Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қызметшілер 11 миллиондай шаршы миля жерді және 400 миллион дерлік британдық
еместерді бақылауда ұстап отырды.
Қысқасы, Рим өз үстемдігін негізінен неғұрлым мінсіз әскери құрылымның және мәдени
тартымдылықтың көмегімен қамтамасыз етті. Қытай едәуір дәрежеде тиімді
бюрократиялық аппаратқа сүйеніп, ортақ этностық тиесілілікке негізделіп құрылған
империяны басқарды, және өз бақылауын күшті дамыған мәдени артықшылық есебінен
нығайтты. Монгол империясы өз билігінің негізі ретінде жаулап алу барысында озық
әскери тактика қолдануды және ассимиляцияға бейімділікті ұштастырды. Британдықтар
(испандықтар, голландықтар және француздар сияқты) өздеріне артықшылықты олардың
туы олардың сауда-саттығының дамуына ілесу шамасына қарай қамтамасыз етті; олардың
бақылауы сондай-ақ неғұрлым мінсіз әскери құрылым мен мәдени жағынан өзін
орнықтырудан қолдау тауып отырды. Алайда бұл империялардың бірде-бірі нағыз әлемдік
империя болған жоқ. Тіпті Ұлыбритания да нағыз әлемдік держава болмады. Ол Еуропаны
бақылауда ұстаған жоқ, тек онда күштер тепе-теңдігін қолдап отырды. Британияның
халықаралық үстемдігі үшін тұрақты Еуропаның шешуші маңызы болды, ал Еуропаның
өзін-өзі құртып жіберуі Британияның басшылық рөлінің аяқталғанын сөзсіз білдіретін еді.
Керісінше, әлемдік держава ретіндегі Америка Құрама Штаттарының ауқымы мен ықпалы
бүгінде бірегей. Ол әлемнің мұхиттары мен теңіздерінің барлығын бақылап қана отырған
жоқ, теңіз десанты күштерімен жағалаулық бақылау үшін көз жеткізерлік әскери
мүмкіндіктер жасады, мұның өзі оған құрғақтағы өз билігін елеулі саяси салдарлармен
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның әскери легиондары Еуразияның батыс және
шығыс шеттерінде сенімді бекініп алды. Мұның үстіне ол Парсы шығанағын бақылауда
ұстап отыр. Американың вассалдары мен тәуелді мемлекеттері (олардың кейбіреулері
Вашингтонмен бұдан да берік ресми байланыстар орнатуға тырысады) бүкіл Еуразия
континентіне таралды.
Американың экономикалық динамизмі оның дүние жүзіндегі жетекшілік ролін
қамтамасыз ету үшін қажет алғышарт қызметін атқарады. Бастапқыда, екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін тікелей, Американың экономикасы барлық басқа елдердің
экономикаларынан тәуелсіз болды және жалғыз өзі әлемдік ЖҰӨ-нің 50 пайызынан
астамын қамтамасыз етті. Батыс Еуропа мен Жапонияның экономикалық қайта дәуірлеуі,
одан кейін Азияның экономикалық динамизмінің неғұрлым кең құбылысы әлемдік ЖҰӨ-
нің американдық үлесі соғыстан кейінгі пропорционал емес жоғары деңгеймен
салыстырғанда түбінде қысқаруға тиіс деген сөз болатын. Дегенмен қырғи қабақ соғыс
аяқталған сәтке әлемдік ЖҰӨ- нің американдық үлесі, ал неғұрлым нақтырақ айтсақ,
оның әлемдік өнеркәсіп өндірісінің көлеміндегі үлесі шамамен 30 пайыз деңгейінде
тұрақтанды, мұның өзі тікелей екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ерекше жылдардан
басқа осынау ғасырдың көп бөлігі үшін қалыпты жағдай болатын.
Неғұрлым маңыздысы, Америка ең жаңа ғылыми жаңалықтарды әскери мақсатта
пайдаланудағы өзінің көшбасшылығын сақтап қана қойған жоқ, одан әрі кеңейтті де,
осылайша шын мәнінде жаһанды қамтыған, дүниеде бірден-бір, техникалық тұрғыдан еш
салыстыруға келмейтін қарулы күштер құрды. Барлық осы уақыттың он бойында Америка
экономичны дамыту үшін шешуші маңызы бар ақпараттық технологиялар саласында
өзінің елеулі артықшылығын сақтады. Бүгінгі экономиканың озық секторларындағы
Американың артықшылығы мынаны айғақтайды: тегінде таяу болашақта оның
технологиялық үстемдігін еңсеру оңай болмайды, әсіресе экономика салаларында шешуші
маңызы бар өнімділік мәселесі бойынша американдардың батысеуропалық және