Page 22 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
22
антропологтар жасаған, бірақ, бұл қатарға жатпайтын салмақтылары да бар, мұның бір
мысалы Элкиннің жұмысы. Осыған қарамастан британдық антропологтардың көпшілігі
Хан айтқан: "Мені мәдени қарым-қатынастардың зерттелуі, ең алдымен, тәжірибелік
жағынан қызықтырады... Бірінші кезекте мені қоғамдастығында болып жатқан
өзгерістердің сипаты мен ауқымы және содан кейін ғана барып — өзгерістер тетігі
(механизмі) қызықтырады" пікірді ұстанады.
Жалпы алғанда мәдени қарым-қатынастарды зерттеушілердің арасында оның кейбір
нәтижелеріне қатысты келісім бар. Жұмыстардың барлығында да мәдени қарым -
қатынастың мүмкін нәтижелері ретінде қабылдау, синкретизм және реакция аталады;
көптеген жағдайда осы үш нәтиже де болуы мүмкіндігі шамаланады, бұлардың
қайсысының да басым түсуі қарым-қатынас болатын және уақыт өткен соң өзгере алатын
шарттармен анықталады. Жаңа элемент басқа да байламдар есерімен жетілдірілмейтін
қабылдау ақыр аяғында жаңа мәдениеттің толық ассимиляциялануына бастайды. Кей
жағдайда ассимиляция, процеске басқа да реакциялар араласқанда да нәтиже болуы
мүмкін. Қарым-қатынас нәтижесі жиі латын америкалық үндістер мәдениетімен және
Жаңа Құрлық негрлері мәдениетін зерттеулерде егжей-тегжейлі баяндалған синкретизм
болып шығады. Қарым-қатынасқа түсетін екі мәдениеттің де элементтерінің өзгеруіне
немесе мүлдем жаңа құрылымдар тудыратын шұғыл өзгерістер зерттеулерге арналған
түрлі әдістемеліктерде сирегірек, ол кейде Жаңа Құрылықтағы, сондай-ақ Африкадағы
қазіргі зерттеулерде кездеседі. Пайда болып келе жатқан мәдениетті тұтастай алғандай
синкреттік деп қарастыруға болғанда әлеуметтік құрылымдардың елеулі бөліктері
принципиалды жаңа сипатқа ие болуы мүмкін. Құбылыстардың мейлінше терең
зерттелген саласы — бұл, шамасы, реакция саласы. Бұл категорияға, сөз жоқ, әртүрлі
қайта өрлеген және аборигендік қозғалыстарды енгізуге болады. Мұндай қозғалыстарды
зерттеуді ұйымдастыруды пайдалы типологиясын тек ғана Линтон ғана берген жоқ;
Пейот, Рух биі және Солтүстік Америкадағы осы сияқтылар сарапталатын көптеген
жұмыстар бар; бұған Уильямстың жаңа - гвинеялық зерттеулері және т.б. жатады. Олар
аккультурациялық деп үнемі айтылмайды, бірақ соған қарамастан талдауға бағалы
материал береді.
Осы бір тым жалпылама пікірлерден кейін, процестерді талдау үшін лайықты
тұжырымдамалық сызбалар (концептуалды схемалар) жасалмағанда көрінуі де мүмкін.
Аккультурация процесінің қазіргі зерттеулері психологиялық ойлармен ауырланған және
негізінен өзгеру үстіндегі жеке адамның рөлі немесе өзгерістің жеке адамға әсерінен
болатын әсерлері туралы болып келеді. Әлеумет танушылық және мәдениет танушылық
түсіндірілме аз берілді. Бұл бағытта жасалған ұмтылыстар көп жағдайда
мамандандырылған сипатымен ерекшеленеді; әсіресе, бұл тәжірибелік - бағыттағы
зерттеулерге қатысты. Мысалы, мисс Хан: "Әкімгер де, миссионер де, саудагер де
тайпалық өмір шарттарындағы мінез-құлық қандай санкциялармен реттелетінін білуге
жөне европалықтармен қарым-қатынас бүл санкцияларға қандай әсерін тигізетіндігін
білуге мүдделі. Әлеуметтік санкциялар яғни, қоғамды кіріктіріп отырған байланыстарды
тек қана қоғамдық институттардың қызметін және өзара байланыстарын зерттеу арқылы
ғана түсінуге болады; және біз европалықтармен қарым-қатынас бұл институттардың
жұмысы мен өзара байланысына қандай өзгеріс енгізетінін білу қажет" деп тұжырады.
Мисс Хантердің мақсаттары мен ұсыныстарына қарсы бірдеңе деу қиын. Олар оның ашық
жарияланған прагматикалық бағытымен толық келісімде. Алайда, ол бізге зерттеудің
теориялық ауқымын кеңейте алатын ешқандай парапар тұжырымдамалық сызба және
өзгеріс процестерін сараптайтын ешбір нақты әдіс ұсынбай отырғандығын атап өту керек.
Бұл ретте Редфилд зерттеулерінің теорияның дамуына берері айтарлықтай көп, өйткені
онда "секуляризация", "индивидуализация", т.б. сияқты ұғымдардың тұжырымы берілген;