Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
кеңейетін болса, онда осынау неғұрлым кеңірек мәселелер қалай талданбақ? Пәннің
шекаралары туралы ғана емес, қолданылуға тиіс әдістер туралы да сенімсіздікпен
айтылады. Аталмыш салада ғалымдарды қызықтыратын мәселелердің белгілі бір жиыны
қалайша және қандай негізде таңдалғаны жөнінде анық түсіндірудің жоқтығы қайран
қалдырмайды. Мұндай жағдайда ортақ теорияның немесе тіпті жалпы қабылданған
әдіснаманың мүлде жоқтығына таңдануға болмас.
АБЫРЖУ АХУАЛЫ
ХСЭ-ның зерттелуін жалпы дүние жүзіндегі оқиғалар тудырып, ал оның дамуы жоғарыда
қысқаша жазылған оқиғалар дәйектілігімен қолдау тапқаны сияқты, осы заманғы кейбір
дүниежүзілік оқиғалар ғылымның пәні мен оның даму бағыттары турасындағы абыржуды
ұлғайтты.
Мұндай оқиғалар санатына әрине, қырғи қабақ соғыстың аяқталуы жатады. ХСЭ
пионерлерінің бірі американ экономисі Ричард Купер болды. Оның ұстанымы былай еді:
Кеңес Одағы тарапынан жасалған қыр көрсетуге қарсы тұру үшін АҚШ көмегіне сүйенген
Солтүстік Атлантика одағы оған мүше мемлекеттердің экономикалық саясаты жақсырақ
үйлестірілгенге дейін қауіпті жағдайда қала берді (Cooper, 1968). Сауда кедергілерін және
валюта айырбасын қадағалау алып тасталғаннан кейін ізінше экономикалық кірігу - егер
ұсынылған эвфемизмді пайдалансақ, өзара тәуелділік басталды да, көп ұзамай ол кеңінен
таралып кетті, мұның өзі әскери саладағы сияқты, экономика майданында да елеулі күш-
жігерді талап етті. Қысқасы, қырғи қабақ соғыс жағдайы сауда мен қаржы
дипломатиясына да, бай капиталистік одақты бөлу, сөйтіп әлсірету қатерін төндірген
экономикалық проблемаларды академиялық талдауға да жұмсалатын интеллектуалдық
инвестицияларды ақтады. Сөйтіп, ХСЭ капитализм мен социализм арасындағы күресте
тек тағы бір қаруға айналды.
Енді, қырғи қабақ соғыс аяқталған кезде, кедей африкалықтарды, азиялықтарды немесе
латынамерикандықтарды былай қойғанда, еуропалықтар немесе жапондықтар
саясаттарын үйлестіру жөнінде алаңдай беруге тиіс пе? Тағы бір американ экономисі,
Марина Уитман қырғи қабақ соғыс бойындағы халықаралық экономикалық тәртіпті
басқару ісін "құпия мәміле" деп сипаттады, онда бай одақтастар тіпті сауда - саттық және
қаражат мәселелерінде Американың гегемониясына дау айтудан тартынып отырды. Бұл
олардың американ "ядролық шатырының" астындағы өз қауіпсіздігі үшін төлейтін ақысы
еді (Whitman, 1984).
Құпия мәміле ұғымында жеткілікті ақиқат үлесі бар екендігі 1960 жылдардағы ақша-несие
тарихымен қуаттала алады. АҚШ-тың кеңестік қатер ең көп төнген еуропалық одақтасы
Батыс Германияның саяси қайраткерлері өздерінің экономикалық және қаржылық
мәселелердегі тәртібі үшін Америка тарапынан сан рет сынға алынғанына үндемей көне
берді, өйткені олар басып кіруге қарсы кепілдік ретінде өз елдерінде орналасқан американ
әскерлеріне тәуелді екендігін ұмытпайтын (немесе американдар мұны есіне салып
отыратын). Олардың ұстамдылығы де Голльдің АҚШ долларының шамадан тыс
үстемдігін сақтаған жүйеге ашық шабуылуына мүлдем кереғар еді. Француздар мен
немістердің әрқилы реакциясын олардың американдардан әрқилы тәуелділігімен бәрінен
жақсы түсіндіруге болатыны айқын, ол таза несие-ақша мәмілесінен гөрі көбіне әскери
мәміле болғанының жасырын салдары еді.