Page 14 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жұртшылықтың кең салтанатын туғызған жоқ, қайта шекарадан тыс жерлердегі американ
міндеттерін неғұрлым шектеулі тәпсірлеу тенденциясын аңғартты. 1995 және 1996
жылдарғы қоғамдық пікір сауалдамасы жалпы алғанда жұртшылық жаһандық билікті
жеке-дара пайдаланғаннан гөрі, оны басқалармен "бөліскенді" жөн санайтынын
айғақтады.
Осынау ішкі факторлар пәрменімен американдық жаһандық жүйе бұрынғы империялық
жүйелерге қарағанда өзіне жақындату әдістеріне әлдеқайда көбірек ерекше ден қояды
(жеңілген қарсыластары Германиямен, Жапониямен, одан кейін тіпті Ресеймен
болғанындай). Ол, тегінде тәуелді шетелдік элиталарға ықпалды жанама пайдалануға
кеңінен үміт артатын, сонымен бір мезгілде өзінің демократиялық принциптері мен
институттарының тартымдылығынан айтарлықтай пайда түсіретін секілді. Жоғарыда тілге
тиек болғандардың бәрі жаһандық коммуникациялар, халықтық сауық-сайран және
бұқаралық мәдениет саласындағы американдық үстемдіктің ауқымды, бірақ айқын сезіле
бермейтін ықпалы, сондай-ақ американдық технологиялық артықшылық пен барлық
жерде әскерлер орналастырудың ықтимал мен мұндалап тұрған ықпалы тарапынан демеп
отырылады.
Мәдени артықшылық американдық жаһандық қуаттың жете бағаланбаған қыры болып
табылады. Баз біреулер өзінің эстетикалық құндылықтары туралы не ойласа да,
американдық бұқаралық мәдениеттің магниттік тартуы, әсіресе дүние жүзінің жастары
үшін, ересен екені аян. Оның ұнамдылығы тегінде, ол уағыздайтын өмірді сүю сапасынан
бастау алатын болар, бірақ, оның бүкіл дүние жүзіндегі тартымдылығы даусыз. Американ
телевизиялық бағдарламалары мен фильмдері әлемдік базардың төрттен үшін алады.
Американдық жеңіл музыка да үстем жағдайға ие, және дүние жүзінде американдардың
қызығатындарына, олардың тамақ дағдыларына және тіпті киім киісіне еліктеу барған
сайын күшейе түсуде. Интернеттің тілі - ағылшын тілі, және жаһандық компьютерлік
"мылжыңның" басым бөлігі де Америкадан әрі жаһандық әңгімелердің мазмұнына ықпал
етеді. Ақыр соңында, Америка осы заманғы білім алғысы келетіндер үшін Меккеге
айналды; шамамен жарты миллиондай шетел студенттері Құрама Штаттарға ағылады,
және солардың ең қабілеттілерінен көп адам үйлеріне қайтпай қалады. Америка
университеттерінің түлектерін әрбір континентте әрбір дерлік үкіметтен табуға болады.
Көптеген шетелдік демократиялық саясаткерлердің стилі американдық стильге барған
сайын ұқсай түсуде. Тек Джон Ф. Кеннеди ғана шетелдерде қызу табынушыларын тауып
қойған жоқ тіпті бертіндегі (атақ-даңқы да шамалы) американ саяси көшбасшылары да
мұқият зерттеудің және саяси еліктеудің объектілеріне айналды. Жапон және ағылшын
мәдениеттері секілді әртүрлі мәдениеттердің саясаткерлері (мысалы, 90-жылдардың
ортасындағы жапон премьер-министр! Р.Хасимото мен британ премьер-министрі Тони
Блэр, - және белгілеп қойыңыз: "Тони" - "Джимми" Картерге, "Билл" Кпинтонға немесе
"Боб" Доулға еліктейді), Билл Кпинтонның үй ішіндегі мәнерін, ашық-жарқын популистік
сөйлесуін және жұртшылықпен қарым-қатынас тактикасын көшіріп алуды әбден орынды
деп білді.
Американ саяси дәстүрлерімен байланысты демократиялық мұраттар, кейбіреулер
американ "мәдени империализмі" ретінде қабылдайтын нәрсені одан да көп нығайтады.
Демократиялық басқару пошымдарының ең кең таралған дәуірінде американдық саяси
тәжірибе еліктеу үшін барған сайын стандарт қызметін атқаруда. Бүкіл дүние жүзінде
таралып бара жатқан, практикада қаншалықты кемітілгеніне қарамастан, жазылған
конституцияның орталық жағдайына және, заңның саяси жалдаптықтан үстем болуына
баса ден қою американ конституциялық басқару салтының күшін пайдаланады. Соңғы