Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
арасындағы қатынастарға қолданылуға тиіс деп дәлелдеп бақты (Brandt, 1980). Бірақ
Америкада мұндай социал-демократиялық дәстүр жоқ еді, сондықтан Брандт пен
Пребиштің есептері салқын қабылданды. 1990 жылдың басына қарай жаңа халықаралық
экономикалық тәртіп туралы, тауар тұрақтылығының бірыңғай бағдарламасы және басқа
реформалық идеялар туралы пікір - таластар аяқталды. Брандтың есебі ұмытылды. Тіпті
алғашында трансұлттық корпорацияларды бақылау үшін Нью- Иоркта құрылған БҰҰ-ның
арнайы орталығы өзінің бағытын өзгертті. Оның ендігі мақсаты - трансұлттық
корпорацияларға қарсы тұру немесе оларды ұлт меншігіне алу емес, олармен
ынтымақтастық жасау, сындарлы мәмілелер жасау.
Қазір структуралистік талдау дамушы елдерді дүниежүзілік базар экономикасына кірігу
нәтижесінде үзірлі артта қалушылыққа "бұйырып", өзінің қателігін әйгіледі деуге болады.
Андре Гундер Франк секілді дүниежүзілік жүйенің структуралистерін, неомарксистерді,
мысалы, Самир Аминді, сондай-ақ Анд шарты бойынша келіссөздер жүргізген немесе
БҰҰ-ның Сауда мен даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) және сауда мен көмек
саласындағы жаңа экономикалық саясаттың ролін көтеруді талап еткен саяси
қайраткерлерді Шығыс Азиядағы жаңа индустриялық елдердің мұрагерлері шатастырып
жіберді. Олар капиталистік жүйе жасаған небір кедергілерге қарамастан, тұтас онжылдық
ішінде жыл сайынғы өсу қарқынының 7-10 пайызға жеткенінің куәсі болды, және басқа
елдердің де осындай табыстарға қол жеткізуі мүмкін еді. 77 дамушы ел - шын мәнінде
олардың саны жүзден артық - тобының коалициялық стратегиясының орнына: АСЕАН-
дағы және басқа да аймақтық топтардағы сияқты көршілес мемлекеттердің, не шетел
фирмалары, банкілері және кеңесшілері арасында жаңа одақтастар табу мақсатындағы
гоббстық шайқас келді. Кейбір акторлардың бұл өзгерістерге алаңдаушылығы уақыт
жағынан кешікпеген тұста, басқалары (әдетте неғұрлым ескі мемлекеттер) дәстүрлі
түсініктерді ұстанды, олар "азиялық жолбарыстарға" дамудың жапондық жолымен жүруге
тек жағдайдың ерекше тоқайласуы ғана мүмкіндік берді деп дәлелдеп бақты.
ҚАБЫЛДАУДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР
Көптеген американдық оқырмандарды осы сәтке дейін-ақ халықаралық саяси
экономияның қазіргі ахуалына мен берген сипаттама абыржытып тастайды. Олар "Қандай
тәртіпсіздік? Қандай абыржу?" деген сұрақ қоя алады, өйткені американдық халықаралық
саяси экономиканың флагманы "International Organization" журналының ағымдағы
сандарының беттерінде нақ осы ретте тәртіпсіздік немесе абыржу нашар бейнеленген.
Американдық және американдық емес қабылдаудың арасындағы айырмашылықтың екі
ықтимал түсіндіруі бар. Біріншісі: американ ғалымдарының көпшілігі бұл саланы
Гилпиннің (Gilpin, 1987) "Халықаралық (international) (дефис - менікі) қатынастардың
саяси экономиясы" атты танымал еңбегінің атына және Спероның (Spero, 1977), сондай-ақ
Блейк пен Уолтерстің (Blake, Walters, 1976) ертеректегі мәтіндеріне сәйкес түсінеді.
Олардың ойынша, аталмыш сала ең алдымен ұлттық мемлекеттер үкіметтерінің күн
тәртібіне енгізілетін тікелей экономикалық проблемалардың саяси қырларына ден қояды.
Сондықтан да оқытылатын курстардың көбісі әлі де "Халықаралық экономикалық
қатынастар саясаты" деп аталады. Тіпті олар өздерінің талдауларының мәнісі
халықаралық саяси экономия деп кесіп айтқан күнде де, ол тар мағынада сыртқы саясатты
зерттеудің бір саласы дерлік мағынада, бірақ қорғаныс саясатынан немесе екі жақты яки
көп жақты одақтардан өзгешеленетін сыртқы экономикалық саясат секілді
қарастырылады. АҚШ-та сауда бәсекелестерін протекциялық анықтау үшін жиі
қолданылатын эвфемизм - стратегиялық сауда саясатына" таяуда көрсетілген