Page 30 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
30
жұмыстарын жүргізудің түрлі аспектілеріне оңтүстік - африкалық Ақ нәсілді
профессорлар қарсы; жабайы халықтың көзін ашуға капиталдың мүліктік мүдделері
қарсы, олар үгіт-насихатқа селт етпейтін жұмыс күшінің болғанын қалайды; оған қоныс
аударып келгендер мен мағынасы "Маған жабайы туземдікті беріңіз" деген ұранға саятын
кең тараған көзқарас қарсы. Сексуалдық мораль, шіркеуге бару, және тәуелсіз африкалық
христиандық шіркеулердің дамуы мәселелерінде миссионерлердің ықпалын ғана есепке
алу дұрыс емес. Біз тізімге Ақ нәсілді миссионерлік ықпалды жоюға бағытталған
әрекеттерін де енгізуіміз керек. Өзгеріс феноменінің жартысын басқаша түсіндіру мүмкін
болмаған еді. Біз бұл жөнінде бірнеше мәрте айтқанбыз, бірақ А бағанасының және оның
іштей бірнеше шағын рубрикаларға бөлудің бізге не үшін қажет болғанын анықтап
алуымыз керек.
Б және В бағаналарын бөлетін сызық нені білдіруге тиіс? Жоғарыда көрсетілген
ескертулерді ескере отырып, Ақ нәсілді қатар, Қара нәсілді қатысатын қандай да бір
институтты немесе ұйымдасқан қызметті көрсететін факторларды алсақ та, бұл
мәліметтерді Б бағанасына енгізу керек. Ақ нәсілді басқаратын жергілікті халыққа
арналған мектептер тәрізді институттар, көмір шахталары мен плантациялар, аралас
соттар, жанама басқару немесе туземдік басқару жүйелері — барлығы осы бағанада
орналасады.
В бағанасына біз іс-әрекеттің, ұйымдастырудың және насихаттардың негізгі анықтаушы
факторы трайбализм дәстүрі болып табылатын африкалық өмірдің барлық элементтерін
енгізуге тиіспіз. Осылайша, В бағанасы тек қана тайпалар тікелей өмір сүретін аумақтарға
ғана қатысты емес. Трайбализм өкілі — аң терісін жамылып алып, есіл дертімен беріле
сиқыршылықпен айналысатын немесе арыстан мен жолбарыс аулайтын жабайы
африкалық емес. Егер біз бұл әдісімізді Йоханнесбургтағы урбанизацияға ұшыраған
африкалық қатысты қолданатын болсақ, тайпалық дәстүрдің барлық ықпалдарының
тізімін жасауға тура келеді, олардың адамның өзін тайпа мүшесі ретінде сезінуі, өз
тайпасының тілінде сөйлеуі, африкалық тайпалық заңдылықтарға сәйкес некеге отыруы,
өз көсемін құрметтеп, оған адалдық сақтауы, туысқандық байланысын сақтауы, жасырын
немесе ашық түрде сиқыршылыққа сенуі, ата-бабаларының дәстүрін сақтап, вискиге
қарағанда бантудың дәстүрлі сырасын ұнатуы арқылы көрініс табуы мүмкін. Осылайша,
біз және В рубрикалары арасын бөліп тұрған сызықты нақты көрсеттік.
Алда ұсынылып отырған нақты сараптаманың барысында қазіргі жаңа заңдарға сәйкес өз
жеріне иелік ететін тайпасы өкілінің үнемі емес, бірақ көпшілік жағдайда жер иеленудің
ескі заңдарына бағынатынын көруге болады. Өз іс-әрекетінің басым бөлігінде ол бидай
бағасы мен ақша экономикасы белгілейтін жаңа мүдделерді басшылыққа алады, ал кейде
ескі идеалдар мен құндылықтарға бағынады. Сондай-ақ біз жанама басқару кезінде көсем
өз мойнына еуропалықтар мақсаттарымен белгіленетін жаңа міндеттерді алатынын
көреміз, бірақ оның беделінің негізі нанымға, ата-баба дәстүріне, туысқандық жүйесіне
және тарихи негізделген дәстүрлі билік болып қала бермек. Бұл жерде іс - әрекеттің әрбір
жеке аспектісін талқылай отырып, біз бұл факторларды А айдарына қатыстылары бөліп
алып, факторлардың өзара ықпалдасуының қалайша айдарын тудыратынын көрсетеміз. Б -
ны В - дан бөліп тұрған сызық А мен У - ны болып тұрған сызыққа қарағанда айқын емес.
Біздің "араласу" және "кірмелік" түсініктерін білдіретін мәдениетті сараптау әдісіне өте
қатты жақындағандай болып көрінуіміз мүмкін. Белгілі дәрежеде бұл рас та, бірақ бүл тек
үстірт көзқарас қана, сондықтан бізге екі маңызды мәселені айқындап алу керек. Белсенді
түрде әрекет ететін күштерді сараптап, шешімін табу қажет; бірақ ең алдымен біз
еуропалық мәдениеттің африкалық өзіне ұнаған затты тандап ала беретін мүмкіндіктер
үйіндісі емес екеніне көз жеткіздік. А бағанасында біз еуропалық мәдениетті қорытынды
қоспаға кез келгені жарай беретін құндылықтар, игіліктер мен жақсы істер қазынасы