Page 21 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Ұлттық билеп-төстеуші элиталар мынаны мойындауға барған сайын жақындай түсуде:
мемлекеттің ұлттық статусын немесе сол мемлекеттің халықаралық ықпалының дәрежесін
анықтауда аумақтық емес, басқа факторлар неғұрлым принципті көрінеді. Экономикалық
ерлік және оның технологиялық инновацияларда іске асуы да күштің өзекті өлшемі бола
алады. Мұның ең әуелгі мысалы - Жапония. Дегенмен, мемлекеттің тікелей
басымдықтарын оның географиялық жағдайы анықтайтын тенденция әлі де орын алып
отыр: мемлекеттің әскери, экономикалық және саяси қуаты неғұрлым көп болса,
мемлекеттің, өзінің тікелей көршілерінен басқа, өмірлік геосаяси мүдделерінің,
ықпалының және араласуының радиусы соғұрлым көп.
Күні кешелерге дейін геосаясат саласындағы жетекші талдаушылар теңіздегі биліктен
құрғақтағы биліктің маңызы көбірек пе, және бүкіл континентке бақылау орнату
тұрғысынан Еуразияның нақты қандай аймағы өмірлік маңызды деген мәселе төңірегінде
айтысып келді. Ең көрнекті гео - саясаткерлердің бірі Харольд Мак-Киндер осы ғасырдың
басында (автор XX ғасырды айтады ред.) үлкен пікірталастың бастамашысы болды, сол
пікірталастан кейін оның еуразиялық "тірек аумағы" тұжырымдамасы (ол бойынша, оған
бүкіл Сібір мен Орталық Азияның үлкен бөлігі кіруі тиіс - тін), ал кейінірек - континентте
басым болу үшін өмірлік маңызды плацдарм ретіндегі Орталық және Шығыс Еуропаның
"жүрегі" тұжырымдамасы дүниеге келді. Ол өзінің "жердің өзегі" тұжырымдамасын
атақты афоризмімен насихаттарды:
Шығыс Еуропаны кім билесе, сол жердің Жүрегіне ие;
Кім жердің Жүрегін билесе, сол Әлемдік Аралға (Еуразияға) ие;
Кім Әлемдік Аралды билесе, сол әлемге ие.
Германияның кейбір жетекші саяси географтары өз елінің "Drang nach Osten" (Шығысқа
ұмтылу) ұранын, оның ішінде Карл Хаусхофердің Маккиндер тұжырымдамасын герман
стратегиялық қажеттіліктеріне бейімдеуін негіздеу үшін гео - саясатқа мойын бұрды. Бұл
тұжырымдаманың неғұрлым тұрпайы жаңғырығын Адольф Гитлердің неміс халқының
"Lebensraum-Fa" (тіршілік кеңістігі) мұқтаждығын атап көрсетуінен аңғаруға болады. Осы
ғасырдың бірінші жартысындағы кейбір еуропалық ойшылдар геосаяси баланыстың
шығысқа қарай ойысатынын күні бұрын көре білді бұл орайда Тынық мұхит аймағы, атап
айтқанда Америка мен Жапония, құлдырау кезеңіне енген Еуропаның ізбасарына айналуға
тиіс-тін. Осынау ойысудың алдын алу үшін француз саяси географы Поль Деманжон,
басқа да француз гео - саясаткерлері сияқты, тіпті екінші дүниежүзілік соғыстың алдында-
ақ еуропалық мемлекеттердің неғұрлым тығыз бірігуін жақтаған болатын.
Бүгінде геосаяси мәселе енді Еуразияның қай географиялық бөлігі континентке үстемдік
жүргізу үшін темірқазық болып табылады, немесе құрғақтағы билік маңызды ма, әлде
теңіздегі билік маңыздырақ па дегенге саймайды. Геосаясат аймақтық ой жүйесінен
жаһандық ой жүйесіне ілгеріледі, бұл орайда бүкіл Еуразия континентіндегі артықшылық
ғаламдық басшылық үшін басты негіз қызметін атқарады. Қазіргі кезде халықаралық
ауқымдағы басшы еуропалық емес держава, Құрама Штаттар, бұл орайда оның билігі
Еуразия континентінің үш шет аймағына тікелей таралған, ол солардың позициясынан
оның ішкі аудандарында орналасқан мемлекеттерге зор ықпалын жүзеге асырып отырады.
Бірақ нақ жер бетіндегі ең маңызды соғыс қимылдары театрында - Еуразияда - қандай да
бір сәтте Америкамен ықтимал бақталастық пайда болуы мүмкін. Осылайша назарды
негізгі қатысушы тұлғаларға шоғырландыру және қарекет театрын дұрыс бағалау АҚШ-
тың Еуразиядағы геосаяси мүдделеріне болашағы бар басшылық жасау тұрғысынан