Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
еңбегі және басқа бірқатар нақты тарихи зерттеулер атқара алады. Бұл қазіргі ақшалық -
несиелік басқару мен саясатты үйлестіру проблемалары жөніндегі нақты ақпаратқа
сүйенген пікірлердің негізі қызметін атқаратын. Дегенмен жалпы алғанда экономистер
жаңа классикалық экономиканың жетекші теориялары мен аксиомаларының негізін
құрайтын қағидалардан бас тарта алмады немесе жай ғана өзгерте алмады. Экономистер
үшін байлық жасаудағы тиімділік, тек қана экономикалық терминдер арқылы есептелетін
пайданың барынша ұлғайтылуы мен шығындардың барынша азайтылуы - ұлттық немесе
жаһандық деңгейдегі жақсы саясаттың әлі де басты өлшемі болып отыр. Басқару
проблемаларын зерттейтін және халықаралық бизнестің нақты болмысымен міндетті
түрде тығыз байланысқан практик - экономистер ғана бірден-бір өлшемнің - кәсіпорын
деңгейінде пайданы барынша ұлғайту шеңберінен үзілді - кесілді шығып, талдаудың
неғұрлым плюралистік "саяси экономиялық" пошымына бет бұрды. Осынау факт бизнес
мектептері мен басқару жөніндегі журналдардың қазіргі кезде корпоративтік басқарудың
этикалық мәселелеріне қаншалықты назар аударатынын көрсетеді. Бұл тағы да белгілі
оқиғаларға - Италия мен Жапонияны дүрліктірген іскерлік саласындағы дау-жанжалдарды
айтпағанда, жуырда ғана іскерлік және қаржы саласындағы қылмыстармен айыпталған
Максвелл, Надир, Милкен, Трамп сияқтыларға қарсы өткен бірқатар сот мәжілістеріне -
жауап болуы әбден ықтимал. Бұл арада негізгі ой мынадай - басқару саласындағы
экономистердің моральдық қырлар жөніндегі өскелең алаңдауы үстем парадигма өкілдері
болып отырған экономистер арасындағы осы сияқты алаңдаушылықпен доп келіп отырған
жоқ.
Халықаралық қатынастар мен халықаралық экономика арасында сақталып отырған
алшақтықтың нәтижесі - ХСЭ- ны оқып-үйренудегі жосықсыздық. Бұл салада жұмыс
істейтін мамандардың едәуір көбісінде өзіндік бір сырқат - қозғалу керек болатын бағыт
турасында неғайбылдық түйсігі, тіпті біз қазір қай жерде тұрғанымыз жөнінде абыржу
сырқаты бар.
Меніңше, бұл былық таяуда шыққан жинаққа Мерфи мен Туз жазған кіріспедегіден де
әрман: "Халықаралық саяси экономия, - дейді олар, - ғалымдар арасындағы оның қалай
зерттелетіні туралы келісімнен гөрі, ненің зерттелетіні туралы келісім арқылы көбірек
анықталатын сала ретінде дамыды" (Murphy, Tooze, 1991, P. 1). Әрине, ХСЭ-ға қатысы бар
деп қарастырылатын, әдетте келісілетін, белгілі бір "зерттеу салалары" бар, олар:
дүниежүзілік сауда-саттық, айырбас багамдары, сыртқы қарыз, шетелдік инвестициялар
және әсіресе трансұлттық корпорациялар, бұлар үкіметтердің алаңдаушылығын
бейнелейді. Бұл тақырыптар пәннің әлдене ұйтқысын, өзіндік бір ортақ өзегін құрайды,
оған саны барған сайын өсіп келе жатқан әдебиет те, халықаралық зерттеулер жөніндегі
конференциялардағы баяндамалар да арналған.
Бұл ұйытқының шегінен тыс жерде әлі не талқылануға тиіс екендігі - пәннің және оның
сыртында тұрған түсіндірмелердің бұдан арғы шекаралары туралы әлдебір нақты
келісімнің мүмкіндігі - меніңше күмәнді. Пән "оқиғаларды" бейнелейтін және
мемлекеттердің үкіметтері бір-бірімен жанжалдасқанда немесе ынтымақтастық жасағанда
үкіметтерді қозғай кететін газет тақырыптарын құрайтын мәселелермен шектелуі тиіс пе?
Әлде пән дүниежүзілік базар экономикасында және қоғамда көптеген биліктердің таптар,
ұрпақтар, жыныстар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында құндылықтарды бөліп
таратуының іргелі принциптері бағытында дамуы керек пе? Басқаша айтқанда, ол
бастапқы "ойкономия" терминін - үй шаруашылығын басқарудың барлық қырларын
зерттеу - жаһандық терминдерге аударуға тиіс пе, сөйтіп біздің бәріміз Ежелгі Грекиядағы
кеңейтілген отбасы пошымының орнына белгілі бір дәрежеде жаһандық үй
шаруашылығында тұратынымызды мойындауымыз керек пе? Бірақ егер пән осылайша