Page 31 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
31
ретінде сипаттамаймыз. Мұнда еуропалық мәдениет африкалық қақтығыста немесе
дәлірек айтқанда оған жақсы ұйымдасқан мүдделер тұтастығы ретінде шабуыл жасап
отырады. Немесе, дұрысырақ айтқанда, әрқайсысы ерекше бағытқа бағытталған
ұйымдасқан көптеген мүдде есебінде белгілі бір мақсатқа жетуді көздейді және мүліктік
мүдделер мүмкін еткенге дейінгі артық ештеңе бере алмайды. Және осы мүдделердің
барлығы — мұны естен шығармайық — бір-бірімен ешқандай да үйлестірілмеген және де
біртұтас тұтасты құрамайды. Біздің жасамақ керек екінші анықтамамыз Б бағанасы А мен
механикалық қосындысы және тікелей араластырылуының өнімі ем еместігі. Б айдарымен
(рубрикасымен) А - дан шығатын әсерлерді және В - дан шығатын реакцияларды біріктіру
әдісі көрінеді. Және оны А және В бағаналарындағы факторларды дедукциялау арқылы
емес шығармай, ықыласпен бақылау және эмпирикалық тұрғыдан анықтау керек.
Дэвид Бидни
МӘДЕНИ ДИНАМИКА ЖӘНЕ БАСТАУЛАРДЫ
ІЗДЕУ
Боас өзінің ұзақ ғұмырында мәдени эволюция теориясын өзі түсінген шамада сынға алуға
коп уақытты мен күш - жігерін сарп етті, сондықтан өзі де эволюция пен тарихшылдыққа
қарсы шыққаны үшін сынға ұшырады. Боастың көзқарасын олай бағалау әділдікке
жатпайды, өйткені ол мәдени эволюция идеясының өзіне қарсы шыққан жоқ, тек оның
өткен ғасырдағы кейбір этнологтар ұсынған бір нұсқасын ғана сынаған болатын.
1. Боас және мәдени эволюция сынау
Боас барлық қоғам атаулының өткені мен болашағына қатысты қолданылатын біртұтас
мәдени - эволюциялық формуланы мойындамайтын, бірақ нақты мәдениет тұрғысынан
алғанда эволюция идеясын да, оның кейбір салаларындағы, мысалы технология
тұрғысындағы шектеулі прогресс тұжырымдамасын да жоққа шығарған емес. Сонау 1908
жылы-ақ ол: "Қатаң сынға алынғанына қарамастан, көптеген ежелгі теориялар біршама
нанымды көрінеді, ал, оларға сәл басқаша тұрғыдан келіп, өркениеттің дамуына
жекешілдік көзқарасты күшейтер болсақ, олардың қажет екендігіне көз жеткізуге болады",
— деп жазды.
Боас, әсіресе, мәдениеттің дамуы міндетті түрде қарапайымнан күрделі қарай бағыт алады
деп тұжырымдады және осындай дамудың кейбір кезеңдерінен прогресті көретін
тұжырымдамаға өршелене қарсы шықты. Эволюция прогресс өлшемі міндетін атқара
алатын мәдени дамудың әмбебап сызбасын түзу әрекетіне қарсы қимыл ретінде ол нақты
бір аймақтардағы жекелеген мәдениет пен мәдени диффузияның (араласудың) белгілерін
зерттеуге бой ұрды. Сөйтіп, оның көзқарасы бойынша, тарихтың өзі шектеулі мәнге ие,
яғни ол бүкіл адамзатқа ортақ мәдениеттің емес, тек жекелеген қоғамға тән мәдениеттің
ғана тарихы деген қорытынды шығады. Сонымен қатар, ол антропологияны да адамзат
мәдениеті мен оның жекелеген кезеңдерінің эволюциясын зерттеу емес, өзіндік
толыққанды бірлік болып табылатын жекелеген мәдениеттерді зерттеу деп таныды.
"Этнология әдістері" деп аталатын мақаласында Боас былай деп жазды: "Америка
ғалымдарын, ең алдымен, мәдени өзгерістердің динамикалық жағы мен мәдениетті
зерттеу негізінде оның тарихын қайтадан жазып шығу ғана қызықтырады. Бұл жалпы
әлемдік диффузия немесе мәдени белгілердің ежелгі тұрақтылығы болсын — олар мәдени