Page 15 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
15
қабылдайды, бірақ, оның өзінің ешбір жарияланымында мәдени қарым-қатынастың екі
жақты байыпты түрде қарастырғаны көрінбейді. "Транскультурация" терминін латын
америкалық авторлар қолданды, оны, егер "аккультурация" термині соншама кең
таралмағанда да, оны қабылдауға болатын еді.
Британдық зерттеушілердің мәдени қарым-қатынастарға арналған пікірталастарының
көбі, европалық мәдениеттің жергілікті (туземдік) мәдениеттерге тигізетін ықпалына ғана
арналған. Қарым-қатынастың хауса, және фулани сияқты африкандық тараптарының
қарама-қарсы жаққа европалықтарға қарағанда неге азырақ эсер ететіні туралы мәселені
көтерген бірден бір зерттеуші Фортес болды. Тап осылайша Вагнер Африка мен азиялық
қарым-қатынастың теориялық маңызын атап көрсетеді. Әдетте АҚШ-та мәдени
байланыстың барлық түрлерін қамтуы үшін жалпы пікірлер өте мұқият
қалыптастырылады. Ал, тәжірибе жүзінде қарағанда, көптеген американдық және бүкіл
дерлік латын американдық зерттеулер европалық мәдениеттердің европалық емес
мәдениеттерге ықпалын зерттеу төңірегінде жасалған. Европалық дейінгі аккультурация
туралы бытыраңқы сілтемелер табуға болады, ал, арнайы зерттеулер мен талдаулар өте
мардымсыз немесе мүлдем жоқ. Европалық мәдениет жөнінде болмайтын әңгіме
аккультурация туралы жұмыстардың айтарлықтай үлгілері — Линдгреннің "Тартыссыз
мәдени қарым-қатынастар үлгісі: тұңғыш - бұғышылар мен солтүстік-батыс
Манчжуриядағы қазақтар" кітабы, Экваллдың "Тибет шекарасындағы мәдени
байланыстар" кітабы және Гринбергтің "Хауса тайпасындағы негрлер мен мұсылмандар
мәдени қарым-қатынасының кейбір қырлары" мақаласы.
Басқа да кейбір зерттеулер әсіресе, Роберт Редфилдтің зерттеулері негізінен қала
мәдениеттерінің халық немесе ауыл (folk cultures) мәдениеттеріне ықпалы мәселесі
төңірегінде концентрацияланған. Редфилд осы жағдайға "аккультурация" терминін
қолдануды абайласа да, менің ойымша, американдық ғалымдардың көбісі оның
зерттеулерін дәп солай тектестіретін сияқты.
Херсковицтің Жаңа Құрылықтың негрлеріне арналған зерттеулері сипаты жағынан
біршама ерекшеленеді. Автор өзі оларды аккультурациялық зерттеулер деп санағанымен,
қаттырақ айтқанда, оның зерттеп отырған жағдайында, көптеген британиялықтардың
Африкада өткізілетін зерттеулеріндегі сияқты "жеке адамдар топтары" жоқ. Шамасы, өз
тамырын жоғалтқан жеке адамдар өз қоғамы мен өз мәдени ортасынан алынып, жаңа
мәдениетке орналастырылатын шығар. Терминнің бұлайша қолданылуы американ
зерттеушілердің көбіне, оның ішінде Артур Рамос сияқты латын американдық ғалымдарға
да тән. Осы түрге Эмилио Виллемстің Бразилиядағы немістер мен жапондардың
аккультурациясы туралы зерттеуі де жатады. Аталған терминді иммигранттардың
бейімделуін зерттегенде әлеуметтанушылар да осы мағынасында кеңірек қолданып жүр.
Жуырда Билз аккультурация арқылы, тек АҚШ-тағы иммигранттық топтар ғана емес,
сонымен қоса қаланың ауылдық жерлердегі халыққа деген ықпалының өсуі болсын
немесе ауылды халқының қалаға миграциясы болсын, урбанизацияның барлық процесін
зерттеуге болады деген болжам айтты. Европалық типті мәдениеттегі қарым-қатынастар
жағдайына байланысты айтпағанмен, мұндай көзқарасты, бір мәдениетке жататын
топтардың арасындағы қарым-қатынастарға қатысты Грегори Бейтсон да айтты.
Осы қысқаша шолудан "аккультурация" (немесе "мәдени қарым-қатынас") терминінің
анықтамасы мен оның қолданылуы әркелкі жөне көңіл толарлық еместін анық көруге
болады. Осымен қоса қазіргі кезде зерттеулердің едәуір қабатын оңайлықпен
аккультурация категориясына жатқызуға болатынын мойындау керек. Қиындықтар ең
алдымен осы саланы зерттеу шекарасын анықтауда жатыр және ең аз дегенде логикалық
орайдағы қиындықтар болып отыр. Аккультурациялық зерттеулер тек қана европалық