Page 11 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
11
бөлейік, себебі бізге келесі екі сұраққа жауап қайтару керек: Қоғамтанудың ғылыми
талдауға келмейтіндігі жөніндегі және қоғамтанушылардың ғылыми әдістерді әдепті
қолдана алмайтыны жөніндегі ереженің қанағаттанғысы көрсете аламыз ба.
Әлеуметтік зерттеулердің ғылым категорияларына жатпайтыны жөніндегі жаңсақтықтың
тамырлары ен алдымен неміс философиясына кетеді. Неміс философиясы философиядағы
субъективизм қателігіне толықтай жауапты, сондай-ақ ғылымдарды қоғамдық және
жаратылыстану деп мүлдем қате болу де солардың мойнында. Алғашқылары
Geistwissenschaften, ал екіншілері — Naturwissenschaften ретінде танымал болды;
алғашқылары нормативті, екіншілері — эмпирикалық ғылымдар ретінде анықталды.
Әлеуметтік ғылымдар емделуге келмейтін, субъективизмді жұқтырып алған кезде, тек
жаратылыстану ғылымдарына ғана объективті болуға рұқсат болды. Неміс
ойшылдарының пікірінше, тек физикалық және объективті дүние ғана өлшеуге келеді.
Осылайша, қоғамдық ғылымдар олар үшін мағынасыз немесе мүлде басқа мағынадағы
ғылымдар болып көрінді. Ақырында, ғылыми әдіс жаратылыстану ғылымдарының
біріңғай меншігі болып шықты.
Неміс ойшылдарына біз олардың әлеуметтік ғылымдар концепциясы жалған
метафизикаға, дәлірек айтқанда, номиналистік метафизикаға, яғни, өзінде істің солипсизм
мүмкіндігі бар субъективті қырын қамтитын, ерекше екпіні бар, физикалық бөлшектерінің
теңдессіз шынайылығына деген сенімде негізделеді деп қарсы шыға аламыз. Іс жүзінде,
біз олардың пікіріне осы кітапта өз тұрғымызды білдірген кезде жауап беріп кеттік. Бізді
эмпирикалық шындықтың барлық салаларының иерархиялы түрде ұйымдасқанын және
осындай ұйымдасу табиғаттың бәріне де үлгеруші шексіздігі мүмкін бола алмайтынын
толықтай көрсеткенімізге үміттенемін. Эмпирикалық шындықтың салалары бір-біріне
кезекпен қабатталады жөне бір-бірімен ұйымдасу күрделігінің дәрежесімен ажыратылған.
Демек, жалпы логикалық, соның ішінде ғылыми әдістер, егер олар біреуіне ғана
қолданбалы болса, онда олар бүкіл эмпирикалық деңгейлерге қолданбалы болуы тиіс.
Эмпирикалық шындықтың барлық салалары, олай болса барлық ғылымдар да — тең
дәрежеде эпирикалық жөне тең дәрежеде табиғи болып табылады. Зерттеу саласы табиғи
объектілердің белгілі бір жүйесі болып табылатындықтан, осы мағынасында бүкіл
ғылымдарды бірдей объективті дейміз. Олардың барлығы бар нәрсені бейнелемей, болуы
керек нәрсені бейнелеуі мағынасында бірдей нормативті болады.
Соңғы тұжырым белгілі бір түсіндіруді қажет етеді. Ғылым заңдарды, гипотезаларды
олардың деректерге және басқа заңдарға сәйкес келуіне қарай тексеру арқылы ашуға
әрекет жасайды. Бірақ та ғылым шын мәнісінде болып жатқан жағдайды ешқашан
айтпайды, ол тек болуы керек жағдайды белгілейді. Эмпирикалық және нормативті
ғылымдар арасындағы айырмашылықтардан біз эмпирикалық ғылымдардың бірдей
уақытта нормативті, ал нормативті — эмпирикалық болуын көрсете алған кезде ғана бас
тарта аламыз. Эмпирикалық ғылымдар бізге болуы керек жағдайларды хабарлағанына
байланысты нормативті болады. Физикалық объекті өздерін қалай қаласа, солай ұстайды,
бірақ ортаның заңдары мен кездейсоқтығынан шарасыз қысылғандықтан, өздерін ылғи
болуы тиіс қалпында ұстай алмайды. Егер атмосфера болмаса, онда тас секундына 32
фунт үдеуімен құлауы тиіс еді. Вакуумдағы құлау жылдамдығын анықтау идеалды, яғни,
болуы керек оқиғаны анықтауды білдіреді. Тастар өзінің құлауына ықпал тигізетін нақты
жағдайларды өзгерте алмайды және соған байланысты өздігінше бүл сипаттамаға келетін,
барлық құбылыстарды басқаратын нормативке жақындай алмайды. Эмпирикалықтың
нормативті қыры туралы көп айтылды, енді нормативті эмпирикалық қырына келейік.
Адамдар араласатын оқиғалар нормативті деп анықталады, бірақ бұл жәйт олардың
эмпирикалық қырынан айырылғанын білдірмейді. Адамзат мәдениетінің әлеуметтік
деңгейі, — яғни, адамдық қарым-қатынастар мен еңбек құралдары — бұлар деректер және