Page 32 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
32
құбылыстардың параллельдігінің себебі туралы мәселені түпкілікті шешуді мәдени
өзгерістердің ерекшелігі қазіргіден де жақсырақ зерттелетін болашақтың үлесіне
қалдырады. Сырт қарағанда, Америка ғалымдары нақты зерттеулермен ғана шұғылданып,
адамзат өркениеті тарихының философиялық мәселелеріне мән бермейтін сияқты
көрінеді. Меніңше, америкалық ғылыми бағытты бұлай бағалау дұрыс емес. Бұл
мәселелер бізді де өзіміздің европалық әріптестерімізден кем толғандырмайды, бірақ біз
оларды жалаң формулалардың көмегімен шешуге болады деп үміттенбейміз".
Боастың өркениет тарихының философиялық қырларын жоққа шығармайтыны, бірақ
қолда бар деректерді синтездейтін уақыт өлі келген жоқ деп пайымдайтыны осыдан - ақ
көрініп тұр. Ол мәдениет динамикасын, белгілі бір мәдениет аясындағы өзгерістердің
нақты процестерін зерттеуді дәл қазір қолға алынуға тиісті кезек күттірмейтін міндет деп
есептеді. Осы өзгерістерді егжей-тегжейлі салыстыра отырып талдау этнологқа мәдениет
пен диффузияның дербес құбылыстар ретіндегі ара қатынасы мен адамзат тарихындағы
мәдениеттің негізгі типтері тәрізді жалпы мәселелерге ойысуға мүмкіндік береді. "Бір
созбен айтқанда, — деп түйіндейді ол, — біздің негіздемек болып отырған әдісіміз —
қоғамдағы қазіргі кезде бақылауға болатын динамикалық өзгерістерді зерттеуге
құрылады. Көз алдымызда жүріп жатқан процестерді түсіндіре алмай тұрып, өркениет
дамуының жалпы мәселелерін қозғауға батылдық ете алмаймыз".
Сонымен, осының алдында айтқанымыздай, Боас антропологтардың назарын эволюция
мен адамзат мәдениетінің ілгерілеуі мәселелеріне емес, бірегей қызмет атқаратын, тұтас
бірлік ретінде пайымдалған нақты мәдениеттерді зерттеуге аударуға ұмтылды. "Біз әр
мәдени топтан, — деп атап өтті ол, — ішінара оның өзіндік дамуы, ішінара басқа
тайпалардың ықпалы арқылы анықталатын өзіне ғана тән қайталанбас тарихын табамыз".
Бірде-бір эволюциялық сызба нақты бір қоғамның өзіндік мәдени тарихын түсіндіре
алмайды. Барлық жерде бірдей өтетін "психологиялық қажеттілік" туралы сөз болуы да
мүмкін емес.
Мәдени эволюция теориясына сипаттама бере келіп, Боас былай деп жазды:
"Эволюциялық көзқарас бойынша, қоғамның мәдени өміріндегі тарихи өзгерістер барлық
жерде бірдей үстемдік құратын белгілі бір заңдарға бағынады, соның салдарынан барша
нәсілдер мен барлық халықтардың мәдени дамуының басты белгілері бірдей болады деп
пайымдады. Бұл ой Тайлордың "Алғашқы қауымдық мәдениет" деп аталатын классикалық
еңбегінің кіріспе бөлігімізде айқын тұжырымдалған". Тайлор мен Морганның еңбектеріне
жасаған біздің шолуымыз көрсетіп бергендей, олардың басты тезисін мұқият талдасақ,
Боастың мұндай тұжырымы негізсіз екендігіне көз жеткіземіз. Тайлор да, Морган да
барлық нәсілдер мен халықтар бірдей дамиды деген "белгілі бір заңдарды" ойлап тапқан
жоқ. Тайлордың өзі үнемі ескертіп отырғандағы, оның басты ойы мынау еді: "Белгілі бір
тұрғыдан алғанда, жабайылық кезеңі адамзаттың ежелгі күйі, неғұрлым жоғары мәдениет
сол кезеңнен бастау алады да біртіндеп дами береді; бұрынғы процестердің әрекет етуі
арқасында мұның жалпы қорытындысы бойынша, прогрестің қайталаудан әлдеқайда
басым түсіп отырғаны туралы айтуға болады". Морган тұжырымдаған және белгілеуге
тырысқан заңдар тарих пен мәдениеттің емес, психологияның заңдары. Прогресс заңы
туралы айтқан кезде Морган мәдениет дамуының геометриялық; ара қатынасын меңзеп
отырған. Морган мен Тайлор үшін түптеп келгенде, мәдени эволюция "адамзат ақыл-
ойының табиғи логикасы" арқылы анықталады.
Мәдени дамудың заңдары туралы қағида — мәдени эволюция теориясының басты
элементі еместігі осыдан келіп шығады. Тайлор мен Морганның еңбектеріндегі басты
тезистер — 1) адамзат мәдениетінің біртұтастығы және оның кезең-кезеңмен дамуы (бұл