Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Жағдай саяси қатынастарды өзгертеді. Мысалы, демократиялық қоғамдар соғыс кезінде
сөз бостандығын немесе баспасөз бостандығын шектеуге жол береді, бірақ бейбітшілік
тұсында бұл саяси бостандықтарды тез қалпына келтіреді.
Дәл сол секілді АҚШ-тың одақтастары Берлин қабырғасы құлатылғаннан кейін
қауіпсіздікке төнетін қатер әлсіресімен-ақ дербес және АҚШ-тан өзгеше саясат жүргізу
құқығын талап етеді деп күтуге болатын еді. Экономиканы басқарудың базарлық, немесе
капиталистік тәсілі және мемлекеттік-капиталистік жолдың арасындағы жаһандық бәсеке
аяқталып келеді; оның орнын индустриялық экономикалар арасындағы бәсекелестіктің
неғұрлым күрделі пошымы басты. Тіпті АҚШ- та саяси айтыстар басқа одақтас елдердің
неғұрлым тиімді бағынуына қол жеткізу мәселесін талқылаудан американ экономикасы
Жапониямен қалайша неғұрлым тиімді бәсекеге түсе алады дегенді талқылауға тез арада
көшті.
АҚШ-та саяси акценттердің осынау өзгеруінің қазір-ақ академиялық салдарлары бар.
Өткен шақта батыс елдері одағында барынша экономикалық тәртіпті мейлінше қолдап
отыру міндеті халықаралық режимдерді - режимдердің қалыптасуы мен өзгеруін -
академиялық талқылаудың қозғаушысы мен мақсаты болатын. Былай топшылау тіпті
әділетті болады: ХСЭ-дағы талдаушылық жұмыстың басым көпшілігі Най мен Кохэннің
редакциялауымен жарық көрген пионерлік кітаптан кейін режимдерге - сауда, айырбас
бағамдары, сыртқы қарыздар мен шетелдік инвестицияларды басқару, тіршілік өрісін
қорғау, әуе және теңіз тасымалдары және т.б. режимдеріне шоғырландырылды. Енді
қауіпсіздік құрылымындағы сыртқы өзгерістер осынау режимдерге ден қоюдың саяси
тұғырын әжептәуір әлсіретіп жіберді. Режимдерде әділдіктен немесе дербестіктен
тәртіптің басым тұруын талап ететін құндылықтар асып-тасып жататындығы
мағынасында оларды зерттеу сын үшін әрқашан осал түс болатын (Strange, 1983). Оның
үстіне, тәртіп анықтамасының өзі даулы еді; ол анықтаманы американдар көбіне АҚШ-
тың ұлттық мүдделеріне дәлме-дәл сай келетін нәрсе ретінде қабылдайтын. "Ойын алаңы"
нақ АҚШ позициясы тұрғысынан белгіленетін.
Тегінде, жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да көрнекті неофункционал ғалымдардың
халықаралық режимдерді зерттеуге қызығушылығын толық жоймаған - ды. Олардың
жұмысына шабыт берген АҚШ үкіметі немесе ОББ (ЦРУ) емес, ұлттық мемлекеттердің
өзінше бір эгоистік тәртібін бүлдіруге қабілетті халықаралық институттарға олардың төл
идеалистік сенімі болатын. Дэвид Митранидің ізбасары Эрнст Хаас еді; Кохэн, Рагги және
басқалары оның студенттері болатын; неғұрлым жас ұрпақ өз кезегінде Америкада ғана
емес, Еуропада да өз көшбасшыларының ізімен жүрді
.
Менің позициям мынадай: ХСЭ-да осынау жұмыстың заңдылығын көбірек шамада
қамтамасыз еткен және оны қаражат жағынан қолдап отырған саяси байланыстар қазірдің
өзінде мәнінен айрыла бастады және бұл болашақта бұдан да зор дәрежеде жалғаса алады.
Баламалы мәселелерге - режимдердің негізінде жатқан ішкі саяси және халықаралық,
саяси және экономикалық, корпоративтік және мемлекетаралық мәмілелерге - ден қою
режимдердің өзінен гөрі жақсы нәтижелер берер еді. Режимдерге ден қою халықаралық
ұйымды оқып-үйренетін студенттер үшін табиғи нәрсе. Бірақ бұл арада әділ болмау -
әділдікпен және басқа құндылықтармен салыстырғанда тәртіп пайдасына, сондай-ақ
мемлекеттер шеңберінде, немесе үкіметтер мен кәсіпорындар, басқа әлеуметтік топтар
арасында басқа мәмілелерге жол бермейтін үкімет - аралық мәмілелер пайдасына алдын
ала сенім сөзсіз орын алады. Режимдерді зерттеу кезінде сондай-ақ өздерін қолдайтын
келісімдер күйрегеннен кейін де ұзақ уақыт қызметін жалғастыра алатын ұйымдарды
статикалық тұрғыдан талдау жағына қарай ойысу сөзсіз орын алады. Өйткені мәміле