімдеді. Осылайша, билеп-
төстеушілер өзінен-өзі белгілі нәрсе деп қабылдаған және езілгендер мойындаған мәдени
артықшылық империялық билікті нығайтты.
Осынау ең жоғары және едәуір дәрежеде дау тудырмаған империялық билік үш ғасырдай
өмір сүрді. Белгілі - бір белесте көрші Карфаген мен шығыс шекарада Парфия империясы
қыр көрсеткенін санамасақ, нашар ұйымдастырылған және мәдени тұрғыдан Римнен көп
төмен тұрған сыртқы, негізінен варварлық әлем көбіне тек жекелеген шабуылдарға ғана
қабілетті болатын. Империя өзінің ішкі өміршеңдігі мен бірлігін ұстап тұрған кезде
сыртқы әлем онымен бәсекелесе алмайтын.
Сайып келгенде негізінен үш себеп Рим империясының күйреуіне алып келді. Біріншіден,
империя бір орталықтан басқару үшін тым үлкен болып кетті, алайда оны Батыс және
Шығыс империяларға бөлу оның билігінің монополиялық сипатын автоматты түрде
жойды. Екіншіден, ұзақ уақыт бойғы империялық тәкаппарлық мәдени гедонизм тудырды
да, ол саяси элитаның ұлылыққа ұмтылысын біртіндеп ірітіп жіберді. Үшіншіден, ұзаққа
созылған инфляция да жүйенің әлеуметтік құрбандыққа бармай-ақ өзін-өзі қолдап отыру
қабілетін бұзды, ал бұған азаматтар дайын емес еді. Мәдени азғындау, саяси бөлініс және
қаржылық инфляция қосыла келіп, Римді тіпті империя шекарасына жақын жатқан
варварлар үшін де дәрменсіз етіп жіберді.
Осы заманғы стандарттар бойынша Рим шын мәніндегі әлемдік держава болған жоқ, ол
аймақтық держава болатын. Бірақ континенттердің сол кезде орын алған оқшаулығын
ескерсек, тікелей немесе тіпті алыс жатқан бәсекелестердің болмауынан оның аумақтық
билігі толық болатын. Осылайша, Рим империясы өздігінен - ақ тұтас дүние болды, оның
басым саяси ұйымы мен мәдениеті оны кейінгі, географиялық ауқымы бойынша одан да
зор империялық жүйелердің ізашары етті.
Алайда тіпті жоғарыда айтылғандарды ескергеннің өзінде Рим империясы жападан
жалғыз еместін. Рим және Қытай империялары, бір-бірі туралы білмесе де, бір кезеңде