Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қызығушылық халықаралық саяси экономияның тек осы қысаң тұжырымдамасын ғана
бейнелейді.
Екінші түсіндіру халықаралық саяси экономияның АҚШ- та экономикалық теория
экспансионизмінің құрбаны болуымен байланысты. ХСЭ-ны экономистер "басып алған"
немесе, бері салғанда, солардың ортасында неғұрлым кеңінен таралған тұжырымдамалар
мен әдіснамаларға сәйкес олардың проблемаларды көру тәсіліне бағындырылған болып
шықты. Жас американ ғалымдары мынадай қорытынды жасады: қызмет бабында
көтерілудің, жайсаңдық пен танымалдықтың сенімді жолдарының бірі - тәртіпті түсіндіру
әдісі ретінде ойындар теориясын пайдалану көмегімен экономистерге еліктеу, олар әдетте
істейтініндей, қаталдық реализмін бағындыра отырып, демек, сарындар мен мақсаттар
жөніндегі едәуір экстравагантты және тіпті таңқаларлық топшылаулар ұсынуға
дайындалу. (Gole, Cameron and Edwards, 1983; Hodgson and Screpanti, 1991; Colander and
Brenner, 1992).
Осынау екі түсіндіру міндетті түрде бірін-бірі жоққа шығармайды. Олар бірге де, жеке-
жеке де американдық қабылдау тәсілінің өзіне-өзі елеулі шоғырлануы арқылы беркітіле
алады. АҚШ-та газеттер мен теледидардың жаңалықтар бағдарламалары "шетелдік"
жаңалықтарға, әрине, американ әскерлері іске араласқанға немесе араласуы мүмкін
екендігіне дейін, ешқандай қызығушылықтың жоқ екендігін көрсететініндей, дәл солай
американ ғалымдарының көпшілігінің ғылыми жұмыстары сыртқы дүние идеяларына
және оны қабылдауға әдетте әдейі саңырау және соқыр күйінде қала береді. Бұны тек мен
ғана байқап, мен ғана шағым айтып жүрген жоқпын; Ванкувердегі сөзінде Карл Холсти
де, Ричард Хигготт та осындай пікірін білдірді (Holsti, 1985; Higgott, 1991).
Бірақ сыртқы дүниеге немқұрайдылық - жаңа құбылыс емес, ол өнеркәсіпте "бөтеннің
өнертабысы синдромы" ретінде белгілі. Халықаралық қатынастар саяси экономиясының
халықаралық саяси экономияның мазмұнына сай келетін анықтамасын табанды ұстану
тенденциясы, сонымен бір мезгілде қалай істелу тиістілігін анықтай отырып, экономикаға
басымдық беру таяуда ғана пайда болған тенденция. Пәннің мазмұны мен әдістері үшін
екі құбылыстың да зор маңызы бар.
Халықаралық қатынастар саяси экономиясының анықтамасына тоқтала отырып мен
былай деп санаймын: плюралистер немесе трансұлттық қатынастар туралы Кохэн мен
Найдың (Keohane and Nye, 1972) мақалалар жинағынан бастау алатын өзара тәуелділік
мектебі дүниежүзілік қоғам мен экономиканың саяси экономиясын түбегейлі жаңаша
зерттеуге бастайтын жолдың тек бір бөлігін жүріп өтті. Олардың акторлар сияқты
мемлекеттен өзгеше объектілерді және бейбітшілікпен һәм соғыспен байланысты емес
мәселелерді талқылауға енгізуі әділ. Бұл мектеп "құрылымды" тек саяси терминдерде,
яғни, мемлекеттер арасындағы билік құрылымдары, супердержавалар, ұлы державалар,
орта державалар және басқа мемлекеттердің иерархиясы терминдерінде қарастыруда кілт
тоқтады, әрі әлі де орнынан қозғалған жоқ. Осыдан АҚШ билігінің әлсіреуіне жалпы
алаңдаушылық туындайды. Халықаралық саяси экономияны осылай түсінгенде нәтижеге
қос полярлы, мультиполярлы немесе, мысалы, гегемониялық "билік геометриясы" ықпал
етеді. Нақ сол жүйенің жұмыс істеу тәсілін немесе жүйедегі тоқырауды анықтайды. Бұл
орайда экономикалық процестер саяси құрылым аясында жүреді деп есептелінеді. Бұл
кері процеске - орын алып отырған экономикалық құрылым шеңберінде жүріп жатқан
саяси өзгерістерге жол бермейді және экономикалық һәм әлеуметтік құрылымдарды саяси
құрылыммен - аумақтық мемлекеттердің халықаралық жүйесімен қатар өмір сүретін
құрылымдар ретінде қарастыруға мүмкіндік бермейді. Плюралистер экономикалық
құрылымдар нәтижеге билік жүргізудің төл тұрпаттарын құра алады және құрады