Page 12 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
12
еш нәрсе олардың табиғатын өзгерте алмайды. Адамдардың эмпирикалық заңдарға
бағыныштылығы тастардан мүлде кем емес. Соңда да адамдар екі дерекке, яғни, заңға
және ортаның кездейсоқ жағдайларына үшіншісін де қоса алады; олар жарым-жартылай
болса да осыған қабілетсіз тастарға қарағанда мәдениеттің материалды құралдарының
көмегімен өзінің қоршаған ортасын бақылай алады жөне соның арқасында эмпирикалық
арқылы нормативті жақындай алады. Бұл жәйт адамзаттың әлеуметтік деңгейіне
ғылымның зерттеу объектісі болуға кедергі жасамайды; ол ғылымның көмегімен бүл
деңгейде басқаларына қарағанда әлдеқайда көп нәрселерді жасауға болатынын ғана
білдіреді. Ғылымның болашақ мүмкіндіктерінің ұлы ауқымы оны жарату әрекеттерінде
пайда болған қиыншылықтарға тікелей пропорционалды.
Сөйтіп, қоғамдық ғылымдарда біздердің әлі күнге шейін тек деректеріміз ғана бар және
ешқандай теориямыз жоқ, ал бұл біздің қолымызда raison d'etre мұқтаждығындағы
деректер бар дегенді білдіреді. Жағдай неге бұлай болып тұр? Қоғамдық ғылымдарға
дамуға қажетті барлық материалдық алғышарттар бар: зерттеуге эмпирикалық деректер
саласы бар, қажетті зерттеу әдісі болмаса да, ізгі ықыластағы адамдар бар. Олардың
сәтсіздігі ең алдымен екі факторға: құбылыстың өте күрделі саласын зерттеу қиындығына
және әдісті қате түсінуден туындайтын қиындықтарға байланысты. Ғылыми әдіс
логикасын, әсіресе ғылым дамуындағы гипотеза ролін үйрену арқылы соңғысын жеңуге
болады. Ал бірінші қиындықты жеңуді тек ұзақ және көп еңбектеніп зерттеу барысында
ғана күтуге болады. Мәселенің күрделілігін сезінуден ол қарапайымданып кетпейді, бірақ
біз оны шешуге жақындау тәсілдерін ашсақ, онда ол кәдімгідей оңайланады.
Ешбір деректерге сүйенбей-ақ, сол деректер туралы барлық сұрақтарға парасаттан жауап
күтіп, орта ғасырларда теріс пайдаланылған рационалистік әдіске осы уақытқа дейін
қауіппен қарайтын қоғамдық ғылымдар, өз жұмыстарында ғылыми әдіс рационалдық әдіс
бола алмайды деген тәрізді
201-10 жалған жорамалдарға сүйенеді. Егер де ол барлық бөлшектерін және ұсақ егжей-
тегжейін универсалийлер билігінен шығаруға тырысса, онда жалғыз парасат жеткіліксіз.
Рационалдық догматизмнің осы қателігін ғылыми әдіс әйтеуір жеңді. Егер ғылыми әдіс
істің мәніне жете түсінбей, екінші бір шекке шығып, универсалий эмпирикалық
материалмен еш байланысы жоқ деп ойлап, эмпирикалық догматизм қателігіне ұрынып
жатса, онда жеңісті толық деп есептеуге болмайды. Ақиқаты сол, ғылыми әдісте
рационалды пайымдаулар мен деректер қосарлана жүруі тиіс. Деректер болмаған
жағдайда, парасат еш нәрсемен жұмыс істей алмайды, ал парасат болмаса деректермен
жұмыс істелмейді. Өзара ұқсастықтары мен айырмашылығына қарай бір деректі
екіншісімен қабыстыруда логика немесе рационалдық пайымдауды қолдануды қажет
етеді. Жаратылыстану ғылымдары парасат ғылыми әдістің ажырамас бөлшегі болып
табылады деген түсінікке жетіп қойды; мұны түсіну әлеуметтік ғылымдар үшін әлі алда.
Ғылыми әдістің мүмкіндіктері мен ол бізге уәде етіп отырған таңғажайып жаңалықтары
адам қиялының шеңберінен тыс шығады. Парасаттың өз мүмкіндіктерін көрсету жағдайы
сирек болды. Осы мүмкіндік тек екі рет: грек философиясында және қазіргі ғылымда орын
алды. Екі жағдайда да адам жанында терең таңбалар қалды және олар ешқашан
тегістелмеуі мүмкін. Орта ғасырларда парасат ашылуға шарасыз, байлаулы болды; Қайта
өрлеу дәуірінен бастап оған біресе субъективті номинализм догмалары, біресе
психологизм үстемдік етті, ал өзі болса шарасыз қала берді. Жағдайды түзету үшін өзінің
бірден-бір беделі ретінде деректерге сүйенетін парасат билігін мойындау керек. Парасат
пен деректер біріге отырып, адамзат мәдениеті дамуына қандай да бір өзге нәрсеге
қарағанда, әлдеқайда коп нәрсе жасай алады. Әлеуметтік-мәдени құбылыстар саласына
ғылыми әдісті қолдану сөзсіз адамзат мәдениеті туралы нағыз қоғамдық ғылымның