Page 14 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
14
тарихын логикалық әдістер арқылы қайта жасау қажеттігі жағдайында мәдениетті
этнотарихи әдістердің көмегі арқылы беруді деректі түрде бекітуді жатқызады.
Шет-шексіз мысалдарды көбейтпей-ақ, аккультурациялық зерттеулер әдетте динамикалық
сипатты және процесті зерттеуге мақсатта деп толық сеніммен айтуға болады. Бірақ,
олардың осылайша түсінілуі әмбебап емес, және зерттеудің осы саласын барлығы толық
мойындамайды да. Мысалы, Дюбуа көбісі, тіпті болмағанда біразы аккультурациялық
зерттеу ретінде қарайтын кітабында былай жазады: "Паттерндеу және аккультурацияны іс
жүзінде синонимдер сияқты қолдануға болар еді. Дегенмен де аккультурацияға ерекше
магына берілетін сияқты. Көп жағдайда бұл сөз үлгілерге еліктеудің минималды
жағдайларын сипаттау үшін, яғни басқа мәдени ерекшеліктерді қабылдаумен бірге
келісімге келмеу интеграциядан үстем болған кезде қолданылады. Атап айтқанда,
"аккультурация" сөзі бөтен әсердің зиянын тартқан аборигенді мәдениеттің әділетсіз
сауданы идеалға балаган жағдайларын сипаттауға қолданылды... Мәдени құбылыстарда
интеграцияны танытатын паттерндеу мен ең көп дегенде жарым-жартылай интеграцияны
танытатын аккультурация арасындағы айырмашылық әрқашан айқын көріне бермейді."
Егер ол мәдени байланыстың динамикасына арналған 1951 жылғы шағын мақаласында:
"Антропологтарда осыдан 15-20 жыл бұрын сән болған аккультурация, қазіргі кезде,
мәдени және әлеуметтік динамиканың табиғатын зерттеу ауқымы жағынан қауіпті
фрагменттелу болып табылып отыр" деп жазбаса, бұған назар аудармауға да болар еді.
Егер, аккультурацияның зерттеушілері өздерінің зерттеу пәндерін осылайша анықтайтын
болса, оларда кейбір қиындықтар пайда болуы мүмкін.
Аккультурациялық зерттеулердің динамикалық сипатының жалпы мойындалуына
қарамастан, "аккультурацияның деңгейі" және "жарым-жартылай немесе толығымен
аккультурацияланған жеке адамдар" туралы сөз қозғайтын бір әдет бар, әсіресе АҚШ-та.
Жеке адам толық аккультурацияға ұшыраған жағдайда аккультурация үдерісі көрер көзге
қорытындыланады да, біз аккультурацияны қалып-күй, ахуал ретінде сөз етеміз. Оны
айтпағанда, "аккультурация" сөзі мағынасының "ассимиляция" терминінің әлеуметтік
мағынасынан айырмашылығы барын көру қиын. Редфилд, Линтон және Херсковицтің
анықтамасы "аккультурацияны... кейде аккультурацияның бір тін болып табылатын
ассимиляциядан ажырата білу керекті" қосуымен түрленді. Әдетте, ассимиляция
аккультурацияның, нәтижесінде жеке адамдар тобында бастапқы мәдениет толығымен
басқа мәдениетпен ығыстырылып шығарылатын (топта "аралас" мәдениеттің пайда
болатын жағдайға қарама-қайшы) формасы деп танылады. Бұл термин тұрақты және
айқын мағынасында қолданылмайды, ал, аккультурацияланған жеке адамдарға (топтарға
емес) жиі қарайлай беру көптеген формальды анықтамалар тұрғысынан қарағанда екі
ұшты болып көрінеді. Бір жағынан осы айырмашылықтар институттық және әлеуметтік
мәдени немесе жеке адамдық және психологиялық көзқарастардың үстемдігін көрсетеді.
Ақырында, аккультурацияның далалық (полевые) зерттеулері негізінен баяндамалы;
оларда аккультурацияның нәтижелері оның қандай да болсын динамикасын ашуға
ешқандай ұмтылыссыз баяндалады.
Редфилд, Линтон және Херсковицтер берген анықтама аясында, аккультурация өзара
қарым-қатынастағы екі топқа да әсер ететін екіжақты процесс ретінде қарастырылуы
керек. Егер, европалықтардың мәдениеті (ең алдымен миссионерлердің, саудагерлердің
және отаршыл әкімшілік шенеуніктерінің) қарым-қатынас нәтижесінде белгілі бір
өзгерістерге ұшырағаны және Жаңа Құрлықтағы испан мәдениеті үндіс мәдениетімен
түрленгені туралы сирек назар аударылуларды еске алмағанда, аккультурацияның бұл
қырына назар мүлдем аз аударылған. Фернандо Ортис мәдени қарым-қатынас
жағдайларының екі жақтығы сипатын баса көрсету үшін "транскультурация" терминін
ұсынды. Осы жұмысқа алғы сөзінде Малиновский, бұл терминді энтузиазммен