Page 13 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
13
құрылуына әкеледі, ал бұл өзімен бірге таным саласында ұлы жетістіктер, бүгінгі күні өте
мұқтаж болып отырған практикалық іс-әрекетке үлкен үстемдіктер әкеледі.
Ескерту
1. Дж.П.Мердоктың "Мәдениеттің түпкілікті сипаттамасы" атты мақаласының 3-ескертуін
қараңыз.
3. МӘДЕНИЕТ ДИНАМИКАСЫ
АККУЛЬТУРАЦИЯ
Ральф Л. Билз
Терминді анықтау және қолдану мәселелері
"Аккультурация" терминін бірінші қолданған авторлар осы терминді анықтауға ешқандай
ұмтылыс жасаған жоқ; оған қарамастан терминнің мағынасы көбінесе түсінікті сияқты.
Парсонстың туралы зерттеуі оның өз сөзі бойынша "аккультурацияға арналған, яғни үндіс
мәдениетінің испан мәдениетінен нені алғаны туралы". Парсонс үшін аккультурация
дегеніңіз — синкретизация жағдайлары және испандықтардан алмасудың айқын
жағдайлары. Ол Мексикадағы үндіс - испан қарым - қатынасының нәтижесі жаңа
өзгеріске түсіп отыратын ахуал екенін көрсетсе де, аккультурацияны анық тануға болатын
еуропалық компонент енгізілмеген. Сондай-ақ одан үндістердің ескілік қиын шақтары мен
олардың жаңадан ұйымдасуы мен араластырудың жанама нәтижесі түрінде көрінетін
қарым-қатынастары да шығарылып тасталады. Аккультурация Парсонстың ертеректегі
жұмыстарында да осылай түсіндіріледі. Терминнің бұдан кеңірек түсіндірмесі,
аккульутация сапасы ретінде жаңа мәдени элементтермен алмасу, қабылдамау және ескі
мәдениетті қайта ұйымдастыру кезінде өтетін процестердің тұтас кешені қарастырылатын
Билздың мақаласында ұсынылған.
Алғашқы жүйелендірген анықтама Редфилд, Линтон және Херсковицте берілді:
"Аккультурация әртүрлі мәдениеттерді иеленетін жеке адамдар топтарының үздіксіз
тікелей байланысқа кіру нәтижесінде бір немесе екі топтың бастапқы мәдени
паттерндеріндегі өзгерістерге әкеліп соғатын құбылыстарды қамтиды". Осы анықтама
кейінірек көп ғалымдар және авторлардың өздерінің әртүрлі сынына алынуына және
анықтамаға енгізілген түрлендірілулерге қарамастан бұл қазіргі кезде ең таралған
анықтама бірақ, бүл анықтаманы толық түсіну үшін мақаланы тұтас оқу керек. Ең үлкен
мәселелер және қиындықтар анықтаманың келесі құрамдас бөліктерінен шығып тұр: (1)
"Үздіксіз тікелей байланыспен" не дегілері келеді? (2) "Жеке адамдар топтары" қандай
мағына береді? (3) Аккультурация ұғымының және мәдени өзгеріс пен диффузия
ұғымдары арасында қандай байланыс бар? (4) Аккультурация мен ассимиляцияның
қандай байланысы бар? (5) Аккультурация процесс пе немесе қалып-күй ме?
Мейлінше өзекті мәселелер қатарында — мәдениет кейбір жағдайларда басқа мәдени
дәстүрдің өкілдері болып шығатын миссионерлер және саудагерлермен болатын мезгіл-
мезгіл қарым-қатынастар салдарынан болатын өзгеру мәселесі. Егер аккультурацияны
ерекше бір мәдени өзгеріс ретінде қарастырсақ көп қиындық тумайды, келтірілген
мысалдар аккультурация мен диффузияны болу мәселесін көтереді. Екі ұғым да мәдени
өзгерісті, мәдениетті бір топтан келесі бір топқа беру нәтижесі деп көрсетеді. Херсковиц
бүл мәселені диффузияны "мәдениеттің беріліп болғаны" және аккультурацияны
"мәдениеттің берілу процесі" (үдерісі. — ред.) ретінде қарастырып шешіп отыр. Ол бұл
көзқарасты түрлендіріп, аккультурацияға диффузияны қисын арқылы шығару, ал оның