Page 16 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ҚҰҢФУДЗЫ-ИСЛАМ БЛОГЫ
Батыстық емес елдердің Батысқа қосылуы жолында тұрған кедергілер тереңдігі мен
күрделілігі жөнінен әртүрлі болады. Латын Америкасы мен Шығыс Еуропа елдері үшін
олар соншалық үлкен емес. Ал бұрынғы Кеңес Одағының православиелік елдері үшін -
анағұрлым елеулі. Бірақ ең елеулі кедергілер мұсылман, құңфудзы, индуист және будда
халықтарының алдынан көлдеңдейді. Жапонияның Батыс дүниесінің ассоциацияланған
мүшесі секілді өзіндік бір позицияға қолы жете алды: кейбір нәрселерде ол батыс
елдерінің санатына қосылады, бірақ өзінің аса маңызды өлшемдері бойынша олардан
даусыз өзгешеленеді. Мәдениет немесе билік ниеттері бойынша Батысқа қосылғысы
келмейтін немесе қосыла алмайтын елдер өздерінің экономикалық, әскери және саяси
қуатын арттыра отырып, онымен бәсекеге түседі. Олар бұған ішкі даму есебінен де, басқа
батыстық емес елдермен ынтымақтастық есебінен де қол жеткізеді. Мұндай
ынтымақтастықтың ең белгілі мысалы - батыстық мүдделерге, құндылықтар мен күш-
қуатқа қыр көрсету ретінде қалыптасқан құңфудзы - ислам блогы.
Қазір батыс елдерінің бәрі дерлік өздерінің әскери арсеналдарын қысқартуда. Ельциннің
басшылығымен Ресей де нақ соны істеуде. Ал Қытай, Солтүстік Корея және таяу -
шығыстық елдердің тұтас бір қатары әскери әлуетін елеулі түрде еселей түсуде. Осы
мақсатта олар батыс және батыстық емес елдерден қару-жарақ сатып алуда және өздерінің
әскери өнеркәсібін дамытуда. Нәтижесінде, Ч. Кроутхемм "қарулы елдер" феномені деп
атаған феномен пайда болды, және де "қарулы елдер" - тіпті де Батыс елдері емес. Тағы
бір нәтиже - қару-жараққа бақылау тұжырымдамасын қайта ой елегінен өткізу. Қару-
жараққа бақылау идеясын Батыс ұсынған болатын. Қырғи қабақ соғыс бойында мұндай
бақылаудың бірінші кезектегі мақсаты, бір жағынан, Құрама Штаттар мен олардың
одақтастары, және екінші жағынан, Кеңес Одағы мен оның одақтастары арасындағы
орнықты әскери тепе-теңдікке қол жеткізу еді. Қырғи қабақ соғыстан кейінгі дәуірде қару-
жараққа бақылаудың ең бірінші мақсаты - батыстық емес елдердің болашақта батыс
мүдделеріне қатер төндіре алатын әскери әлуетін өсіре түсуіне жол бермеу. Бұған қол
жеткізу үшін Батыс халықаралық келісімдерді, экономикалық қысымды және қару-жарақ
пен әскери технологиялардың орын ауыстыруына бақылау орнатуды пайдалануда.
Батыс пен құңфудзылық - исламдық мемлекеттер арасындағы жанжал айтарлықтай
шамада (әрине тек сол шамада емес) ядролық, химиялық және биологиялық қару,
баллистикалық ракеталар және сондай қаруды жеткізудің басқа да күрделі құралдары,
сондай-ақ оларды басқару, қадағалап отыру жүйелері мен нысананы жоюдың басқа да
электрондық құралдары проблемалары төңірегіне шоғырланған. Батыс таратпау
принципін баршаға ортақ және міндетті норма, ал таратпау және бақылау туралы
шарттарды - бұл норманы жүзеге асырудың құралы деп жариялайды. Осы заманғы
қарудың түрлерін таратуға септесетіндерге сан алуан санкциялар жүйесі, ал таратпау
принципін сақтайтындарға артықшылықтар жүйесі көзделген. Әрине, негізгі назар Батыс
жөнінде дұшпандық пиғылдағы немесе соған бейім елдерге аударылады.
Өз тарапынан батыстық емес елдер өздерінің қауіпсіздігі үшін қажет деп санайтын кез-
келген қаруды сатып алу, жасап шығару және орналастыру жөніндегі өз құқығын
қорғайды. Олар Үндістан қорғаныс министрінің "Парсы шығанағындағы соғыстан қандай
сабақ алдыңыз?" деген сұраққа: "Егер сізде ядролық қару болмаса, Құрама Штаттармен
байланыспаңыз" деген жауабындағы ақиқатты толығымен игерді. Ядролық, химиялық
және ракеталық қару кәдімгі қару - жарақ саласындағы Батыстың ғаламат
артықшылығына - мүмкін, бұл қате де шығар - әлуеті қарсы салмақ ретінде
қарастырылады. Әрине, Қытайда ядролық қару бар. Пәкстан мен Үндістан оны өз