Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
саналатын болады және бұл соғыста қаза тапқан әрбір пенде шейіттер санатына
жатқызылады". "Бұл соғыс тек Иракқа қарсы емес, - деп мәлімдеді Иордания королі
Хусейн,- бүкіл арабтар мен мұсылмандарға қарсы жүргізілуде".
Араб элитасы мен халықтың айтарлықтай бөлігінің Саддам Хусейнді қолдауда топтасуы
әуелі Иракқа қарсы коалицияға кірген араб үкіметтерін өздерінің қарекеттерін шектеуге
және бұқаралық мәлімдемелерін жұмсартуға мәжбүр етті. Араб үкіметтері Батыстың
Иракқа одан әрі қысым жасау әрекеттерінен бой тартты немесе қарсы шықты, оның ішінде
1992 жылдың жазында ұшақтардың ұшуына тыйым салынатын аймақ енгізуге, және 1993
жылдың қаңтарында Иракты бомбылауға қарсы шықты. 1990 жылы Иракқа қарсы
коалицияға Батыс, Кеңес Одағы, Түркия және араб елдері кірген. 1993 жылы ол
коалицияда іс жүзінде тек Батыс пен Кувейт қана қалды.
Батыстың Иракқа қарсы жағдайдағы табандылығын оның босниялық мұсылмандарды
сербтерден қорғауға және Израильдің БҰҰ қарарларын орындамағаны үшін оған қарсы
санкциялар қолдануға қабілетсіздігімен салыстыра келіп, мұсылмандар Батысты екіжүзді
мораль ұстанады деп кінәлайды. Бірақ өркенияттар қақтығысы жүріп жататын дүние
сөзсіз екіжүзді мораль ұстанатын дүние: біреуі "бауыр елдер" жөнінде, екіншісі барлық
басқалар жөнінде қолданылады.
Екінші.
"Бауыр елдер" синдромы сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы
жанжалдарда да қылаң береді. Армяндардың 1992-93 жылдардағы әскери табыстары
Түркияны өзіне діндік, этностық және тілдік жағынан туыс Әзірбайжанды қолдауын
күшейтуге итерді. "Түркия халқы да әзірбайжандар сияқты сезім шарпуына оранды, - деп
мәлімдеді 1992 жылы бір жоғары лауазымды түрік шенеунігі. - Біз қысым астында
қалдық. Біздің газеттер армяндардың хайуандығы бейнеленген суреттерге толы. Бізге
мынадай сұрақ қойылады: біз алдағы уақытта да шынымен бейтараптық саясатын жүргізе
бермекпіз бе? Тегінде, біз Арменияға бұл аймақта ұлы Түркия бар екендігін көрсетуіміз
керек болар". Мұнымен Түркияның президенті Тұрғұт Озал да келісіп, Арменияны сәл-
пәл қорқытып қою керек деді. 1993 жылы ол "Түркия азу тістерін әлі көрсетеді!" деп
қайталады. Түркияның әскери-әуе күштері армян шекарасы бойында барлау ұшуларын
жасады. Түркия Арменияға азық-түлік жеткізуді және әуе қатынастарын кешіктірді.
Түркия мен Иран Әзірбайжанды бөлшектеуге жол бермейміз деп мәлімдеді. Ғұмырының
соңғы жылдарында Кеңес үкіметі билік басында коммунистер отырған Әзірбайжанды
қолдады. Алайда Кеңес Одағының ыдырауымен бірге саяси сарындарды діни сарындар
алмастырды. Енді Ресей әскерлері армяндар жағында шайқасуда, ал Әзірбайжан Ресей
үкіметін ол 180 градусқа айналып кетті, енді христиандық Арменияны қолдауда деп
айыптады.
Үшінші.
Егер бұрынғы Югославиядағы соғысқа қарасақ, бұл арада батыс жұртшылығы
босниялық мұсылмандарға іш тартуы мен қолдауын, сондай-ақ сербтер жасаған
хайуандықтарға үреймен, жиіркенішпен қарайтынын көрсетті. Сонымен бір мезгілде оны
хорваттар тарапынан мұсылмандарға жасалған шабуыл және Босния мен Герцеговинаның
бөлшектелуі толқыта қойған жоқ. Югославияның ыдырауының әуелгі белестерінде
Германия өзі үшін әдеттен тыс дипломатиялық инициатива мен қысым жасап, Еуропалық
Қоғамдастыққа мүше қалған 11 мемлекетті өзінен үлгі алып, Словения мен Хорватияны
тануға көндірді. Осынау екі католиктік мемлекеттің позициясын нығайтуға ұмтылған
Baтикан Словения мен Хорватияны Еуропалық Қоғамдастыққа дейін-ақ таныды.
Еуропаның үлгісіне АҚШ та ерді. Осылайша, еуропалық өркенияттың жетекші елдері
өздерінің діндестерін қолдау үшін топтасты. Содан кейін Хорватия Орталық Еуропадан
және Батыстың басқа елдерінен көп мөлшерде қару алып жатыр деген хабарлар түсе