Page 7 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жасаған кездегі билік балансының уақыт өте өзгеруі және мәміле жасаушылардың
мақсаттары да өзгеруі мүмкін екендігі айдан анық болғандықтан, мәмілелерге негізделген
талдау әдісі режимдерді талдауға қарағанда динамикалық факторларды неғұрлым сәйкес
ескереді.
Қырғи қабақ соғыстың аяқталғанынан басқа, екінші, ұзақ мерзімді өзгеріс пайда болды, ол
ішінара ХСЭ-ны зерттеудегі бүгінгі абыржу ахуалының себебіне айналды. Бұл ұлттық
экономикалардың дүниежүзілік базар экономикасына кірігуінің күшеюі. Аталмыш өзгеріс
мемлекеттерге күмәнсіз ықпал етеді, бірақ мемлекеттен тыс жерде - халықаралық саяси
экономияның барлық негізгі төрт құрылымында, негізінен несиелер мен қаржылардың
барған сайын біріге түскен құрылымдарында және өндірістің барған сайын трансұлттық
болатын құрылымында пайда болады (Strange, 1988; Stopford and Strange, 1991). Мұның
нәтижесі мемлекет автономиясының едәуір қысқаруы, бұл қысқару жөнінде
экономистерден немесе саяси зерттеушілердің көпшілігінен гөрі басқа әлеуметтік
ғылымдар өкілдерінің - антропологтардың, әлеуметтанушылардың, тіпті географтардың -
білім көлемі неғұрлым қомақты (Dicken, 1986; Mann, 1986; Giddens, 1990; Skliar, 1991;
Corbridge and Thrift, 1994).
Дәлелдер баршаға айдан анық. Бүгінде ешбір мемлекет өзіне жаһандық базар
экономикасынан оқшауланып шығуға жол бере алмайды. Бұрынғы КСРО-ның мұрагер
мемлекеттері, Бирма (қазір Мьянма), Қытай Халық Республикасы, Үндістан, Иран,
Вьетнам және Оңтүстік Африка бұл фактыны көбірек немесе азырақ құлықсыз болса да
қабылдайды және өз экономикаларына капитал жұмсауға шетел компанияларын тарту
мақсатына сәйкес қимылдауда, өндірушілер бәсекеге неғұрлым қабілетті болуы үшін, ал
дүниежүзілік базар бағалары жеке меншік сектор үшін шынайы экономикалық белгілер
рөлін атқаруы үшін өздерінің жабық ұлттық базарларын ырықтандыруда. Куба мен
Солтүстік Кореяның да төтеп бере алмайтыны күмәнсіз, ол тек уақыттың мәселесі. Бірақ
осындай таңдаудың салдары, сол таңдаудың шектеулерін түсіну, былайша айтқанда, іргелі
болып табылады және көз жетерлік болашақта өте қажет болмақ. Дүниежүзілік базардан
үлес алу үшін бәсеке - мейлі ол мұнай, жартылай өткізгіштер немесе әуе тасымалдары
болсын - базардың орныққан құрылымдарын және заңдарын қабылдау деген сөз.
Шетелдік капитал үшін бәсеке негізгі қаржы орталықтары мен халықаралық банкілер,
сақтандыру компаниялары, заңгерлік фирмалар және бухгалтерлік компаниялар
белгілейтін шарттарды қабылдау деген сөз. Қосылу дегеніміз шарықтау мен құлдырауға
және осыдан шығатын, өзгеріп отыратын, ұдайы ұтымды бола бермейтін базарға тән
тәуекелдер алдында дәрменсіз болу деген сөз. Өз кезегінде бұл негізгі дүниежүзілік
базарларға енуді ұлттық үкіметтерден гөрі көбірек бақылауда ұстайтын, жетекші
технологиялары
бар
және
олардың
пайдаланылуын
қадағалайтын
шетел
компанияларымен келіссөз жүргізу императивін қабылдау деген сөз; олармен
ынтымақтастық сондай-ақ экономикалық өсу үшін және тұрақты төлем балансы үшін
қажет шетелдің адам һәм қаржы ресурстарына қол жеткізуге жәрдемдесе алады (Stopford
and Strange, 1991. Сһ. 2). Тәуелсіз мемлекеттердің үкіметтері үшін мүмкін болған саяси
шешімдердің көпшілігі олар үшін қол жетпейтін нәрсеге айналды. Қандай нұсқалар әлі
ашық күйінде қалып отыр - бұл қазір көптеген мемлекеттер мүлдем елеусіз бақылауда
жасайтын сұрақ.
Осылайша, егер мемлекет бұдан әрі ішкі экономикасын қадағалай алмаса - саяси
қайраткерлер өзін өзі қорғау мақсатында олардың шешімдері экономикалық өсуге,
инфляция деңгейіне және жұмыспен қамтуға ықпал етеді деп мәлімдесе де, - және егер ол
өзінің тәуелсіз императивтерін танатын дүниежүзілік базар экономикасынан шығуға
қабілетсіз болса, онда халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдарға мемлекет әлі де