Page 14 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жүргізу, немесе сәбиге күтім жасау жөніндегі кезекшілік кестесін жасау, т.с.с. Бірақ бұл
процестер бәрібір саяси процестер болып табылады және экономикалық ұтымдылықтан да
көбірек саяси дағдылардың болуын талап етеді; мұндаймен айналысқан кез-келген адам
бұған келіседі. Университеттердегі факультет басшылары да саяси рөл ойнайды, әрі сол
рөлде өздерінің ұстаздық немесе ғалымдық тәжірибесіне қарамастан, жетістікке жетуі
немесе сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.
Егер бұл көзқарас қаперге алынса, онда саясат пен экономика дүниелерінің бір-бірінен
бөлінбегендігі және бөліне алмайтыны айқын болады. Егер экономикалық айырбасқа
қатысушылар сонымен бір мезгілде саясатпен айналысса, бас қатырып жүрсе, және саяси
келіссөздерге, мысалы, коалициялар құру жөніндегі келіссөзге қатысушылар сондай-ақ
қаражат жинаумен және дауыс жинаумен айналысса, онда екі процесс те осынау
құрылымдар орын алатын процесс шеңберінде бірге зерттеліп, талдануға тиіс.
Екіншіден, билік тұжырымдамасы да түбегейлі кеңейтілуге тиіс. Саясаттанушылар мен
әлеуметтанушылар билік ұғымын ресурстарға жай ғана бақылау жасау шегінен және
тікелей мәжбүрлеу шеңберінен кеңейтіп, жақсы бастау жасады. Луман теріс ыңғайдағы
санкциялар қолданудың ерекшелігін атап көрсетті (дегенмен ол неге оң ыңғайдағы
санкцияларға жеңіл салмақ телитінін мен түсіне алмадым; патронаж жүйесі саясаттың өзін
зерттеу сияқты соншалықты көне емес пе?). Биліктің үш деңгейі туралы Лакестің идеясы
(Lukes, 1974) көп адамдардың көңілінен шықты. Төте мәжбүрлеуші биліктен басқа ол, мен
"құрылымдық билік" деп атаған нәрсені - тек күн тәртібін белгілейтін ғана емес,
институттар қалыптастыратын билікті, сондай-ақ мен білім құрылымы деп атайтын
идеялар патшалығындағы және өкілеттік заңдылығының анықтамасын беретін билікті -
бөліп көрсетті; соңғының негізінде қисынның және уәждер мен талдау әдістерінің бір
тұрпаты қабылданады, ал басқалары қабылданбайды.
Ал үшінші деңгей сана қойнауындағы, алдын-ала ойластырылмаған немесе
қасақаналықсыз жүзеге асырылатын билікті қамти ма, жоқ па, бұл арасы әзірше анық
емес. Ниетсіз билік бірінші кезекте көп адамдар экономикалық билік peтiнде
қарастыратын базар билігіне қатысты, бірақ мен мынаны табандап айтамын: саяси және
экономикалық биліктің арасында жіті айырмашылық жүргізу мүмкін емес, өйткені
біреуінде бар элемент әрқашан екіншісінде де болады. Саясат туралы тайыз ойлайтындар
базар секілді жекелік сипаты жоқ бірдеңеге қалайша билік тиесілі болатынын түсіну қиын
деп біледі. Бірақ нақты өмірде базар операторының билігін сол базардың ұйымдастырылу
тәсілінен бөліп алу қиын. Мысалы, "Де Бирс" компаниясының алмас сатып алушылар мен
сатушыларға билігін еске түсіріңізші. Алмас базарын Оңтүстік Африка үкіметінің
келісімімен және оның тарапынан толық қолдаумен "Де Бирс" ғасырға жуық уақыт бойы
құрылымдады. Сондықтан "Де Бирстің" оператор peтiндегі билігін компания жұмыс
істейтін алмас базарының билігінен бөліп алу мүмкін емес. Дәл сол секілді барлық
үкіметтердің тіршілік етуде төл өзара мүддесі бар халықаралық қоғамның құрылымын
келісімдердің тұтас бір жиынтығы қолдап отырады, оларды "қарға қарғаның көзін
шұқымайды" деген мәтелмен тұжырымдауға болады. Демек, жүйенің өзі оны құрайтын
мемлекеттерге билік беретіні секілді, дүниежүзілік базар экономикасының құрылымдары
базарда жұмыс істейтіндерге, олардың билікке ұмтылатынына не ұмтылмайтынына
қарамастан, билік береді.
Бұл Роберт Кокстың "Өндіріс, билік және дүниежүзілік тәртіп" (Cox. Production, Power and
World Order, 1987) атты еңбегіндегі талдауға кереғар емес, дегенмен ол мұнда әлеуметтік
күштер мен нәтижелер арасындағы аралық өзгергіш ретінде халықаралық саяси жүйеге