Page 18 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
институттар өркенияттар арасындағыдан гөрі, бәрінен бұрын өркенияттың өз ішінде
қалыптасады; 6) әртүрлі өркенияттарға жататын топтар арасындағы жанжалдар, бір
өркеният ішіндегі жанжалдардан гөрі, неғұрлым жиірек, ұзағырақ және қантөгісті болады;
7) әртүрлі өркенияттарға жататын топтар арасындағы қарулы жанжалдар ең ықтимал да
қауіпті шиеленіс көзі, болашақ дүниежүзілік соғыстардың көзі болып табылады; 8)
халықаралық саясаттың негізгі өзегі Батыс пен қалған әлем арасындағы қатынастар
болды; 9) кейбір іштей қақ жарылған батыстық емес елдердің саяси элиталары оларды
батыстық санатқа қосуға тырысады, бірақ жағдайлардың көпшілігінде елеулі кедергілерге
тап болады; 10) таяудағы болашақта жанжалдардың негізгі ошақтары Батыс пен бірқатар
исламдық-құңфудзылық елдер арасындағы өзара қатынастар болады.
Бұл өркенияттар арасындағы жанжалдардың керектігін негіздеу емес, болашақтың
жорамал картинасы. Бірақ егер менің гипотезам көз жеткізерлік болса, бұл батыс саясаты
үшін не екендігі жөнінде ойлану қажет. Бұл арада қысқа мерзімді пайда мен ұзақ мерзімді
реттеу арасында айырмашылық жүргізу керек. Егер қысқа мерзімді пайда позициясы
басшылыққа алынса, Батыстың мүдделері мыналарды ашық талап етеді: 1) төл өркенияты
аясында, ең алдымен Еуропа мен Солтүстік Америка арасында, ытнымақтастық пен
бірлікті нығайту; 2) Шығыс Еуропа мен Латын Америкасының мәдениеті батыстық
мәдениетке жақын келетін елдерін Батыс құрамына кіріктіру; 3) Ресеймен және
Жапониямен ынтымақтастықты қолдап, кеңейту; 4) жергілікті өркениятаралық
жанжалдардың өркенияттар арасындағы толық ауқымдағы соғыстарға айналуының алдын
алу; 5) құңфудзылық және исламдық елдердің әскери қуатының өсуін шектеу; 6)
Батыстың әскери қуатының қысқартылуын баяулату және оның Шығыс және Оңтүстік-
Шығыс Азиядағы әскери басымдығын сақтау; 7) құңфудзылық және исламдық елдер
арасындағы жанжалдар мен алауыздықтарды пайдалану; 8) басқа өркенияттардың
батыстық құндылықтар мен мүдделерге бүйрегі бұратын өкілдерін қолдау; 9) батыстық
мүдделер мен құндылықтарды бейнелейтін әрі заңдастыратын халықаралық
институттарды нығайту, және сол институттарға қатысуға батыстық емес елдерді тарту.
Ал ұзақ мерзімді перспективада басқа өлшемдерді бағдар ету керек. Батыс өркенияты бір
мезетте әрі батыстық, әрі осы замандық өркеният болып табылады. Батыстық емес
өркенияттар, батыстық өркениятқа айналмай-ақ, осы заманғы өркеният болуға тырысты.
Бірақ қазірге дейін тек Жапония ғана бұл істе толық табысқа жете алды. Батыстық емес
өркенияттар алдағы уақытта да байлыққа, технологияға, біліктілікке, жабдықтарға, қару-
жараққа, яғни, "осы заманғы болу" ұғымына кіретін дүниенің бәріне ие болу әрекеттерін
тоқтатпайды. Бірақ сонымен бір мезгілде олар жаңғыртуды өздерінің дәстүрлі
құндылықтарымен және мәдениетімен ұштастыруға тырысып бағады. Олардың
экономикалық және әскери қуаты өсе түсетін, Батыстан артта қалу қысқаратын болады.
Батыстың қуаты өзіне тете, бірақ құндылықтары мен мүдделері жағынан едәуір өзгеше
осынау өркенияттармен барған сайын санасуына тура келеді. Бұл оның әлуетін басқа
өркенияттармен қарым-қатынаста Батыс мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін
деңгейде ұстауды талап етеді. Бірақ Батыстан осынау өркенияттардың іргелі діни және
философиялық негіздерін неғұрлым тереңірек түсіну де талап етіледі. Ол сол өркенияттар
адамдарының төл мүдделерін қалай елестетінін түсінуге тиіс болады. Батыстық және
басқа өркенияттар арасындағы ұқсастық элементтерін табу қажет. Өйткені көз жетер
болашақта біртұтас әмбебап өркеният қалыптаса қоймайды. Керісінше, дүние бір - біріне
ұқсамайтын өркенияттардан тұратын болады, және олардың әрқайсысына басқалардың
бәрімен қатар өмір сүруге тура келеді...