Page 23 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
23
бірақ, олар қарым-қатынас жағдайының халықтық мәдениеттің [folk culture] қалалық
мәдениетке апаратын өзгерістерімен шектеліп отыр. Форт мәдени қарым - қатынастарды
үзілмейтін әрекеттестік ретінде қарастыру керектігін айтады. Мәдени қарым-қатынастың
салыстырмалы әлеуметтануының маңыздылығының мойындалғанына қарамастан, оның
нақты ұсынып отырғаны аз. Сонымен, егер ең жалпы теориялық сызбалардан көңілімізді
басқаға аударатын болсақ, онда процестерді сараптау концепцияларын жасау саласындағы
және оларды, әсіресе, жалпы теориялық контексте эмпирикалық нақтылаудағы прогресс
мейлінше аз болды. Шамасы, соңғы кездері Элкиннің австралиялық аборигендердің
мысалында реакция зерттеген жұмысы мейлінше салмақты үлкен үлес қосқан шығар; осы
талдау басқа аймақтар мен басқа жағдайлар арқылы сыни зерттеу және тексеруді қажет
етеді.
Бронислав Малиновский
МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТІҢ ҒЫЛЫМИ ҰСТАНЫМДАРЫ
МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Біздің бұл жерде ұсынып отырған құралымыз — өзіміз қорыққан принциптердің кестесін
беру. Біз екі мәдени құрылымның, яғни африкалық және еуропалық құрылымдардың
өздерінің бастапқы күйінде бір-бірінен толығымен дербес, осы уақытқа дейін өз мәдени
детерменизмін сақтай отырып, тоғысып, бір-біріне ықпал етіп, үшінші мәдени болмысты
тудыратынын анықтадық. Кесте жасап, өзіміздің әр дәйегімізді үш бағананың біріне
орналастыру арқылы біз осы принципті сақтап қаламыз. Әрі қарай А деп аталатын бірінші
бағанада Ақ нәсілді ықпалын, мүдделерін және ниеттерін көрсетпекпіз. Оның ішіне Ақ
нәсілді жүргізіп отырған саяси ұстанымдарды орналастырамыз, миссионерлердің
идеалдарын, экономикалық кәсіпорындардың мақсаттарын, көшіп келгендердің белгілі бір
нақты мәселеге қатысты (мысалы, жер, еңбек, сиқыршылық, азық-түлік немесе өнеркәсіп
жөніндегі мәселелерге қатысты) жалаң сөздері мен шынайы ниеттерін көрсетеміз.
"Мәдени байланыс үдерістері мен өзгерістер" деп аталатын Б бағанасында Ақ нәсілді мен
Қара нәсілді бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін, бір-бірімен әріптестікке баратын және
бір - біріне тікелей ықпал ететін үдерістер мен қызмет түрлерін орналастырамыз. В
бағанасында осы күнге дейін сақталып келе жатқан дәстүрлі институттардың түрлерін,
сондай-ақ өткен күннің аңыздары орналастырамыз, себебі олар бүгінгі күнде де белсенді
әрекет ететін күштер болып табылады. Бүл бағананың айырмашылығы оның бойына Ақ
нәсілді әкімшілігі ресми түрде мойындамаған Африка тіршілігін, сондай-ақ кәрі Африка
өмірі жүзеге асатын үдерістерді жинағандығымен көрсететін. Әдетте олар қатаң сыртқы
мәжбүрлеулер мен ішкі қарсылық нәтижесінде көзге көріне бермейді. Мысалы, бұның
ішіне біз христиандық қауымдастықтан да байқауға болатын ата - бабалар табынған
құбылыстар мен заттардың этикалық ықпалын, нанымдар мен дәстүрлерді енгізуіміз
керек. Жер меншігі мен шаруашылық қызмет мәселелерін талқылай отырып, біз бұл
бағанаға еуропалық заңдар мен әкімшіліктік машина көз жұмып, мүлде ескермейтін, кейде
тіпті А бағанасында көрсетілген ықпалдармен қақтығысқа түсетін ескі қарапайым
құқықтың қалдықтарын да енгізуге тиіспіз.
Ойымыздың бағытын түсіндіру үшін Г бағанасын қосымша енгізу пайдалы болатын
тәрізді, оның ішіне еуропалыққа дейінгі жағдайды ғылыми жолмен алуға болатын
деңгейдегі қалпына келтіру кіреді. Бұндай қалпына келтіру антропологтың маңызды
міндеттерінің бірі болып табылатын болғандықтан, Г бағанасы — біздің синоптикалық
кестеміздің заңды құрамдас бөлігі. Бұл қалпына келтірудің тікелей бақылаудың нәтижесі
бола алмайтынын және ол жерде көрсетілген мәліметтердің дәлдігі алғашқы үш бағанада
көрсетілген мәліметтердің дәлдігінен өзгеше екенін түсіну керек. А, Б және В бағаналары