Page 20 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жаһандануын" мерекеледі. Фрэнк Фукуяма өзінің жиі ауызға алынатын мақаласында
тарихтың аяқталғаны және "адамзаттың саяси құрылысының ақтық пошымы ретінде
батыстық либералдық демократияның әмбебаптануы" туралы жариялады. Жеңімпаз
демократияландыру толқынының қуатты тегеурінімен озбырлықтың Кубадағы,
Бирмадағы, Солтүстік Кореядағы немесе кез-келген басқа елдегі соңғы тіректерінің
күйреуі - тек уақыттың мәселесі.
Осындай оптимизмді ақтауға бола ма? Үстіміздегі онжылдықта демократияның жеңімпаз
шеруі соңғы 20 жылдағыдай жалғаса бере ме? Менің бұған күмәнім бар. Рас, пессимизмге
бейімдеу екенімді мойындауға тиіспін. Пессимистік болжамдардың үлкен бір
артықшылығы - не сенікі дұрыс болып шығады, не сен қуана таң қаласың. Бұдан он жыл
бұрын мен батыс дүниесінің шегінен тыс жерде, Латын Америкасында болмаса,
демократия тамыр жая алмас деп болжаған едім. Соңғы он жылдың оқиғалары менің
қателескенімді көрсетті, және мен бұған қуаныштымын. Бәлкім, менің бұл жолы да
қателескенімді бұдан кейінгі оқиғалар теріске шығарар. Солай болар деп үміттенемін де.
Алайда демократияландырудың қазіргі толқыны әлсірей бастады, көп ұзамай ол өзінің
шырқау биігіне жетеді немесе тіпті сәл кері кетеді деуге көп негіз бар. 70-жылдардың
ортасында Иберия түбегінде пайда болып, кейін 40 шақты елді қамтыған соңғы
демократияландыру толқыны енді экспансия фазасынан нығаю фазасына көшуде. Бұл
идея - мен осы мақаламда айтқым келген нәрсенің ең бастысы.
Оқиғалар неге басқаша емес, нақ осылай өрбуде?
Біріншіден, мынаны атап өту керек: демократияландыруға белгілі бір экономикалық және
мәдени шарттар қолайлы болады. Олардың ішінде экономикалық дамудың салыстырмалы
жоғары деңгейі және (батыс христиандығын қосқандағы құндылықтарымен бірге) батыс
мәдениеті деп атауға болатын нәрсенің басымдығы бар. Бүгін таңда Сингапурдан басқа
жоғары немесе орташа жоғары (uppez middle) кіріс деңгейі (ХҚДБ жіктеуі бойынша) бар
елдердің бәрі іс жүзінде демократиялық елдер болып табылады. Дәл сол секілді барлық
батыс мемлекеттеріне немесе Батыстың күшті ықпалына тап болған елдерге (Кубадан
және кейбір басқаларынан басқа) демократиялық құрылыс тән. Нақ көрсетілген
алғышарттар әлсіз жерде демократияландыру болған жоқ. Бұл не кедей, не мәдениеті
бойынша батыстық емес қоғамдар. "Фридом хаустың" тізбесінде "еркін"елдер айдарына
жататын 75 елдің тек бесеуі ғана Азияда (Жапония, Оңтүстік Корея, Монголия, Непал,
Бангладеш), екеуі - мұсылман әлемінде (Бангладеш және Солтүстік Кипрдегі Түрік
республикасы) және үшеуі христиандықтың шығыс тармағына жатады (Грекия, Болгария,
Кипр Республикасы). Кеңес Одағының қираған орнында пайда болған мемлекеттердің
Балтық елдерінен өзге бірде-біреуі "еркін" деп топтастырып жіктелмеген. Осылайша,
қазіргі кезде демократия Батыс және Орталық Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік
Америкада, сондай-ақ Азияның шеттерінде басым. Бұрынғы Кеңес Одағының басым
аумағында, Қытайда, Оңтүстік Азияның кең байтақ аумақтарында, араб дүниесінде,
Иранда және Африка елдерінің көбінде ол жоқ. Бұл өңірлерге демократия тарала ма? Бәрі
де экономикалық және мәдени факторлардың жиынтығына байланысты болмақ.
Мысалға, бұрынғы кеңестік республикаларды алсақ, онда демократияның болашағы
туралы экономикалық тұрғыдан анағұрлым ілгері кеткен протестанттық - католиктік
Балтық елдері жайында оптимизммен айтуға болады. Ал енді кавказдық және исламдалған
ортаазиялық кедей мемлекеттердегі демократияның перспективасы негізінен сүреңсіз.
Мәдени дәстүрлерін православие анықтайтын, ал экономикалық ахуалын аралық деп
сипаттауға болатын республикаларда бұлыңғырлық басым. Ресейде демократияның ескі
коммуниста гвардияға жататын қарсыластары 1991 жылғы сәті түспеген тамыз