Page 17 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
аумақтарында орналастыра алады. Солтүстік Корея, Иран, Ирак, Ливия және Алжир оған
ие болуға ашықтан-ашық ұмтылуда. Жоғары дәрежелі иран шенеунігі бүкіл мұсылман
елдерінде ядролық қару болуы керек деп мәлімдеді, ал Иран президенті 1988 жылы
"химиялық, биологиялық һәм радиологиялық шабуылдық және қорғаныстық қару"
шығаруға үндеген жарлық шығарыпты-мыс.
Батысқа қарсы әскери әлует жасау Қытайдың әскери қуатын және оның санын алдағы
уақытта еселей түсу қабілетін кеңейту маңызды рөл атқарады. Қытай қарқынды
экономикалық дамуының арқасында әскери шығындарды ұдайы ұлғайтуда және өзінің
әскерін жігерлі жаңғыртуда. Ол бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен қару-жарақ сатып алып,
қашық радиуста қолданылатын төл баллистикалық ракеталарын жасау жұмыстарын
жүргізуде, ал 1992 жылы қуаты бір мегатонна болатын ядролық сынақ жарылысын
жасады. Өз ықпалын кеңейту саясатын жүргізе отырып, Қытай ұшақтарға әуеде жанармай
құю жүйесін жасауда және авианосецтер сатып алуда. Қытайдың әскери қуаты және оның
Оңтүстік - Қытай теңізінде үстемдік ету дәмесі Оңтүстік - Шығыс Азияда жанталаса
қарулануды туғызды. Қытай қару-жарақ пен әскери технологиялардың ірі экспортеры
ролінде көрінуде. Ол Ливия мен Иракқа ядролық қару және жүйкені сал ететін газдар
шығару үшін пайдалануға болатын шикізат беріп отыр. Оның көмегімен Алжирде
зерттеулер жүргізіліп, ядролық қару өндіруге жарамды реактор салынды. Қытай Иранға
ядролық технология сатты,ол, американ мамандарының пікірі бойынша, тек қана қару
өндіру үшін пайдаланыла алады. Пәкстанға Қытай 300 мильдік радиусқа жете алатын
ракета бөлшектерін берді. Біраз уақыттан бері Солтүстік Кореяда ядролық қару өндіру
бағдарламасы талдап әзірленуде - бұл ел Сирия мен Иранға ракетаның ең жаңа түрлері
мен ракеталық технология сатқаны белгілі. Әдетте, қару-жарақ және әскери технология
тасқыны Оңтүстік-Шығыс Азиядан Таяу Шығысқа қарай ағылуда. Бірақ кері бағытта да
біршама қозғалыс байқалады. "Стингер" ракеталарын, мысалға Қытай, Пәкстаннан алды.
Осылайша, құңфудзылық - исламдық әскери блок қалыптасты. Оның мақсаты - өзінің
мүшелеріне Батыстың әскери қуатына қарсы күш құру үшін қажет қару-жарақ пен әскери
технологиялар сатып алуға жәрдемдесу. Блоктың ғұмыры ұзақ бола ма, - бұл белгісіз.
Бірақ ол бүгін таңда, Д. Маккерди айтқандай, - "ядролық қару таратушылар мен олардың
жақтастары басқарған опасыздар одағы". Исламдық - құңфудзылық елдер мен Батыс
арасында жанталаса қаруланудың жаңа белесі басталды. Мұның алдындағы кезеңде әрбір
тарап қару - жарақты тепе-теңдікке немесе қарсы жақтан басым болуға қол жеткізу үшін
талдап әзірлеп, өндіретін. Ал қазір бір жақ қарудың жаңа түрлерін жасап, өндіреді, ал
екінші жақ өзінің әскери әлуетін қысқарта отырып, қару-жарақты мұндай көбейтуді
шектеуге және оған тыйым салуға тырысады.
БАТЫС ҮШІН ТҰЖЫРЫМДАР
Бұл мақалада тіпті де өркенияттық ұқсастық барлық басқа ұқсастық пошымдарын
алмастырады, ұлт-мемлекеттер ғайып болады, әрбір өркеният саяси тұрғыдан біртұтас
және бүтін болады, ал өркеният ішіндегі әрқилы топтар арасындағы жанжалдар мен күрес
тоқтатылады делініп отырған жоқ. Мен тек мынадай гипотеза ұсынамын: 1) өркенияттар
арасындағы қарама-қайшылықтар маңызды да нақты; 2) өркенияттық сана-сезім өсе
түсуде; 3) өркенияттар арасындағы жанжал жаһандық жанжалдың басым пошымы ретінде
идеологиялық және жанжалдардың басқа да пошымдарының орнына келеді; 4) тарихи
тұрғыдан келгенде батыстық өркеният аясындағы ойын болып табылатын халықаралық
қатынастар барған сайын батыстық сипатынан айрыла береді және батыстық емес
өркенияттар енжар объектілер ретінде емес, белсенді кейіпкерлер ретінде қатысатын
ойынға айналады; 5) саясат, экономика және қауіпсіздік саласындағы тиімді халықаралық