Page 24 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жауапты екенін сезеді, ал бұл бір шамада Орталық Еуропаға жетекшілік еткен Германия
туралы бұрынғы түсініктерді еске салады. Мұның үстіне, Франция да, Германия да
Ресеймен қарым-қатынаста оларға Еуропа мүдделерінің өкілі болу міндеті жүктелген деп
санайды, ал Германия географиялық жағдайына байланысты тіпті Ресеймен екі жақты
ерекше уағдаластықтардың, бері салғанда теориялық жағынан ұлы тұжырымдамасын
ұстанады.
Керісінше Ұлыбритания геостратегиялық фигура емес. Ол ұстанатын маңызды
тұжырымдамалар көп емес, Еуропаның болашағы туралы амбициялық жорамалдармен
өзін алдандырмайды, әрі оның салыстырмалы түрде құлдырауы оның Еуропадағы күштер
тепе-теңдігін ұстап тұратын мемлекеттің дәстүрлі рөлін ойнау мүмкіндігін де төмендетіп
жіберді. Еуропаны біріктіру туралы мәселедегі екі ұштылық, сондай-ақ Америкамен
әлсіреп бара жатқан ерекше өзара қатынастарға берілгендік Ұлыбританияны Еуропаның
болашағын таңдаудың маңызды нұсқалары тұрғысынан келгенде ешкімді
қызықтырмайтын мемлекетке айналдырды. Едәуір дәрежеде Лондон еуропалық ойыннан
өзін-өзі шығарды.
Еуропалық комиссиядағы бұрынғы жоғары лауазымды британ қайраткері сэр Рой Денман
өз мемуарларында сонау 1955 жылы Мессинада өткен конференцияда Еуропалық Одақ
құру туралы мәселе алдын ала қаралғанда Ұлыбританияның ресми өкілі Еуропа
архитекторларына үзілді-кесілді мынаны мәлімдегенін еске алады:
"Сіздер талқылап жатқан болашақ шартты баршаның мақұлдайтынына ерекше мүмкіндік
жоқ; ол бойынша келісуге қол жеткен күннің өзінде, оның іске асатынына ерекше
мүмкіндік жоқ. Ал ол іске асқанның өзінде Ұлыбритания үшін мүлдем қабылданбас нәрсе
болып шығады... Сау болыңыздар, мырзалар! Сәттілік тілеймін".
40 жылдан астам уақыт өткенімен жоғарыда айтылған сөздер едәуір дәрежеде шынайы
біріккен Еуропа құруға Ұлыбританияның принципті қатынасының анықтамасы болып
қалып отыр. Ұлыбританияның белгіленгеніндей 1999 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс
істей бастайтын Экономикалық және Монетарлық одаққа қатысқысы келмеуі бұл елдің өз
тағдырын Еуропамен байланыстыруға құлықты емес екендігін көрсетеді. Бұл көзқарастың
мәнісі 90-жылдардың басында-ақ тамаша қорытылған болатын:
-
Ұлыбритания саяси бірігу мақсатын қабылдамайды;
-
Ұлыбритания еркін сауда негізінде экономикалық бірігу моделін басқасынан артық
көреді;
-
Ұлыбритания сыртқы саясатты, қауіпсіздікті және қорғанысты Еуропалық
қоғамдастықтың (ЕҚ) құрылымдық шеңберінен тыс үйлестіргенді жон көреді;
-
Ұлыбритания ЕҚ - да өз беделін толығымен сирек пайдаланады.
Ұлыбритания, сене беріңіз, Америка үшін өзінің маңызын әлі де сақтап келеді. Ол
Қоғамдастық арқылы белгілі бір жаһандық ықпал етуде, бірақ енді тыным таппайтын ірі
держава болып табылмайды, нақ сол секілді оның қарекеттері амбициялық армандармен
сарындалмайды: ол Американың негізгі жақтасы, өте лоялды одақтасы, өмірлік маңызы
бар әскери базасы және принципті маңызды барлау жұмысында сенімді әріптесі болып
табылады. Оның достығына нәр беpiп отыру керек, бірақ оның саяси бағыты қалт
жібермей қадағалап отыруды талап етпейді. Ол - тамаша табыстарға масаттанған, қазіргі