Page 15 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ерекше ден қояды, ал мен мемлекеттер жүйесі қолдап отыратын қауіпсіздік құрылымын
қаржылық, өндірістік және білім құрылымдарынан бөліп қарар едім.
Осы себептермен, меніңше, халықаралық қатынастарды зерттеудегі реализм де,
неореализм де, экономиканы зерттеудегі либерализм де, тепе-теңдіктің неоклассикалық
ұғымы да тұйыққа тірейді, және олар ұмытылуға тиіс. Олар халықаралық саяси экономия
үшін төте жолдар емес, - culs-de-sac, strade senza uscita. Егер біз саяси және экономикалық
қызметтің шынайы синтезіне қол жеткізгіміз келсе, онда, ерте ме, кеш пе, әйтеуір қайтып
оралу, сөйтіп бәрін жаңадан бастау қажеттігі пайда болады.
Мақсат жаһандық үйдегі зардаптарды және оларды тудырған не екендігін айқын талдау
болуға тиіс. Бұл "зардаптар" дистрибутивтік нәтижелерді де, - кім неге күш салады - және
тұтас алғанда жүйедегі құндылықтардың тиісті тұтастығын да қамтиды. Халықаралық
саяси экономияның қызмет ету тәсілі әділетті қамтамасыз еткеннен гөрі байлық өндіруге
кемірек жәрдемдесетінін жалғастырып жатыр ма? Ол автономияны немесе таңдау
еркіндігін қамтамасыз ете ме? Түптің түбінде бұл қазір және таяудағы уақытта
тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете ме? Осынау құндылықтардың әрқайсысы
үшін "кім үшін?" деген дистрибутив сұрақ бар ма? Жүйе байлықтың, қауіпсіздіктің,
әділеттің немесе таңдау еркіндігінің басым бөлігін қандай әлеуметтік, экономикалық,
этностық немесе діни топтар үшін қамтамасыз етеді?
Мен үшін бастауға қайта оралу мораль философиясы деп әдетте ненің аталатынына оралу
деген сөз. Менің түсінуімше, мораль философиясы іргелі құндылықтарды: олар адамзат
қоғамының реттелуінде қалай бейнелене және олардың арасындағы жанжалдар қалай
шешіле алар еді дегенді қарастыратын. Мораль философиясы - кез-келген қоғамдағы
құндылықтарды талдаумен және оларды бір мезгілде біріктіріп, бөлумен айналысты,
кейбір философтар мұнымен әлі де айналысып келеді. Қазір бірден-бір айырмашылық
мынада: бізде кей мағынада жаһандық қоғам және оның негізінде іс жүзінде дүниежүзілік
саяси экономия бар. Мораль философиясының, басқа әлеуметтік ғылымдардың да
көкжиектері енді мемлекеттер шекараларында тұйықталып қалмайды. Сондықтан
талдауды мораль философиясынан бастау - халықаралық саяси экономия мәселелерін
талдауға келгенде ұлтшылдыққа немесе кез-келген басқа фанатизмге қарсы кепіл бола
алады.
Талдаудың шеңберінен қаншалықты ұзап кетіп, сосын нұсқауларға көшуге болады деген
сұрақ - едәуір субъективті сұрақ. Нормативтік сарындардан шабыт алған кейбір ғалымдар
құндылықтардың әрқилы қосылуларына мақсатты жәрдемдесуді және жекелеген
құндылықтардың әрқилы дистрибутивтік нәтижелерін қорғай алады. Баз біреулерді тек
өлшемдерді, өндіріс, қаржы, қауіпсіздік пен білім құрылымдарын және олардың қалай
пайда болғанын объективті, дәл талдау әрекеттері қызықтыруға алады. Макиавеллидің
солтүстік африкалық замандасы Ибн-Хальдун сықылды, олардың мақсаты жай ғана
"заттардың зат болуы қалай және неліктен" екенін табу болуға тиіс (Lacoste, 1984. P. 177).
Тацит тарихты өнер ретінде бағалайтын жерде Ибн-Хальдун оны саяси өзгерістердің
негізгі себептерін ғылымға айналдыруға ұмтылып, Солтүстік Африканың әлеуметтік һәм
экономикалық құрылымдарынан тауып отырды. Халықаралық қатынастардағы реалистік
бағыттың ізашары Макиавеллимен кереғарлық ғаламат. Макиавелли билеп-төстеушіге
мемлекетті және оның басқалармен қарым-қатынасын бақылауда ұстай отырып, қалай
аман қалу жөнінде кеңес бермек болды. Қазір қарапайым болып көрінетін себептерге
байланысты мен мынаны сеземін: халықаралық саяси экономияны зерттеу бүгінде Ибн-
Хальдун идеяларына көбірек, Макиавелли идеяларына азырақ мұқтаж.