Page 21 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
төңкерісінен кейін және бұдан екі ай өткен соң Ельцин кеңес парламентін таратып
жібергеннен кейін жеңіліс тапты. Сол кезде Ельцин салтанат құрды, алайда кейінірек
Жириновскийдің салтанат құратын уақыты туды... Ельцин Ресей үшін көптеген қажет
реформаларды жүзеге асыруда, бірақ ол мұны I Петр стилінде істейді. Ельциндік Ресей
демократиялық ел бола да алады, болмай да алады. Ресейде болып жатқан оқиғалар
кеңестік дәуірден кейінгі басқа республикалардың, Моңғолияның және Шығыс
Еуропаның саяси дамуына зор ықпал ететін болады. Сондықтан АҚШ пен Батыстың ең
маңызды ортақ сыртқы саяси міндеті - Ресейдегі демократияның дамуы мен нығаюына
жәрдемдесу.
Соңғы онжылдықта Қытайда ғаламат жылдам экономикалық өсу байқалды. Бұл елде,
әсіресе оның оңтүстік бөлігінде, құдіретті жеке меншік сектор, ал онымен бірге
буржуазияның елеулі тобы өсіп шықты, орта тап пайда бола бастады. Келешекте бұл
топтар үлкен саяси ашықтыққа, плюрализмге, тіпті, бәлкім, демократияға ілгерілеу
серпінін бере алады. Бұл бағыттағы қадамдар, алайда, жылдам және оңай бола қоймайды.
Қытай халқының басым бөлігі әлі де шаруалар болып отыр; құңфудзылық құндылықтар
мен практика бұрынғысынша күшті позициясын сақтап отыр, ал Қытайдың саяси
басшылығы батыстық демократия принциптері мен адам құқықтарын елегісі келмейтінін
ашық білдіре отырып, авторитарлық саяси жүйеден бас тарту ниеті жоқтығын көрсетуде.
Дегенмен, егер тереңірек үңілсек, экономикалық өсу жалғаса берер болса, ол
демократияландыру жолында тұрған мәдени және саяси кедергілерді бұза алады.
Сонымен, Ресейдегі демократияның болашағы таяудағы да, алыстағы да перспективада
анық емес. Ал Қытайдағы демократияға келсек, оның таяудағы перспективасы қолайсыз
және алыс перспективада қолайлы болуы мүмкін. Азияның демократиялық емес басқа
елдері туралы да шамамен Қытай жөніндегі болжамды айтуға болады.
Мұсылмандық Таяу және Орта Шығыста демократияландырудың азын-аулақ жемісін
фундаменталистік топтар пайдаланды да, бұл Алжирде, Тунис пен Египетте жазалау
саясатының қайта жаңғыруына апарып соқтырды. Бұл елдердің қазіргі көшбасшылары,
егер демократия билік басына фундаменталистік күштерді алып келетіндей болса, ондай
демократияның қандай да болсын пошымына келісуі неғайбыл, дегенмен Иорданиядағы
1993 жылғы сайлау электоралдық процеске қатысу әлгіндей топтардың (әсіресе олардың
ел басқару жауапкершілігін мойнына алуына тура келетін болса,) қысымын тежеуі және
олардың сайлаушылар алдындағы беделін төмендетуі мүмкін екенін көрсетеді.
(Айтпақшы Индус фундаменталиста партиясы да өзі билік басына келген Үндістан
штаттарында сайлаушылардың қолдауынан айрылып қалды). Ақыр соңында,
демократияландыру Африканы енді-енді ғана қозғады - бұл континент елдерінің көбінде
әлі де қатал диктатура, әскери кликалар және немесе тар тайпалық базаға сүйенген
режимдер билік жүргізуде. Бұл арада демократияға қарай қозғалыс, әзірге үміт шамалы,
экономикалық дамудың және кей-кейде драмалық сипат алатын христиандандырудың
міндеті болып табылады. Демократия перспективасы салыстырмалы түрде жоғары
дамыған экономикасы бар, кезінде апартеидті уағыздаған, қазір батыстық либералдық -
демократиялық құндылықтарды қолдайтын ақ нәсілді азшылығы және Африка ұлттық
конгресінің саяси жағынан кемел басшылығы бар Оңтүстік Африкада бәрінен жарқын.
Барлық осынау уәждер демократия тек батыс елдерінде ғана гүлдене алады деген сөз емес.
Әрине, олай емес, бірақ оның батыстық емес қоғамдарда дамуы, Түркия сияқты кейбір
елдерді есептемегенде, мол шамада батыс ықпалының, батыстық отарлаудың немесе нақ
сол батыс мемлекеттерінің әскери басып алуының салдары болды. Осы заманғы
демократия протестанттық мәдениеттің жемісі ретінде дүниеге келді. Католиктік елдерге
ол көп кешігіп жетті және 70-80 жылдары демократияландырудың бүгінгі толқыны ең