Page 19 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
гегемониясы шешуші ықпал жасауды көздейді, бірақ, бұрынғы империялардан өзгеше ол
тікелей басқаруды жүзеге асыруға ниеттенбейді. Нақ Еуразияның көлемі мен сан
алуандығы, сондай-ақ оның кейбір мемлекеттерінің құдіреттілігі американ ықпалы мен
оқиғалар барысын бақылауда ұстаудың ауқымын шектейді. Осынау мегақұрлық тіпті
экономикалық тұрғыдан ең табысты және саяси тұрғыдан аса көрнекті әлемдік державаға
да бағына қояды деуге жай ғана ғаламат үлкен, халқы тым тығыз қоныстанған, мәдени
тұрғыдан сан алуан және тарихи жағынан кеудемсоқтығы мол әрі саяси жағынан жігерлі
мемлекеттерді қамтиды. Бұл - геостратегиялық шеберліктің, байтақ еуразиялық шахмат
тақтасында
американ
ресурстарының
мұқият
таңдалып,
өте
салмақты
орналастырылуының маңызы зор екендігін туындатады.
Сондай-ақ мына бір нәрсе де факт: Америка өз үйінде тым демократияшыл болғандықтан,
шекарадан тыс жерде диктатор бола алмайды. Бұл американ қуатын қолдану, әсіресе оның
әскери үрей тудыру мүмкіндігін шектейді. Популистік демократия бұрын ешқашан
халықаралық үстемдікке жете алған емес. Бірақ құдіреттіліке ұмтылыс, күтпеген қатер
пайда болған немесе ішкі бақуаттылықты қоғамдық түйсінуге қыр көрсетілетін
жағдайлардан басқа реттерде, халық энтузиазмына бағыт беретін мақсат болып
табылмайды. Күрес барысында талап етілетін экономикалық жанқиярлық (яғни, әскери
шығындар) және адами жан пида (тіпті кәсіби әскерилердің арасындағы құрбандық)
демократиялық инстинкттермен тоқайласпайды. Демократия империялық жұмылдыруға
дұшпан.
Ол-ол ма, американдардың көпшілігі өз елінің бірден-бір дүниежүзілік астам держава
ретіндегі жаңа статусынан жалпы алғанда ешқандай ерекше қанағат таба алмайды.
Американың қырғи қабақ соғыстағы жеңісіне байланысты саяси "триумфализм", жалпы
алғанда, салқын қабылданды әрі ең либералдық пиғылдағы комментаторлардың бір бөлігі
тарапынан мысқыл объектісіне айналды. Тегінде, Америка үшін бұрынғы Кеңес
Одағымен жарыстағы оның тарихи жеңісінің салдарына едәуір әрқилы екі көзқарас, саяси
тұрғыдан барынша тартымды болар: бір жағынан, қырғи қабақ соғыстың аяқталуы,
Американың жер шарындағы беделі үшін, салдарларға қарамастан, әлемдегі американдық
белсенділіктің едәуір төмендегенін ақтайды деген пікір бар; екінші жағынан - шынайы
интернационалдық көп жақты қызмет заманы туды, сол үшін Америка тіпті өз
егемендігінің бір бөлігін беруге тиіс, деген көзқарас бар. Екі идеялық мектептің де
өздерінің кәміл сенімді жақтастары бар.
Американ басшылығының алдында тұрған дилемма әлемдік жағдайдың өзінің
сипатындағы өзгерістермен күрделілене түседі: тікелей күш қолдану қазір өткен
замандардағыдай оңай шаруа емес. Ядролық қару-жарақ саясат немесе тіпті қоқан-лоққы
құралы ретіндегі соғыстың пайдалылығын едәуір кемітті. Мемлекеттердің өскелең
экономикалық өзара тәуелділігі экономикалық бопсаның саяси мақсатта қолданылуын
пәлендей табысты етпейді. Осылайша, маневр жасау, дипломатия, коалициялар құру,
кооптация және саяси көзірлерді өте салмақтап пайдалану еуразиялық шахмат тақтасында
геостратегиялық билікті ойдағыдай жүзеге асырудың негізгі құрамдас бөліктеріне
айналды.
ГЕОСАЯСАТ ЖӘНЕ ГЕОСТРАТЕГИЯ