Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Сьюзен СТРЕНДЖ
САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
(1923-1998) - Варвик университетінде дәріс оқыған. Журналисті қызметінен басқа (The
Observer қызметкері) Лондон экономика мектебінде және Флоренциядағы Еуропа
Институтында сабақ берген.
Оның ғылыми жұмыстарының аясына халықаралық қатынастар, халықаралық
экономикалық, қатынастар, мемлекеттердің сыртқы саяси қызметінің дүниежүзілік
базарлармен ара қатынасы, жаһандық базар экономикасы, мемлекеттер және базарлар,
бәсекелес мемлекеттер және бәсекелес компаниялар, өндіріс, билік және әлемдік тәртіп
мәселелері кіреді; ол мораль философиясына ерекше көңіл бөледі.
САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Мен және кейбір басқа ғалымдар әлемдік жүйені зерттеуде саясат пен экономиканы бір-
бірінен ұзақ уақыт әрі зиянды бөлгенді тоқтату керектігі туралы тұңғыш рет үн
көтергенімізге 20 жылдан асты (Strange, 1970, 1972; Kindleberger, 1970; Baldwin, 1971;
Keohane and Nye, 1972; Morse, 1976). Ғылымның жалпы қабылданған саласы ретінде
халықаралық саяси экономияның бұдан кейінгі дамуы ойдағыдай болды. Көптеген
университеттер бұл пән бойынша курстар енгізді, докторантуралар құрды, оқытушылық
бос орындар жөнінде хабарландырулар берді әрі ол орындар тез толтырылды. Саяси
экономия тез даму саласына айналды, бәлкім, қазір оның дамуы біраз баяулаған болар,
бірақ халықаралық зерттеулерде ол 1970 жылдардың басымен салыстырғанда әлдеқайда
елеулі орында екеніне күмән жоқ.
Алайда табыс - егер ол нақ солай болса - елеулі интеллектуалдық ілгерілеудің нәтижесі
болған жоқ. Ол тек мен және аталмыш саладағы басқа пионерлер - Роберт Гилпин, Эд
Морс, Дэвид Болдуин, Роберт Кохэн және Джозеф Най - ұсынған идеяларға аздап қана
қарыздар. Ал бұл идеялардың төркіні: халықаралық қатынастар саласындағы көптеген
жұмыстарда, егер реалистердің басым мектебінің терминологиясын пайдалансақ, "жоғары
саясатқа" - сыртқы саясат пен қорғаныс саясатына және халықаралық құқық пен
қауіпсіздік проблемаларына - көп көңіл бөлінсе, "төменгі саясатқа" немесе халықаралық
экономиканы басқаруға өте мардымсыз көңіл бөлінген.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ: ОҚИҒАЛАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Мамандандырылудың жеке саласы ретінде халықаралық саяси экономияның (ХСЭ) дүбірі
шын мәнісінде идеяларды емес, оқиғаларды бейнелейтін еді. АҚШ президенті Никсонның
бір жақты тәртіппен доллардың еркін жылжымалы бағамын енгізу, алтын терезені жабу
және басты валюталарды алмастырудың Вуд Бреттон ережелеріне эпитафия жазу жөнінде
шешім қабылдағаны жай ғана кездейсоқ дөп келу еді (мұның өзі менің "International
Affairs" (Strange, 1970), журналында жарияланған мақаламнан 18 ай өткеннен кейін болған
еді, мен ол мақаламда саясат пен экономиканың ұзақ уақыт бойы бөліп тасталуын
доғаруға шақырған болатынмын). Оның қарекеті саясаттың да, халықаралық ақша - несие
жүйесі экономикасының да идеяларына және мәселелерін талқылауға алып келді. Келесі
екі жылдың барысында ОПЕК елдері шикізат базарындағы өте қолайлы конъюнктураны,