Page 13 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жапондық бәсекелестерімен салыстырғанда өз басымдығын сақтағанын, тіпті ұлғайтқанын
ескерсек, солай болады.
Дау жоқ, Ресей мен Қытай Америка гегемондығын қинала қабылдайтын державалар
санатына жатады. 1996 жылдың басында, Ресей президенті Борис Ельциннің Пекинге
сапары барысында, олар бұл тақырыпқа бірлескен мәлімдеме жасады. Мұның үстіне,
олардың АҚШ-тың өмірлік маңызды мүдделеріне қатер төндіре алатын ядролық
арсеналдары бар. Алайда ащы шындық, мынадай: осы сәтке және таяудағы болашаққа,
бұл елдер өзін-өзі құртып тынатын ядролық соғысты бастай алуы мүмкін болғанымен,
олардың ешқайсысы да онда жеңіске жете алмайды. Өзінің саяси ырқын күштеп таңу үшін
әскерлерін алыс жерлерге жеткізе алу мүмкіндігі жоқ және технологиялық тұрғыдан
Америкадан көп артта қалған олардың бүкіл дүние жүзінде тұрақты саяси ықпал
жасайтын құралдары (немесе таяудағы уақытта өздерін мұндай құралдармен қамтамасыз
ете алмайды) жоқ.
Қысқасы, Америка әлемдік биліктің шешуші маңызы бар төрт саласында басым позицияға
ие: әскери салада оның әскерді жедел жеткізуге теңдесі жоқ жаһандық мүмкіндіктері бар;
экономика саласында, тіпті жекелеген бағыттарда Жапония мен Германия (бұл елдердің
ешқайсысына әлемдік құдіреттіліктің басқа өзгешелік белгілері тон емес) тарапынан
болатын бәсекеге қарамастан әлемдік дамудың негізгі қозғаушы күші болып отыр;
технологиялық жағынан ол ғылым мен техниканың жетекші салаларында абсолютті
көшбасшылықты сақтап отыр; мәдениет саласында, оның біршама қарабайырлығына
қарамастан, Американың, әсіресе дүние жүзінің жастары арасында, теңдесі жоқ
тартымдылығы бар, - мұның бәрі Құрама Штаттарға әлемнің ешбір мемлекеті маңайлай
алмайтын саяси ықпалды қамтамасыз етеді. Нақ осынау төрт фактордың ұштасуы
Американы осы сөздің толық мағынасында бірден-бір әлемдік астам держава етеді.
АМЕРИКАНДЫҚ ЖАҺАНДЫҚ ЖҮЙЕ
Халықаралық ауқымда американ артықшылығы бұрынғы империялық жүйелермен
ұқсастық туралы сөзсіз түсінік тудырғанымен, бәрібір айырмашылықтар өте елеулі. Олар
аумақтық шекаралар мәселесінің шегінен шығып кетеді. Американың қуаты ішкі
американдық тәжірибені бейнелейтін айқын американдық пішімнің жаһандық жүйесі
арқылы көрінеді. Осынау ішкі тәжірибеде басты орынды американ қоғамының да, сондай-
ақ оның саяси жүйесінің де плюралистік сипаты алады.
Бұрынғы империяларды аристократиялық саяси элиталар құрған болатын және олар
көптеген жағдайда авторитарлық немесе абсолюттік режимдермен басқарылды.
Империялық мемлекеттер халқының негізгі бөлігі не саяси индеферентті, не күні кеше
болғандай, империялық эмоциялар мен символдарға бой алдырған болатын. Жеке баю
мүмкіндіктерін былай қойғанда, ұлттық даңққа ұмтылу, "ақ адамның парызы",
"өркенияттандыру миссиясы", - осының бәрі, империялық авантюраларды қолдауға
жұмылдыру үшін және биліктің иерархиялық империялық пирамидаларын сақтау үшін
қызмет етті.
Американ жұртшылығының американ күшін сыртта көрсетуге көзқарасы едәуір дәрежеде
екіұшты болды. Екінші дүние жүзілік соғысқа Американың қатысуын жұртшылықтың
қолдауына негізінен Жапонияның Перл-Харборға естен тандырған шабуылы себеп болды.
Құрама Штаттардың қырғи қабақ соғысқа қатысуы бастапқыда, Берлин блокадасына және
одан кейінгі Кореядағы соғысқа дейін өте енжар қолдау тапты. Қырғи қабақ соғыс
аяқталғаннан кейін Құрама Штаттардың бірден-бір жаһандық күш ретіндегі статусы