Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жетекші индустриялық мемлекет дәрежесінен айырды. Экономикалық өсудің осынау
тамаша динамикасына эксперименттер мен жаңашылдықты ынталандыратын мәдениет
септесті. Американ саяси институттары мен еркін базар экономикасы талабы таудай,
соқыр сенімнен ада өнертапқыштар үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер жасады,
олардың төл ұмтылыстарының жүзеге асуына бөгет болатын күні өткен артықшылықтар
немесе қатаң әлеуметтік иерархиялық талаптар жоқ еді. Қысқасы, ұлттық мәдениет ең
талантты адамдарды шетелден тарта және тез сіңіре отырып, бірегей түрде экономикалық
өсуге қолайлы болды, ол ұлттық құдіреттің экспансиясын жеңілдетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыс американ қарулы күштерін Еуропаға жаппай төгу үшін
алғашқы мүмкіндік болды. Салыстырмалы түрде оқшау болған ел бірнеше жүз мың
әскерін тез арада Атлант мұхитынан өткізіп жіберді: бұл өзінің көлемі мен ауқымы
жағынан бұрын-соңды болмаған трансмұхиттық әскери экспедиция, халықаралық аренада
жаңа ірі қатысушының пайда болғанын паш ететін тұңғыш айғақ болатын. Соғыстың
сондай-ақ еуропалық мәселелерді шешуде американ принциптерін қолдануға бағытталған
алғашқы ірі дипломатиялық қадамдарды туындатуының маңызы да одан кем емес болып
көрінеді. Вудро Вильсонның атақты "он төрт тармағы" еуропалық геосаясатқа
американдық күш-құдіретпен қуатталған американ идеализмін сіңіру болды. (Содан он
бес жылдай бұрын Құрама Штаттар Ресей мен Жапония арасындағы қиыршығыстық
жанжалды реттеуде жетекші рөл атқарған болатын, сөйтіп сол арқылы өзінің өскелең
халықаралық статусын тағы бір беркіте түскен еді). Осылайша, американ идеализмі мен
американ күшінің қорытпасы өзін дүниежүзілік аренада мәлім етті.
Дегенмен, анығын айтқанда, бірінші дүниежүзілік соғыс жаһандық емес, бірінші кезекте
еуропалық соғыс болды. Алайда оның қиратқыш сипаты қалған дүниеден еуропалық
саяси, экономикалық және мәдени артықшылықтың аяқталуының басы болды. Соғыс
барысында бірде-бір еуропалық мемлекет өзінің шешуші басымдығын көрсете алмады,
және оның ақтық нәтижесіне салмағы өсіп келе жатқан еуропалық емес мемлекеттің -
Американың жанжалға араласуы елеулі ықпал етті. Бұдан кейін Еуропа жаһандық
саясаттың субъектісінен гөрі, барған сайын объектісіне айнала берді.
Дегенмен, Американың дүниежүзілік көшбасшылығының осынау қысқа шарықтауы бұл
елдің дүниежүзілік істерге тұрақты араласуына алып келген жоқ. Керісінше, Америка өзі
үшін тәуір санайтын оқшаулану мен идеализм комбинациясы шебіне тез шегінді. 20-
жылдардың ортасы мен 30-жылдардың басында Еуропа континентінде тоталитаризм бел
ала бастаса да, сол кезге екі мұхитта да британ әскери - теңіз күштерінен анық басым
түсетін қуатты флоты бар Америка мемлекеті бұрынғысынша халықаралық істерге
қатыспады. Американдар дүниежүзілік саясаттан тыс тұрғанды жөн көрді.
Америкаға континенттік арал ретіндегі көзқарасқа негізделетін американ қауіпсіздік
тұжырымдамасы осынау позициямен сәйкес келетін. Американ стратегиясы өз
жағалауларын қорғауға бағытталған болатын, демек, өз сипаты бойынша ұлттық тар
мағынада еді, және де халықаралық немесе жаһандық пиғылдарға аз көңіл бөлінетін.
Негізгі халықаралық ойыншылар бұрынғысынша еуропалық мемлекеттер болды, және
Жапонияның рөлі барған сайын өсе берді.
Дүниежүзілік саясаттағы еуропалық дәуір екінші дүниежүзілік соғыстың, шын мәнісіндегі
жаһандық соғыстың барысында ақтық аяқталуына жетті. Әскери қимылдар бір мезетте үш
құрлықта жүрді, Атлант және Тынық мұхиттары үшін қиян-кескі шайқастар болды, өте
алыс орналасқан батысеуропалық аралдың және соншалықты алыста жатқан
шығысазиялық аралдың тиісінше өкілдері болып табылатын британ және жапон