Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Батыс Еуропадан және оның христиандық діни дәстүрлерінен оқшаулау болды. Одан да
жаманы, бұл Орталық Еуропаның тұрғындары, көбіне әділетсіз түрде мәдени даму
жағынан өздерінен төмен деп есептеген халықтың үстемдігі деген сөз болатын.
"Ресей" деген сөз "бетпақ дала" дегенді білдіретін қытайлар оны одан да ашық
менсінбейтін. Бастапқыда қытайлар Мәскеудің кеңес үлгісінің әмбебаптығына дәмесіне
тыныш қана дау айтса, Қытай коммунистік революциясынан кейінгі ондаған жылдар
барысында олар Мәскеудің идеологиялық басымдығына табанды түрде қыр көрсету
деңгейіне көтерілді, тіпті солтүстік көршілерін-варварларды өзінің дәстүрлі менсінбеуін
ашық білдіре бастады.
Ақыр соңында, Кеңес Одағының өз ішінде оның орыс ұлтына жатпайтын 50 пайыз халқы
да Мәскеудің үстемдігімен келіспейтін. Орыс емес халықтардың біртіндеп саяси оянуы
украиндар, грузиндер, армяндар және әзірбайжандар кеңестік өкіметті мәдениеті
өздерінікінен жоғары емес деп санаған халықтың тарапынан жат империялық үстемдіктің
пошымы деп санай бастағанын білдіретін. Орталық Азияда ұлттық ұмтылыстар, бәлкім,
әлсіздеу болған шығар, бірақ ондағы халықтардың көңіл-күйін өздерінің ислам әлеміне
жататынын бірте-бірте барған сайын тереңірек түсіну үрлей түсті, бұл барлық жерде
жүргізіліп жатқан отарсыздандыру туралы мәліметтермен қуатталып отырды.
Бұрын болған көптеген империялар сияқты Кеңес Одағы сайып келгенде тікелей әскери
жеңілістің емес, экономикалық және әлеуметтік проблемалар жеделдеткен ыдырау
процесінің құрбаны болып іштен жарылды да, бөлшектеліп кетті. Оның тағдыры
ғалымның дөп тауып айтқан сөзін қуаттады: "...империялар өзінің негізінде тұрақсыз
болып табылады, өйткені бағынышты элементтер әрқашан дерлік автономияның жоғары
дәрежесін артық көреді, және бұл элементтердегі қарсы элиталар мүмкіндік туындағанда
ұдайы дерлік көбірек дербестікке қол жеткізу қадамдарын жасайды. Бұл мағынада
империялар күйремейді; олар, кейде аса жылдам болғанымен әдетте өте баяу бөлшектерге
бөлініп кетеді.
БІРІНШІ ӘЛЕМДІК ДЕРЖАВА
Бәсекелесінің күйреуі нәтижесінде Құрама Штаттар бірегей жағдайда болып шықты. Олар
бірінші және бірден-бір шын мәніндегі әлемдік державаға айналды. Дегенмен
Американың жаһандық үстемдігі, оның неғұрлым шектеулі, аумақтық ауқымына
қарамастан, кей тұрғыдан бұрынғы империяларды еске салады. Ол империялар өзінің
құдіреттілігінде вассалдық, тәуелді мемлекеттердің, протектораттар мен отарлардың
иерархиясына сүйенген еді де, империяға кірмейтіндердің бәрін әдетте варварлар деп
есептейтін. Осынау дәурені өткен терминология әлдене дәрежеде Қазіргі кезде
Американың ықпалындағы бірқатар мемлекеттер жөнінде оншалық өрескел де емес.
Өткен замандардағыдай, Американың "империялық" билікті қолдануы едәуір шамада
басқадан артық ұйымдастыра білудің орасан зор экономикалық және технологиялық
ресурстарды әскери мақсаттарда тез жұмылдыра білу қабілетінің, американ өмір
салтының жария емес, бірақ елеулі мәдени тартымдылығының, американ әлеуметтік һәм
саяси элитасының қарымдылығы мен туа біткен бәсекелестік рухының нәтижесі.
Бұл қасиеттер бұрынғы империяларға да тән болатын. Еске алдымен Рим түседі. Рим
империясы екі жарым ғасыр бойы алдымен солтүстік, сосын батыс және оңтүстік-шығыс
бағыттағы аумақтарды тұрақты экспансиялау жолымен, сондай-ақ Жерорта теңізінің бүкіл
жағалау сызығына пәрменді теңіз бақылауын орнату жолымен құрылған болатын.
Географиялық тұрғыдан ол өзінің шырқау шегіне шамамен б.д. 211 жылы жетті. Рим