Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
халықаралық саясаттағы талдаудың бастапқы бірлігі болып табылады деп талбаңдап
отыру қиынға түседі. Бұл - талдау бірлігі екендігіне және мемлекеттің шешімдері
нәтижеге ықпал ете алатынына күмән туғызбайды. Бірақ бұрын мемлекеттік бірінші
кезектегі шаруалар болған салаларға трансұлттық құрылымдардың араласуы мемлекет
өзінің талдау бірлігі рөлін басқалармен - басқа мемлекеттермен және басқа мемлекеттік
емес құрылымдармен бөліседі деген сөз. Мемлекет нәтижелерге ықпал ете алады
(дегенмен бұл қабілет барған сайын ассимметриялық қабілетке айналып келеді), бірақ ол
енді сол нәтижелерді тіпті өзінің аумақтық шекаралары шеңберінде анықтайды деп нық
айта алмайды.
Жаһандық экономикалық құрылымдар жөнінде мемлекеттердің дәрменсіз бола
түскендігінің бір жеткілікті мәні бар мысалын өткен онжылдықтағы Францияның
тәжірибесі береді. 1960 жылдары, тіпті 1970 жылдары да Франция туралы демократиялық
саяси жүйедегі экономикалық жоспарлау мен басқарудың моделі ретінде әңгімелейтін
болатын." Франция тіпті барлық азимуттар бойынша өзінің қорғаныс саясатының
тәуелсіздігін мәлімдеді. Бірақ 1982 жылы сайланған социалистік президент базар
қысымымен экономикалық стратегияда дереу кері бұрылыс жасады. Қорғаныс
өнеркәсібіндегі өндірістік шығындардың өсуі салдарынан Франция ұлттық қауіпсіздік
мәселелерінде НАТО-мен және немістермен барған сайын көбірек дәрежеде ымыра
жасауға мәжбүр болды. 1992 жылға қарай, француз франкі тек неміс Бундес - банкінің
көмегімен қолдау тауып отырған кезде, Голль жақтастарының автономияға дәмесі мүлдем
дерлік ғайып болды.
Академиялық әрі-сәріліктің және абыржудың үшінші негізгі көзі, меніңше, үшінші
дүниенің әлсіз елдері коалициясының күйреуі болды. ХСЭ-ның ең ірі құрамдас
бөліктерінің бірі, бұл пәнді бай индустриялық дүние мойындағанға дейін - ақ, либерализм
мен еркін базар идеологиясы емес және ұлтшылдық идеологиясы емес болатын. Р.Гилпин
(Gilpin, 1987. Сһ. 2) оны "марксизм" деп атап, осы мағынада сынайды. Бірақ шындығында
бұл құрамдас бөліктің тұжырымдамалары мен құндылықтарының кейбіреулері бір шамада
Марксқа қарыздар болғанымен, ол марксизмге саймайтын. Оны капиталист базар
экономикасын өз негізінде әділетсіз, сондықтан қате деп қарастырғандардың бәрі
қолдады. Еркін базар беретін пайда түптің-түбінде байлардан кедейлерге қайта бөлінеді
деген либералдық мәлімдемелерді тек марксистер ғана терістеген жоқ; біреулер
индустрияландыруға кешігіп жеткендердің біріншілер сияқты жоғары тұрмыс деңгейінен
ләззат алатындығына күмәнмен қараумен болды; енді біреулер күндердің күнінде әрбір
адам экономикалық өсу мен дамудың шарықтауына қол жеткізе ала ма деген сұраққа
жауап іздеді.
Осынау сыншыл, немесе құрылымдық теорияны сондай - ақ капиталистік жүйенің
қателіктері жаһандық және ұлттық деңгейдегі саяси араласумен өтеле алады деп
санайтындар тарапынан қолдау тауып отырды. Оған тән болу ала-құлалығы қомақты
көмекпен және неғұрлым лоялды сауда саясатымен, сондай-ақ бай елдерде орналасқан
трансұлттық корпорациялардың рөлінің өзгеруімен жақсартыла алатын. Оны Рауль
Пребиштің талдауымен және ұсыныстарымен келіскен барлық латынамерикандықтар,
азиялықтар және африкалықтар ғана емес, сондай-ақ көптеген еуропалықтар және
Брандтың есебін жақтаған басқалар да қолдады. Пребиш өзінің БҰҰ-ның Латын
Америкасы бойынша Экономикалық комиссиясының басшысы жағдайын пайдалана
отырып, даму үстіндегі елдердің сауда-саттық жағдайын жақсарту және оларға
экономикалық көмек беру жөніндегі кең көлемді уәждерін көлденең тартты. Осыған ұқсас
проблемалар Вилли Брандтың Экономикалық даму жөніндегі тәуелсіз комиссиясына
шабыт берді, ол Еуропаның әл-ауқат мұраттары бай Солтүстік пен кедей Оңтүстік