Page 24 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
24
үшін зерттеуші шынайы өмірден алынған мәліметтерді берді. Ал, Г бағанасында ол
бұрынғы замандағы жағдайдың қалай болғаны жөніндегі өз болжамын ғана ұсына алады.
А
Б
В
Г
Д
Ақ
нәсілділердің
ықпалы,
мүдделері мен
ұмтылыстары
Мәдени
байланыс
үдерістерді мен
өзгерістер
Ескінің
қалдығы болып
табылатын
түрлер
мен
дәстүрлер
Өткенді
қалпына
келтіру
Африкалық
реинтеграцияның
жаңа
күштері
мен реакциялары
Және кейбір жағдайларда бұған тағы бір Д бағанасын қосқан жөн болар еді. Оның ішіне
африкалық реинтеграция мен реакциялардың жаңа күштерін енгіземіз. Бұның ішіне,
мысалы, африкалық нәсілшілдік, аймақтық ұлтшылдық және тайпалық патриотизмнің
жаңа түсіндірмелері енер еді. Бүл мәліметтер жоғарыда айтып өткеніміздей, антропологты
қызықтыратын жағдайлар қатарына енуге тиіс. Бұларды Б бағанасында көрсетілген
біріккен өзгерістер мен мәдени байланыс феномендерінен және В бағанасында
көрсетілген архаизм элементтерінен бөліп алған жөн болар еді.
Себебі, біз кейбір
принциптер жинағына негізделген және кесте түрінде ұсынылған
талдау, бақылау және практикалық сараптама әдісін жасап отырмыз, сондықтан бізге
төменде көрсетілгендей әрекет еткен жөн. Қосымша ретінде ұсынылған кестеде біз алда
болатын пікірталас барысында жасалған принциптерді тұжырымдаймыз. II кестеде осы
принциптердің әрқайсысына қарама-қарсы сәйкес практикалық ережелерді көрсетеміз,
олар бір уақытта тәжірибелік зерттеудің ережесі болып табылады, олардың әрқайсысы
біздің ойымыздың өрбуін бағыттайтын және осы мәліметтерді тәжірибеде қалай қолдану
керектігін анықтайтын жетекші принцип болып табылады. Әдістің басқа ережелері тәрізді
II кестеде көрсетілген ережелерді біздің типтік кестеге тікелей орналастыруға болады.
I кесте
Принциптер
1. Әрбір үш саладағы дербес детерминизм принциптері:
A. Еуропалық мақсаттар мен мүдделер
Б. Байланыс және өзгеріс
B. Африкалық трайбализмнің қалдықтары
2. Осы үш саланың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі
3. Ықпал ету және өзгерістер саласындағы еуропалық және африкалық мәдениеттердің
динамикалық асимметриясы
4. Еуропалық саяси түзулер, идеялар, мақсаттар мен әдістердің көптігі мен түрлі
бағыттылығы
5. Ұйымдасқан топтар жүзеге асыратын нақты шектелген қызметтер институттары, яғни
жүйелері арасындағы өзара ықпалдылық пен өзара әрекет ішіне белгілі бір материалдық
құнарландыру енеді және биологиялық, әлеуметтік немесе рухани қажеттіліктерді (заңдар
немесе салт-дәстүрлер тыйымдарының үнемі әрекет ететін жүйесіне бірігетін бір-бірімен
өзара байланысты қызмет түрлері) қанағаттандыруға бағытталған.