Page 23 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Геосаяси орталықтар дегеніміз - мән-маңызы олардың күш-қуаты мен сарындарынан емес,
көбіне-көп олардың маңызды жерлерде орналасуын және геостратегиялық қатысушы
тұлғалар тарапынан жасалатын қарекеттер тек ықтимал әлсіздіктерінің зардабынан
балалайтын мемлекеттер. Геосаяси орталықтар бәрінен жиі өздерінің географиялық
жағдайынан орын алады, бұл жағдай бірқатар тұстарда оларға не маңызды аудандарға
енуді бақылау тұрғысынан, не маңызды геосаяси қарекет жасайтын тұлғаларға ресурстар
алуға рұқсат бермеу мүмкіндігі тұрғысынан ерекше рөл береді. Басқа бір жағдайларда
геосаяси орталық мемлекет үшін немесе тіпті геосаяси аренада өмірлік маңызы бар аймақ
үшін қалқан ретінде қимылдай алады. Кейде геосаяси орталықтың орын аяуының өзінің
неғұрлым белсенді көрші жатқан гео - стратегиялық қарекет жасаушы тұлғалар үшін өте
елеулі саяси және мәдени салдарлары болады дей аламыз. Қырғи қабақ соғыстан кейінгі
кезеңнің өзекті еуразиялық геосаяси орталықтарын анықтап алу, сондай-ақ оларды қорғау,
осылайша, Американың жаһандық геостратегиясының принципті қыры болып табылады.
Сондай-ақ әу бастан мынаны атап өту керек, барлық гео - стратегиялық қарекет жасайтын
тұлғалар көбіне-көп маңызды да қуатты елдер болатындығына қарамастан, маңызды да
қуатты елдердің бәрі бірдей автоматты түрде геостратегиялық қаракет жасайтын
тұлғаларға айналмайды. Мәселен, гео - стратегиялық қарекет жасайтын тұлғаларды
сондайларға жатқызу салыстырмалы түрде оңай болғанымен, мұндай тізбеде кейбір айдан
анық маңызды елдердің болмауы негіздеуді талап етуі мүмкін.
Ағымдағы жағдайда бүкіл әлем ауқымында гео - стратегиялық қарекет жасайтын бері
салғанда бес тұлға мен бес геосаяси орталық (бұл орайда соңғы екеуі бәлкім, қарекет
жасайтын тұлға ретінде ішінара топтастырып жіктелуі мүмкін) Еуразияның жаңа саяси
картасында сондайларға жатқызыла алады. Франция, Германия, Ресей, Қытай және
Үндістан ірі де белсенді фигуралар болып табылса, Ұлыбритания, Жапония және
Индонезия (баршаның мойындауынша, өте маңызды елдер) осындай топтастырып
жіктеуге жатпайды. Украина, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Түркия және Иран принциптік
маңызды геосаяси орталықтар рөлін ойнайды, дегенмен Түркия да, Иран да - өздерінің
біршама шектеулі мүмкіндіктерінің шегінде - сондай-ақ гео - стратегиялық белсенді елдер
болып табылады. Олардың әрқайсысы туралы алдағы тарауларда кеңірек айтылады.
Аталмыш сатыда Еуразияның батыс қиырында Франция мен Германия өзекті де серпінді
гео - стратегиялық қарекет жасайтын тұлғалар екендігін айта кету жеткілікті. Олардың
екеуі үшін де сарындама біріккен Еуропаның бейнесі болып табылады, алайда олар
мұндай Еуропа Америкамен қаншалықты және қалай байланысқан түрде қалуы керектігі
жөніндегі пікірлерде алшақ кетеді. Бірақ екеуі де Еуропада амбициялық жаңа бірдеңе
түзгісі, сөйтіп, статус-квосын өзгерткісі келеді. Атап айтқанда, Францияда Еуропаның төл
геостратегиялық тұжырымдамасы бар, ол тұжырымдама кейбір маңызды тұстарда Құрама
Штаттардың тұжырымдамасынан өзгешеленеді, және ол Ресейді Американың алдында, ал
Ұлыбританияны Германияның алдында өздерін тиімсіз жағынан көрсетуге мәжбүр етуге
бағытталған тактикалық маневрлерге қатысуға бейім, бұл орайда ол өзінің салыстырмалы
әлсіздігінің есесін қайтару үшін тіпті франко-герман альянсына иек артады.
Ол-ол ма, Франция да, Германия да неғұрлым кең қимыл шеңберінің ауқымында ықпал
ету үшін жеткілікті күшті әрі тегеурінді. Франция бірігіп келе жатқан Еуропада орталық
саяси рөлге ұмтылып қана қоймайды, өзін біртұтас мүдделері бар жерортатеңіздік
солтүстікафрикалық елдер тобының ұйтқысы ретінде де қарастырады. Германия өзінің
Еуропаның ең маңызды мемлекеті - аймақтың экономикалық "сүйреткісі" және Еуропалық
Одақтың қалыптасып келе жатқан көшбасшысы - ретіндегі ерекше статусын барған сайын
түсініп келеді. Германия қайтадан эмансипацияланған Орталық Еуропа үшін ерекше