Page 15 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
кезде бұрынғы коммунистік елдердің азаматтардың әскерилерден басымдығын
мойындауына да (әсіресе НАТО-ға мүше болу үшін алғышарт ретінде) жай адамдар мен
әскерилердің арасындағы қатынастардың американдық жүйесі күшті ықпал етті.
Демократиялық американ саяси жүйесінің танымалдығы мен ықпалы сондай-ақ
американдық кәсіпкерлік экономикалық модельдің тартымдылығының өсуімен қатар
жүріп отырады, ол модель әлемдік еркін сауда-саттыққа және кедергісіз бәсекелестікке
ерекше назар аударады. Жаппай дәулетті батыс мемлекеті, соның ішінде оның кәсіпкерлер
мен кәсіподақтар арасындағы мәселелерді "шешуге қатысу құқығына" германдық баса ден
қою өзінің экономикалық серпінділігінен айрыла бастау шамасына қарай, барған сайын
көптеген еуропалықтар, егер Еуропа бұдан бетер кері кетсін демесек, неғұрлым бәсекеге
қабілетті және тіпті қатыгез американ экономикалық мәдениетінен үлгі алуы керек деген
пікір білдіре бастады. Тіпті Жапонияда экономикалық тәртіптегі көбірек индивидуализм
экономикалық табыстың қатар жүретін қажетті шарты ретінде мойындалады.
Американың саяси демократияға және экономикалық дамуға баса назар аударуы,
осылайша, көп жағдайда қолдануға болатын қарапайым идеологиялық жаңалықты
ұштастырады: жеке табысқа ұмтылыс байлыққа кенелте отырып, бостандықты нығайтады.
Идеализм мен эгоизмнің ақтық қоспасы күшті комбинация болып табылады.
Индивидуалдық өзін-өзі таныту, айта беретініміздей, құдай берген құқық, ол үлгі көрсете
отырып және байлық жасай отырып, бір мезгілде басқаларға пайда келтіре алады. Бұл
энергетикасымен, амбицияларымен және жоғары бәсекеге қабілеттілігімен тартып
тұратын доктрина.
Американдық даму жолына еліктеу біртіндеп бүкіл әлемге жайылып келе жатқандықтан,
бұл жанама және бір қарағанда консенсустық американдық гегемония орнату үшін
неғұрлым қолайлы жағдай жасайды. Ішкі американдық жүйе жөніндегі жағдайдағыдай,
осынау гегемония өзара тәуелді институттар мен өзінің соңынан билік пен ықпал
саласында консенсус пен байқалмайтын асимметрия жасауға арналған процедуралардың
кешенді құрылымын ілестіре жүреді. Американдық жаһандық артықшылық, осылайша,
бүкіл дүние жүзін матаған одақтар мен коалициялардың күрделі жүйесімен нығайтылады.
Солтүстік Атлантика Шарты ұйымы (НАТО) Еуропаның ең дамыған және ықпалды
мемлекеттерін Америкамен байланыстырып, Құрама Штаттарды тіпті ішкіеуропалық
істерде де басты қатысушы тұлғаға айналдырады. Жапониямен екі жақты саяси және
әскери байланыстар ең қуатты азиялық экономиканы Құрама Штаттарға матайды, және де
сөйтіп Жапония іс жүзінде Американың протектораты болып отыр (бері салғанда, қазіргі
кезде). Америка сондай-ақ Азиялық - Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық
форумы (АРЕС) секілді, туындап келіп жатқан транстыныңмұхиттық көпжақты
ұйымдардың қызметіне қатыса отырып, аймақ істеріндегі басты қатысушы тұлғаға
айналып келеді. Батыс жарты шар негізінен сыртқы ықпалдан қорғаулы, мұның өзі
Америкаға жарты шардың орын алып отырған көп жақты ұйымдарында басты рөл ойнауға
мүмкіндік береді. Парсы шығанағындағы арнайы қауіпсіздік шаралары, әсіресе 1991
жылғы Иракқа қарсы қысқа жазалау операциясынан кейін, осынау экономикалық
тұрғыдан маңызды аймақты америка әскери қорығы аймағына айналдырды. Тіпті бұрынғы
кеңестік ұлан-байтақ өңірлерде де американдар материалдық тұрғыдан қолдау көрсетіп
отырған "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы секілді НАТО-мен неғұрлым
тығыз ынтымақтастықтың әрқилы схемалары таралды.
Мұның үстіне мамандандырылған ұйымдардың жаһандық желісін, әсіресе "халықаралық"
қаржы институттарын, американдық жүйенің бір бөлігі деп санау керек. Халықаралық