Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Збигнев БЖЕЗИНСКИЙ
ҰЛЫШАХМАТ ТАҚТАСЫ
(1928) Збигнев Бжезинский - поляк тектес американдық, 1928 жылы Львов қаласында
туған, американ әлеуметтанушысы және мемлекет қайраткері. "Постиндустриялық
қоғам" теориясы нұсқаларының бірі - "технотронды қоғам" тұжырымдамасының
авторы. 1977- 1981 жылдары президент Дж. Картердің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі
көмекшісі болды. Бүгінде Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының
кеңесшісі және Джон Хопкинс атындағы университеттің Осы заманғы халықаралық
зерттеулер мектебінің американ сыртқы саясаты профессоры.
АҚШ-тың
Каспий
-
Орталық
Азия
аймағындағы
мұнай
геосаясаты
тұжырымдамасының авторы. 1997 жылы Збигнев Бжезинский өзінің ең танымал "Ұлы
шахмат тақтасы" кітабын жариялады. Онда ол бір полярлық, дүние жағдайындағы
АҚШ-тың планетарлық үстемдігінің іргелі принциптерін тұжырымдады.
1 – тарау
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ГЕГЕМОНИЯ
ГЕГЕМОНИЯ ДА ДҮНИЕ СИЯҚТЫ КӨНЕ.
Алайда
дүниежүзілік
американдық
артықшылық
өзінің
қалыптасуының
қарыштылығымен, жаһандық ауқымдарымен және жүзеге асыру тәсілдерімен
ерекшеленеді. Тек бір ғана ғасырдың бойында Америка ішкі өзгерістердің, сондай-ақ
халықаралық оқиғалардың ширақ дамуының арқасында Батыс жарты шардағы
салыстырмалы түрде оқшауланған елден мүдделері мен ықпалының құлашы бойынша
дүниежүзілік ауқымдағы державаға айналды.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҮСТЕМДІКТІҢ ЖАҚЫН ЖОЛЫ
1898 жылғы испан-американ соғысы Америка үшін континент шегінен тыс алғашқы
басып алушылық соғысы болды. Соның арқасында Американың билігі Тынық мұхит
аймағына, Гавайядан асып Филиппинге дейін жайылды. Жаңа ғасырдың табалдырығында
стратегиялық жоспарлау жөніндегі американ мамандары екі мұхиттағы әскери-теңіз
үстемдігі доктринасын әзірлеумен белсене айналысты, ал американ әскери-теңіз күштері
Британия "теңіздерді билейді" деген қалыптасқан пікірге дау айта бастады.
Американдардың осы ғасырда бұрынырақ "Монро доктринасында" жария етілген және
"тағдырдың жазуы" туралы тұжырымдарды ақтайтын Батыс жарты шарда қауіпсіздіктің
бірден-бір сақтаушысы мәртебесіне дәмесі Панама каналы тартылғаннан кейін
бұрынғыдан арта түсті, өйткені ол канал Атлант мұхитында да, Тынық мұхитта да әскери-
теңіз үстемдікті жеңілдете түскен еді.
Американың
өскелең
геосаяси
кеудемсоқтығының
іргетасы
елдің
жедел
индустриялануымен қамтамасыз етілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталардың алдында
Американың экономикалық әлуеті әлемдік ЖҰӨ-нің 33% құрап, бұл Ұлыбританияны