Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
солдаттарының өздерінің туған жағалауларынан мыңдаған миль қашықтағы үнді - бирма
шекарасында қақтығысуы соғыстың жаһандық сипатын көрсеткен еді. Еуропа мен Азия
біртұтас шайқас алаңына айналды.
Егер соғыс нацистік Германияның анық жеңісімен аяқталғанда, біртұтас еуропалық
держава жаһандық ауқымдағы үстем күшке айналар еді. (Жапонияның Тынық мұхиттағы
жеңісі оған Қиыр Шығыста жетекші рөл ойнауға мүмкіндік берер еді, алайда
шынтуайтына келгенде, ол бұрынғысынша аумақтық ауқымдағы гегемон болып қала
берер еді.) Мұның орнына Германияның жеңілісі негізінен еуропалық емес екі
жеңімпаздың - Құрама Штаттар мен Кеңес Одағының - жеңісімен аяқталып, олар
Еуропада дүниежүзілік үстемдік үшін бітпей қалған даудың мұрагерлеріне айналды.
Бұдан кейінгі 50 жыл әлемдік үстемдік үшін екі полюстық американ - кеңес күресі
жағдайында өтті. Құрама Штаттар мен Кеңес Одағы арасындағы бақталастық кейбір
қырларында геосаясаткерлердің сүйікті теорияларының жүзеге асуы болатын: ол Атлант
мұхитында да, Тынық мұхитта да үстем әлемдегі жетекші әскери-теңіз державасын
еуразиялық жерлердің үлкен бөлігін алып жатқан дүние жүзіндегі ең ірі құрғақтағы
державаға қарсы қойды (және де кеңес-қытай блогы Монгол империясының көлемін анық
еске салатын кеңістікті қамтыды). Геосаяси орналасу мейлінше айқын болды: бүкіл дүние
жүзі үшін дауда Солтүстік Америка Еуразияға қарсы тұрды. Жеңімпаз жер шарындағы
шынайы үстемдікке қол жеткізер еді. Жеңіс түпкілікті болған бойда, бұған ешкім кедергі
бола алмас еді.
Қарсыластардың әрқайсысы бүкіл дүние жүзіне әрбірінің көз алдында өзінің қажетті
қадамдарын ақтап алатын және жеңістің сөзсіз болатындығына сенімін нығайтатын
тарихи оптимизмге толы идеологиялық ұранын таратты. Еуропаның өзінің аумағында
бірде-біріне ешқашан шешуші үстемдік етудің сәті түспеген әлемдік гегемония орнатуға
империялық еуропалық үміткерлерден өзгеше қарсыластардың әрқайсысы өзінің дербес
кеңістігі ішінде анық үстемдік жүргізді. Және де әрқайсысы өз идеологиясын өзінің
вассалдары мен тәуелді мемлекеттерінің үстінен орнатқан билігін нығайта түсу үшін
пайдаланды, ал бұл белгілі бір дәрежеде діни соғыстар заманын еске салатын.
Жаһандық геосаяси құлаш комбинациясы мен өзара жарысқа түскен догмалардың
жарияланып отырған әмбебаптығы бақталастыққа бұрын-соңды болмаған қуат берді.
Алайда жаһандық астарға толы қосымша фактор да бақталастықты шын мәнінде бірегей
етті. Ядролық қарудың пайда болуы негізгі екі бақталас арасындағы классикалық үлгідегі
болашақ соғыс тек өзара жойылып кетуге ғана жетелеп қоймай адамзаттың елеулі бөлігі
үшін құрып кету қаупін тудырады деген сөз болатын. Осылайша жанжалдың
интенсивтілігі екі қарсылас тарапынан да көрсетілген аса жоғары сабырлылық арқасында
тізгінделіп отырды.
Геосаяси тұрғыдан жанжал негізінен Еуразияның өзінің шет аймағында өтіп жатты. Қытай
- кеңес блогы Еуразияның көбірек бөлігінде үстемдік етті, алайда ол оның шет
аймақтарын бақылауда ұстаған жоқ. Солтүстік Америка ұлы Еуразия континентінің қиыр
батыс жағалауында да, қиыр шығыс жағалауында да орныға алды. Осынау континенттік
плацдармдарды қорғау (Батыс "майданда" бұл Берлинді құрсауға алудан, ал Шығыста -
Корей соғысынан көрінді), осылайша, кейін қырғи қабақ соғыс ретінде белгілі болған
нәрсенің алғашқы стратегиялық сынағы өтті.
Қырғи қабақ соғыстың соңғы сатысында Еуразия картасында үшінші - Оңтүстік -
қорғаныс "майданы" пайда болды. Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға басып кіруі