Page 18 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Сондай-ақ Еуразияда әлемнің саяси жағынан ең белсенді және серпінді мемлекеттері
орналасқан. Құрама Штаттардан кейінгі келесі ең ірі алты экономика және қарулануға ең
көп қаржы жұмсайтын алты ел Еуразияда жатыр. Біреуінен басқа, барлық ашық ядролық
державалар да, біреуінен басқа, барлық жасырын ядролық державалар да Еуразияда.
Аймақтық гегемонияға және жаһандық ықпалға ең көп халқы бар екі үміткер Еуразияда.
Американың артықшылығына барлық ықтимал саяси және/немесе экономикалық қыр
көрсету Еуразиядан шығады. Жиынтығында еуразиялық құдірет американ құдіретінен
әлдеқайда асып түседі. Американың бағына қарай, саяси тұрғыдан біртұтас болуға
Еуразия тым ұлан-ғайыр.
Осылайша, Еуразия жаһандық үстемдік үшін күрес жалғасып жатқан шахмат тақтасы
болып табылады. Геостратегияны - геосаяси мүдделерді стратегиялық басқаруды -
шахматпен салыстыруға болса да, біршама сопақшалау болып келетін еуразиялық шахмат
тақтасында екі емес, бірнеше ойыншы ойнауда, олардың әрқайсысының әртүрлі билік
дәрежесі бар. Жетекші ойыншылар шахмат тақтасының батыс, шығыс, орталық және
оңтүстік бөліктерінде орналасқан. Шахмат тақтасының батыс бөлігінде де, шығыс
бөлігінде де адам тығыз орналасқан аймақтар бар, олар салыстырмалы түрде халқы тым
көп кеңістікте бірнеше құдіретті мемлекетті құрайды. Ал Еуразияның шағын батыс шет
аймағына келсек Американың қуаты тікелей сонда өрістетілген. Барған сайын қуатты да
тәуелсіз болып келе жатқан, орасан зор халықты бақылауда ұстайтын ойыншының мекені
- Қиыр Шығыстық материк - әлгі ойыншының бірнеше жақын аралдарға қамалған жігерлі
қарсыласының аумағы мен шағын қиыршығыстық түбектің жартысы американдық
үстемдіктің енуіне жол ашады.
Батыс және шығыс қиырлардың арасындағы кеңістікте халықтың тығыздығы шамалы, ол
қазіргі кезде саяси тұрақсыз және ұйымдық тұрғыдан бөлшектенген ұлан-ғайыр орта
кеңістік болып табылады, бұл кеңістікті бұрын американ басымдығының құдіретті
бәсекелесі, бір кезде Американы Еуразиядан ығыстырып шығаруды мақсат еткен
бәсекелес алып жатқан-ды. Осынау үлкен орталық еуразиялық үстірттің оңтүстігінде
саяси тұрғыдан анархиялық, бірақ энергетика қорларына бай, шығыс мемлекеттері үшін
де, батыс мемлекеттері үшін де ықтимал маңызы зор, өзінің оңтүстігінде халқы тығыз,
аймақтық гегемониядан үміткер елі бар аймақ жатыр.
Осынау орасан зор, жиектері таң қаларлық, Лиссабоннан Владивостокқа дейін созылып
жатқан еуразиялық шахмат тақтасында "ойын" фигуралары орналасқан. Егер орталық
бөлікті Америка басым Батыстың кеңіп келе жатқан орбитасына енгізу мүмкін болса, егер
оңтүстік аймақта бір ойыншы үстем болып шықпаса және егер Шығыс Американы өзінің
теңіздің арғы бетіндегі базаларын тастап кетуге мәжбүр ететіндей ғып бірікпесе, онда
Америка жеңіске жетеді деуге болады. Бірақ егер орталық бөлік Батысқа тойтарыс берсе,
белсенді біртұтасқа айналса, не Оңтүстікті бақылауда ұстаса, не ірі шығыс мемлекеті
қатысатын одақ құрса, онда Американың Еуразиядағы жетекші рөлі күрт тарылады. Егер
екі ірі шығыс ойыншысы әйтеуір бір жолмен біріге алса да, солай болып шығады. Ақыр
соңында, егер батыстық әріптестер Американы оның батыс шет аймақта жайласқан
жерінен қуып шықса, бұл Американың еуразиялық шахмат тақтасындағы ойынға
қатысуының автоматты түрде тәмамдалуы деген сөз, тіпті егер бұл, тегінде, сайып
келгенде орталық бөлікте орналасқан тірілген ойыншыға батыс қиырды бағындыру деген
сөз болса да, солай болып шығады.
Жұрттың бәрі мойындайтынындай, американ жаһандық гегемониясының ауқымы тым
үлкен, бірақ терең емес, оны ішкі де, сыртқы да шектеулер тізгіндеп отырады. Американ