Page 33 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
33
тезис бойынша, мәдениет атаулы қарапайымнан күрделі қарай бір сызықтың бойымен
дамиды) және 2) белгілі бір кезеңдегі барлық тарихи мәдениеттердің бір-біріне ұқсастығы.
Екінші тезиске орынды қарсылық білдіруге болады. Басқасын былай қойғанда, кезең-
кезеңмен даму тұжырымдамасы мәдениет тарихынан, логикалық тұрғыдан алшақ жатыр.
Бірқатар мәдени белгілерді алып, оларды нақты мәдениет пен аймақтан бөлек қарастырар
болсақ, әлдебір сатылы өрлеуді көруге болады, бірақ бұл олардың нақты бір қоғамдағы
мәдениет тарихындағы орналасуының шын тәртібі осындай болды дегенді білдірмейді. Іс
жүзінде, логика мен тарихтың үйлесім табатын жері тым тар және мәдени процестің
бастапқы нүктесімен шектеліп жатады. Логикалық тұрғыдан алғанда, олжа жинау мен
аңшылықпен айналысу жер жырту мен қауымның отырықшылыққа көшуінен бұрын
болған, тарихи тұрғыдан келсек те солай. Технология жағынан алғанда да өмірдің өзі
ұсынған қарапайым жаңалықтар біртіндеп неғұрлым күрделі, шығармашылық қиялды
қажет ететін өнер табыстарға ұласты, әсіресе, бұлардың кейінгісі алдыңғысының
жетілдірілген нұсқасы болған жағдайда мұны бұлтартпас шындық деуге болады (от жағу,
садақ пен жебенің өзгеріске түсуі және т.б.). Осы шектеулі саладан тыс, әсіресе ақыл-ой
қызметі тұрғысынан келгенде, мәдени эволюция ойдың біртіндеп тазаруына қарай
ойысып, "күрделі қарапайым", яғни анықтық пен жаңашылдыққа қарай дамитын болады.
Сондықтан, ауқымды морфологиялық мағынада мәдени эволюцияның әмбебап кезеңдері
— тарихи мәдениеттердің тарихқа дейінгі және алғашқы қауымдық жағдайдан неғұрлым
дамыған жағдайларға өтуі туралы айтуға болады. Бірақ, бұл дамудың бірдей кезеңінде
тұрған мәдениеттердің бәрінің белгілері мен институттары да бірдей болады деген сөз
емес. Егер принципті тұрғыдан алғанда, мәдени алуан түрлілік болуы мүмкін десек, бұл
қағиданы мәдени дамудың барлық сатыларына да қолдануымыз керек. Біз өз
таңдауымызды бір кезеңдегі мәдени белгілер мен институттарды толық шендестірумен де,
мүлдем ұқсамайды деген тұжырыммен де шектемеуге тиіспіз. Қазіргі мәдениеттердің
басты институттарынан өзара ұқсастықты да, алшақтықты да көре тұрып, оларды тарихқа
дейінгі, алғашқы қауымдық мәдениеттерден де іздестіруіміз керек. Кеңістік пен уақытты
және әлеуметтік факторларды ескерместен, мәдени дамудың бұл кезеңінде
морфологиялық тұтастық болды деген пайымдаудың негізінде оған тон белгілер мен
процестер субстанциялық тұрғыдан толық ұқсас болды деп қорытынды жасау да дұрыс
болмас еді. Дамудың бүл кезеңіндегі мәдениет тарихының бірдей жолдан өтуі туралы
гипотеза бізге негізсіз болып көрінеді және оны "эволюция адасу" деп атауға болады. Боас
пен оның ізбасарларының этнология ғылымына сіңірген еңбегінің мәні мынада — олар
этнографиялық материал арқылы нақты мәдениеттердің дамуындағы ұқсас кезеңдерге
жататын мәдени құбылыстардың нақты хронологиялық дәйектілігін анықтау үшін қандай
формуланың да кәдеге аспайтынын дәлелдеп берді. Атап айтқанда, Боас өнер
ескерткіштерін мысалға ала отырып, бәдіз салу өнері декоративтік түрден геометриялық
түрге немесе керісінше дамиды деп тұжырымдамақ болған дәл барлық сызбаның негізсіз
екенін көрсетіп берді. Оның "Алғашқы қауымдық сана" шығармасы барлық мәдениеттер
мен мәдениет санаттары тарихын бір ізге түсіру және ресми сипат беру атаулыдан
сақтандыруға қызмет етеді.
Боастың қорытындылары мәдениет тарихын қалпына келтіру үшін аса сақтық керектігін,
ал, тарихқа дейінгі нақты мәдениеттердің барлық кезеңдері алғашқы қауымдық
мәдениеттің кейбір қалдықтарына сәйкес келеді деп дәлелсіз тұжырым жасауға
болмайтынын көрсетіп берді. Керісінше, бізге белгілі тарихи мәдениеттердің бәрі де өз
дамуында неғұрлым қарапайым кезеңдерді бастан кешкен деп тұжырымдау үшін
жеткілікті негіз бар. Белгілі бір қоғамның тарихы мен оның басқа да мәдени жүйелермен
өзара қарым-қатынасын мұқият зерттеу арқылы оның мәдениетінің жазу болмаған кезеңін
ішінара қалпына келтіруге мүмкіндік туды; мысалы, мифтер мен аңыздардың көмегімен