Page 16 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
валюта қоры (ХВҚ) және Дүниежүзілік банк жаһандық мүдделерді білдіреді деуге болады,
ал олардың клиенттері деп бүкіл дүние жүзін атауға болады. Алайда, шын мәнінде, оларда
американдар басым және соларды құруда, атап айтқанда 1944 жылғы Бреттон-Вудтегі
конференцияда, Американың бастамашылығы байқалады.
Бұрынғы империялардан өзгеше осынау ұлан-байтақ әрі күрделі жаһандық жүйе
иерархиялық пирамида болып табылмайды. Керісінше, Америка өзара тәуелді ғаламның,
ұдайы маневр жасау, диалог, диффузия және пошымдық консенсусқа ұмтылыс арқылы
жүзеге асырылатын ғаламның кіндігінде тұр, дегенмен бұл билік сайып келгенде бір ғана
көзден - атап айтқанда, Вашингтоннан, Колумбия округінен шығады. Және билік
өрісіндегі саяси ойындар нақ осында, әрі Американың ішкі ережелері бойынша жүргізілуі
тиіс. Бәлкім, дүние жүзі американ жаһандық гегемониясындағы демократиялық процестің
басты орын алатынына ең жоғары мадағы шет елдердің өзінің ішкіамерикандық саяси
мәмілелерге қатысу дәрежесі болып табылар. Қаншалықты мүмкін екендігіне қарай шет
елдердің үкіметтері этностық жағынан немесе діни тамырлас американдарды
ынтымақтастыққа тартуға тырысады. Шетелдік үкіметтердің көпшілігі сондай - ақ өз
мәселелерін, әсіресе конгресте, ілгерілету үшін, американ астанасында тіркеліп жұмыс
істейтін мыңға жуық шетелдік "мүдделер топтарына" қосымша, американдық лоббистерді
жалдайды. Американдық этностық қауымдар да американ сыртқы саясатына ықпал етуге
тырысады, бұл орайда әсіресе еврей, грек және армян лоббиі ең тиімді ұйымдасқан лобби
ретінде қимылдайды.
Американдық артықшылық, осылайша, жаңа халықаралық тәртіпті туындатты, ол
американдық жүйенің көптеген белгілерін шет елдерде көшіріп алып қана коймай,
қайталап жатады. Оның негізгі сәттері мыналарды қамтиды:
-
ұжымдық қауіпсіздік жүйесі, соның ішінде біріккен командование және қарулы
күштер, мысалы, НАТО, Қауіпсіздік туралы американ-жапон шарты және т.б.;
-
аймақтық экономикалық ынтымақтастық, мысалы, АРЕС, NAFTA (Еркін сауда
туралы солтүстікамерикалық келісім), және мамандандырылған жаһандық ынтымақтастық
ұйымдары, мысалы, Дүниежүзілік банк, ХВҚ, ДЕҰ (Дүниежүзілік еңбек ұйымы);
-
тіпті Құрама Штаттардың басымдығы тұсында да бірлескен шешімдер қабылдауға
ерекше назар аударатын процедуралар;
-
өзекті одақтарда демократиялық мүшелікті артық көру;
-
бастапқы жаһандық конституциялық және заңгерлік құрылым (Халықаралық
Соттан бастап Босниядағы әскери қылмыстарды қарау жөніндегі арнайы трибуналға
дейін).
Бұл жүйенің үлкен бөлігі қырғи қабақ соғыс кезінде Құрама Штаттардың өзінің жаһандық
бәсекелесі - Кеңес Одағын тізгіндеуге бағытталған күш-жігерінің бір бөлігі ретінде пайда
болды. Осылайша, ол осынау бәсекелестің іргесі шайқалып, Америка бірінші және бірден-
бір жаһандық державаға айналған бойда жаһандық қолданысқа дайын тұрған еді. Бұл
жүйенің мәнісін саясаттанушы Дж. Джон Айкенберри жақсы баяндап берді:
"Ол Құрама Штаттардың төңірегінде шоғырланғаны және американдық үлгінің саяси
механизмдері мен ұйымдық принциптерін бейнелеуі мағынасында гегемонистік жүйе
болды. Ол заңды болғандықтан және екі жақты ықпалдастықпен сипатталғандықтан,