Page 29 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
29
шектеулермен толығырақ алда көрсетілген тарауларда сарапталатын бес нақты жағдайды
талдау кезінде таныса аласыз. Бұл жерде біз жалпы ескертулермен ғана шектелеміз.
Егер біз кестеден іс жүзінде көмек алғымыз келетін болса, бірінші кезекте оның
құрылымы белгілі бір шынайылықтарға сәйкес болуға тиіс. Бұл кестеде үш негізгі бағана
бар, біз олардың негізін жалпылама түрде түсіндіріп өттік. Олар ( қабылдаған үш жақты
әдістемені көрсетеді. А мен Б, мен В бөлетін шекараны қалай жалпы және тәжірибеде
анықтауға болады? Іс жүзінде олар қағазда көрсетілгендей анық әрі айқын ба? Біздің
сызбада (схемада) мұқият көрсетілген тіке, яғни, шектеулер шынайы өмірде нені
білдіреді?
Біздің сараптамамызда соңғы қатардан орын тепкен Б бағанасынан бастап көрейік.
Концептуалдылық жағынан ол — ең маңыздысы; біздің кестемізде орталықта орналасқан.
Себебі өзгеріс барлық мәселенің басы болып табылады. Б бағанасында біз A іс жүзіндегі
әрекет саласына ауғанын көреміз (еуропалық ниеттер, еуропалықтардың оң ниеті және
жыртқыштық ұмтылыстары); байқап отырғанымыздай, Б В бәрін ысырып, сол жерге өзі
орнығушы болып табылады. De facto, В қазіргі кейпінде шығып отырған өнім іспеттес.
Себебі, трайбализмнің қалған күші мен ықпалы өзінің өміршеңдігіне: біріншіден,
еуропалықтардың
африкалық
халықты
түгелімен өзгеріс механизміне тарта
алмайтындығы және тартқысы келмейтіндігі; екіншіден теңсіз және біржақты еуропалық
ықпал тартудың орнына кері итеретіндігі, яғни африкалық қызықтырудың орнына оны
кері қарай, тайпалық негізіне лақтыратындығы себеп.
Осылайша, біз барынша екі вертикальды түзуді анықтап алдық. А бағанасында
көрсетілген материал мен Б бағанасында көрсетілген мәліметтер арасындағы
айырмашылық бұл мәдени элемент (заң, білім беру үлгісі, санитария мен гигиена
саласындағы реформа, жанама басқару құрылымы немесе әкімшіліктік шара) еуропалық
ниет деңгейінде бар ма деген сауалмен байланысты. Басқаша айтқанда, бұл еуропалық
халық тарапынан жасалған жоба, жоспар немесе дайындық шаралары ма әлде бұл
корпоративті институт формасына ауыстырылып, әрекет ете бастаған жоспар ма?
Өзінің шығу тегі арқылы еуропалықтарға қатысты және құрамында Ақ нәсілді
әкімшіліктің, коммерциялық қоғамның немесе көшіп келгендер қауымдастығының белгілі
бір қадамдары көрсетілген мәдени факторларды негізге алу барысында біздің алдымызда
А бағанасына қатысты мәліметтер болады. Мысалы, А айдарының (рубрикасының)
аясында біз саясаттың ("Ақ нәсілді әлемі" секілді) жалпы принципін, еуропалық отаршыл
басқарманың саяси бағыттарын көрсеткен болар едік (ол жанама басқару формасына өтуі
керек пе болмаса толық аккультурацияны білдіре ме; бұл Конго аймағындағы ескі
тонаушылық басқару ма немесе бельгиялық саясаттың жаңа принциптері ме; фашизмнің
отаршылық амбициялары ма әлде Оңтүстік Африкалық Одақтағы Герцогтың заңдары ма).
Миссионерлер саясаты, экономикалық қызмет ол арзан африкалық жұмыс күшін
пайдалануды қаншалықты қалыпты жағдай деп есептейді; жоспарлау шегінен шықпаған
Ақ нәсілді тұрғындардың мақсаттары мен амбициялары, — бұның барлығы алғашқы
вертикальды сызықпен шектеледі және А рубрикасында орналасады.
Бұл процедураның құқықты еуропалық жоспарлардың қомақты бөлігі африкалық өзінің
қажеттіліктерімен, экономикалық мүдделерімен, тәуелсіздікке деген құштарлығымен
және өзін-өзі танытуға деген ұмтылысымен мүлде жоқ секілді болып құрылғандығымен
негізделеді. Еуропалық ниеттерді дербес фактор ретінде А бағанасына орналастыруға
өзгеріс алғышарттарының көптігі де себеп болып отыр. Егер мәселе білім туралы болып
отырса, ағартуды қолдаушылардың, жергілікті консерваторлар мен білім департаментінің
көзқарастары мен жоспарларын тізіп шығу жеткіліксіз. Жергілікті тұрғындармен ағарту