Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
яғни, уақыт жағынан 1973 жылғы араб - израиль соғысына дөп келген мұнайға
сұраныстың жоғары деңгейін пайдаланды, сөйтіп өздері беретін мұнайдың бағасын төрт
есе көтере алды. Олардың табысы - ұзаққа бармаған табыс еді, өйткені АҚШ-тағы
инфляция мұнайдың нақты бағасының төмендеуіне апарып соқтырды - дамушы елдер
тарапынан экономикалық әділеттілік және бай өнеркәсіптік елдер тарапынан сауда мен
көмек мәселелерінде жақсырақ қатынас жасалуы талаптарына жаңа дем берді. Бұл тек сол
кезеңнің басталуы ғана болатын, оның барысында газет мақалаларының тақырыптары мен
саяси қайраткерлердің күн тәртібі барған сайын экономикалық және, оның үстіне тек
өзгеріп келе жатқан саясаттың ғана емес, өзгеріп келе жатқан базардың да нәтижесі деген
ұғымда іргелі саяси сипат алды.
1980 жылдардағы ұзақ мерзімді қарыз дағдарысы саясат пен экономиканың өзара тәуелді
екендігін дәлелдейтін көп мысалдардың тағы бірі болды: ол кезде экономикалық
оқиғаларды саяси шешімдер туғызып отырды және олардың терең саяси салдарлары
болды, ал бұл салдарлар саясат пен экономиканы бөліп тұрған шекараларды да, жекелеген
елдердің саяси экономиясын халықаралық саяси экономиядан бөліп тұрған шекараларды
да бұзған-тын. Американ қаржы - несие басқаруындағы 1981 жылғы өзгерістер 1982 жылы
бүкіл дүние жүзінде өсім пайызының ұлғаюына алып келді. Бұл өз кезегінде банктерден
несие алып, "мерзімі өтіп кеткен несиелер" деп аталатын қарыздардың қауіпті
ауыртпалығымен бетпе-бет келген Мексика, Польша және көптеген дамушы елдер үшін
қарыздарды өтеу ауыртпалығын ұлғайтты. Екі саяси мәселе: біріншісі - несие
берушілерде, екіншісі қарыз алғандарда пайда болды. Біріншіден, бүкіл дүниежүзілік
экономиканың тұрақтылығына қауіп төндіріп, жаңағыдай несиелерді қайтаруға
борышкерлерді парықсыз мәжбүрлеген ірі халықаралық банкілер үшін қатер қандай еді?
Екіншіден, борышкер елдермен қандай қатынас жасау керек және, егер олар ұзақ уақыт
шетел капиталының кетіп отыруын бастан өткерсе, олардың экономикалық даму
жоспарлары орындала ма? Қысқасы, тиісті саяси шешімдер қабылданды, соларға сәйкес
несие берген банкілер белгілі бір шығындарды есептен шығарып тастауға тиіс болды,
бірақ бұл шығындар бүкіл жүйе бұзылатындай және борышкер үкіметтер ұзақ уақыт
несиенің жеткіліксіздігін көре отырып Бом даму үшін берілген инвестицияларды құрбан
ете отырып, 1930-жылдары дефолт жариялағандай, қабілеттері келген кезде төл
қарыздарын төлей алатындай соншалықты үлкен болмауы тиіс.
Әлбетте, осы және осыған ұқсас оқиғалардың арқасында саяси қайраткерлер, ақпарат
құралдары және ғалымдар ХСЭ- ға едәуір көңіл бөлетін болды. Оқиғалар қысымында
қалған үкіметтер мен банкілер шығындар мен пайдаларды, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді
тек мемлекеттер шеңберінде ғана емес, ұлттық шекаралардан тыс жерлерде де бөліп
таратуға ықпал ететін шешімдер қабылдай алмайтын болды. Сондай - ақ экономикалық
тиімділікке негізделген өндірістің және бөліп таратудың капиталистік жүйесінің
тұрақтылығы мен ұтымдылығына күмән туды.
ХСЭ-ның қоғамдық қырларына назардың күшеюіне қарамастан, синтездің
интеллектуалдық проблемасы әлі шешілмеген - ді. Халықаралық қатынастар саласының
мамандары экономикалық феномендерді зерттеді және экономикадан көшіріп алынған
тұжырымдамаларды, тіпті уәждеу әдістерін пайдаланды. Ал экономистер, керісінше,
халықаралық қатынастар туралы әдебиетті едәуір дәрежеде елемеді. Егер олар ХСЭ
туралы пікірталасқа қосылуға бел байласа, олар іс жүзінде басқа пәндерден оқшауланған
өздерінің төл терминдеріне негізделетін, немесе кейде әлемдік экономика тарихына
сүйенетін де, өздерінің байламдарын жасау үшін салыстырмалы тарихи әдістерді
пайдаланатын. Мұның мысалы қызметін соғыстар арасындағы кезеңдегі ақша- несие
қатынастары туралы, алтын стандарты туралы Барри Эйченгриннің (Eichengreen, 1992)