Page 13 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Әрине, саяси экономистер үшін экономикалық теорияның магнетизмі оның тек әлеуметтік
ғылымдардың ішіндегі (мүмкін) ғылыми еместігі ең кемі ретіндегі, яғни,- нақты
болмыспен басын қатырмай - күні бұрын көре білу мен сәуегейлік айту мүмкіндіктеріне
негіз болатын тәртіптің қайталану әлуетіне неғұрлым қатаң талаптар қоятын ғылым
ретіндегі әлеуметтік беделінен ғана туындамайды. Магнетизм сондай-ақ оның
экономикалық дамудың, айырбас бағамдарының, инфляцияның, жұмыссыздықтың,
инвестиция жұмсаудың және т.б. жалпы теориялары секілді көптеген жалпы теорияларды
дамыту талабымен байланысты. Экономикалық теорияның топшыланатын жетістіктеріне
еліктеу тілегі оның әдістерін имитациялауға жетелейді. Осылайша, басқа ғалымдар
экономистердің әлеуметтік те, саяси да беделіне және, әрине, олардың ресурстарға ие
болуына ортақтасуға тырысады.
Менің бір күдігім, имитаторлармен жиі болатынындай, халықаралық саяси экономияның
өкілдері болып табылатын, экономистерге еліктейтін ғалымдар олардың модельдер жаңа
идеялармен, жаңа әдістермен, жаңа пікірталастармен алмастырылған бойда ұмытылып
кетеді. Қазірдің өзінде ұйымдастырудың экономикалық теориясының танымалдығы
кейбір экономистерді артқа - экономика тарихына қарай жетелеп отыр, ал оның
халықаралық саяси экономияны зерттеу үшін, менің пікірімше, әрқашан да әлдеқайда
терең негіздері болды. Бродель, Чиполла немесе Полани сияқты тарихшылардың
еңбектері нәтижені қалыптастыратын құрылымдық және өзге факторлардың күрделілігін
көрсетеді. Бұл күрделілік ұтымдылықтың қандай да бір тұжырымдамасына көне
қоймайтын секілді.
БҰДАН ӘРІ НЕ БОЛМАҚ?
Халықаралық саяси экономияның бұдан әрі дамуы үшін, біріншіден, саясаттың пәнін
қайталап анықтау қажет. Саясаттанушылар тым ұзақ уақыт бойы саясат үкіметтердің не
істейтіндігінен, олардың қалай қызмет атқаратындығынан және бір-бірімен қатынасын
қалай құратындығынан тұрады деп ойлап келді. Баз біреудің айтқанындай, мемлекет
саясат пәнін "отарлап алды". Сондықтан бізде американдық (немесе британдық,
француздық, жапондық яки басқа да бір) саясат, жергілікті билік органдарының саясаты,
салыстырмалы саясат, дүниежүзілік саясат жөніндегі курстар бар. Солардың бәрінің
ортасында мемлекет тұр. Бірақ, бұдан көп жыл бұрын француз авторы Бертран Жувенель
(Jouvenel, 1954) көрсеткеніндей, бір индивид немесе топ өз мақсаттарына жету үшін
басқалардың қолдауы мен көмегін қажет ететін жағдайдың бәрінде саясатқа қатысады.
Бұл принцип саясат табиғатын басқаша қарастыруға мүмкіндік береді. Ол енді
мемлекетке, үкіметтің қызметіне саймайды. Осылайша, фирмалардың жетекшілері
сапаның белгілі бір стандарттарына қол жеткізуде өз менеджерлері мен
жұмысшыларының немесе өнім берушілерінің қолдауын, яки өз акционерлері мен
кредиторларының сенімін сақтауға ұмтылған кезде, саясатқа тартылады. Бизнесті басқару
жай ғана бірқатар тиімді экономикалық айырбас жасаудан әлдеқайда үлкен нәрсе екенін
онымен айналысқан кез-келген адам біледі. Қарама-қайшы мүдделерді жөнге келтіру,
командалар тізбегін айқындау, жауапкершілік саласын нобайлау және алауыздықтарды
шешу қажет. Мұның үстіне осынау бизнеске тартылған адамдардың барлығына біршама
көшбасшылық, біршама мақсат сезімі, біршама сенім сіңірілуге тиіс. Және бұл орайда
үкіметтің шеңберінен тыс саясат шағын ауқымда жасалады: меценатта саясатқа қатысады;
қайырымдылық мақсаттарға ақша жинайтын адамдар "өз мақсаттарына жету үшін
басқалардың қолдауы мен жәрдеміне" ділгір болады. Кейбіреулердің мақсаты таптаурын
мақсат - мысалы, теннис клубын басқару немесе автомобиль бірлестігі турасында келіссөз