Page 19 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ БОЛАШАҒЫ:
ЭКСПАНСИЯДАН НЫҒАЮҒА ҚАРАЙ
Дүние жүзінде демократияның кеңінен таралуы - XX ғасырдың соңғы үш онжылдығының
ең маңызды саяси феномен! екендігі күмәнсіз. Алғашқы серпінді Оңтүстік Еуропада -
Испанияда, Португалияда, Грекияда - алған демократияландыру толқыны Латын
Америкасын көктей өтіп, онда Кубадан басқа елдердің барлығын шарпыды. Одан кейін ол
Азияға ауысты да, онда Филиппинде, Тайваньда, Оңтүстік Кореяда, Пәкстанда және
Бангладеште авторитарлық режимдердің орнына демократиялық жолмен сайланған
үкіметтер келді. 1989 жылы осынау демократия толқыны Шығыс Еуропаны, тағы екі
жылдан кейін Кеңес Одағын шарпыды.. Бұрынғы КСРО-ның барлық республикаларында
тағайындалған коммунист көшбасшыларды сайланған көшбасшылар алмастырды.
Демократияландыру өзін Йемен және Иордания сияқты Таяу Шығыс елдеріндегі
электораттық процесс рөлінің күшеюі арқылы да көрсетті. Африкада көптеген
диктаторлар демократиялық процедуралардың арқасында биліктен тайдырылды; бірқатар
африкалық елдерде саяси күштердің жалпы ұлттық конференциялары және дөңгелек
үстелдері өтті; және ең маңыздысы, демократия жолына Оңтүстік Африка берік бет алды.
Демократиялық самал өзін тіпті бұрын мұны еш күтуге болмайтын елдерде де байқатты.
Содан бірнеше жыл бұрын ғана, 90-жылдардың басында Албанияда, Моңғолияда,
Непалда және Бенинде билік басына демократиялық жолмен сайланған үкіметтер келеді
деп кім ойлаған? Дүние жүзінің барлық жерінде әскери хунталарды, жеке-дара
диктатураларды және бірпартиялық жүйелерді демократиялық үкіметтер ығыстырды.
Нью-Йоркхе орналасқан "Фридом хаус" ұйымы жыл сайын дүние жүзіндегі бостандық
ахуалының толық талдауын жариялайды. 1972 жылы ол 42 елді еркін елдер деп
аттестацияласа, 1991 жылы оның есебінше бұл көрсеткіш 75-ке жеткен.
Демократияның аумақтар бойынша әсерлі кеңеюін бақылай отырып, екі маңызды сәтті
назарда ұстаған жөн.
Біріншіден, демократия теңсіздік, жемқорлық, тиімсіздік, әділетсіздік және біліксіз
шешімдер қабылдау проблемаларын міндетті түрде шешпейді. Бірақ ол индивидтің
бостандығына кепілдік беретін, оны адам құқықтарының жаппай бұзылуынан және адами
ар-намысының тапталуынан қорғайтын институциялық жағдайларды қамтамасыз етеді.
Демократия дегеніміз тиранияға қарсы құрал, және сондай құрал ретінде ол адамдарға
басқа да әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше мүмкіндік береді.
Екіншіден, демократияның дүние жүзіне таралуы мемлекеттер арасындағы соғыс
ықтималдығын кемітеді. Жаңа тарихтың іргелі фактыларының бірі мынада: XIX ғасырдың
басында АҚШ-та осы заманғы демократия орнатылған кезден бері демократиялық елдер
арасында, ілуде бір демесек, соғыс болған емес. Мұны түсіндіруге де болады. Егер
аталмыш тезистің әділ екендігін мойындасақ, онда дүние жүзінде демократиялық
үкіметтер санының көбеюі шамасына қарай соғыстың пайда болу негізі тарыла түсуге
тиіс.
1974 жылдан кейін демократияның кеңеюі өмірге біз бәрін қамтыған ғаламдық
демократиялық революцияны бастан кешудеміз деген түсінікті ала келді. Көптеген
адамдар демократия шабуылға шықты, және, көп ұзамай ол дүние жүзінің барлық жерінде
жеңіске жетеді деп ойлады. Бұл көзқарас әсіресе Шығыс Еуропада коммунизмнің
күйреуінен кейін мықтап беркіді. Бір бақылаушылар "демократия жеңді", - деп
жариялады. Енді біреулері оны "болашақтың толқыны" деп, жариялап "демократияның