Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
адамның тең құқықтары - кісі құқықтары - туралы айтқанда, оның қай елде туғанына
қарамастан, адамзаттың әрбір өкілін меңзейді. Бірақ олар сондай-ақ бүгінде кісі
құқықтары егемен мемлекеттердің құқықтарына бағынатынын да айтады. Бүгінде
халықаралық құқықтағы адамның заңды статусы, кісі құқығында атап көрсетілгеніндей,
егемен мемлекеттің өнімі болып табылады және принципінде мемлекет кем дегенде оның
күшін жоя алады. Осылайша, дүниежүзілік қотан - дүниежүзілік қоғамнан гөрі
мемлекеттер қоғамының клиенті.
Үшіншіден, сол теоретиктердің өздері "халықаралық жүйе" және "халықаралық қоғам"
ұғымдарын бөліп көрсетеді: соңғысы мемлекеттер арасындағы өзара міндеттемелерді
қамтиды, біріншісі тек солардың арасындағы аралас-құраластық пен ықпалдастықты
меңзейді. Демек, халықаралық қоғамның қаз тұруы әлсіз хабардарлық пен өте шектеулі де
шат - қаяқ аралас-құраластықтан халықаралық қатынастардың жоғары дамыған
институциялық негізіндегі кең көлемді де тұрақты ықпалдастыққа дейінгі үздіксіз
қозғалыс ретінде қарала алады.Халықаралық қатынастар осы полюстардың екіншісіне
неғұрлым көбірек жақындай түскен сайын халықаралық қоғам соғұрлым дамыған болады.
Ақыр соңында "халықаралық қоғам" ұғымы мемлекет атынан қарекет жасайтын адамдар -
ресми адамдар, немесе, басқаша айтқанда, президенттер, канцлерлер, премьер-
министрлер, сыртқы істер министрлері, елшілер және тәуелсіз елдердің басқа да көптеген
өкілдері мен агенттері болу керектігін көздейді. Олардың тәртібі халықаралық қоғам
теориясының басты назарында болады, дегенмен ол шын мәнінде мемлекеттердің
өкілдерін немесе агенттерін - "мемлекет адамдарын" - меңзей отырып, "мемлекетке" жиі
сілтеме жасайтын теоретиктерге ылғи да анық тән бола бермейді. Бұл ойды мен алда,
этика мен мемлекеттілікке баса ден қоятын халықаралық қоғам теоретиктері туралы
әңгіме болғанда дамыта түсемін.
Халықаралық қоғамды мемлекет адамынан тәртіпті бөліп тастайтын құрылым ретінде
қарастыруға болады. Бірақ бұл түсініксіз болуы мүмкін. "Жүйе" мен "қоғам" арасында
Булл (Bull, 1977a. P. 13-14) жасайтын айырмашылық бұл түсініксіздікті күшейте түседі,
өйткені "жүйе" ұғымы халықаралық қатынастарды "күштер қақтығысы" деп тәпсірлеуге
байланысты бильярд шарының оң ыңғайдағы бейнесін туғызады. Аталмыш бейне
үстелдегі шарлардың қозғалысы мен олардың соқтығысуына шоғырланған, сондықтан
олардың қозғалысы мен соқтығысуларын кез-келген түсіндіру олардың табиғатына және
олар бір бөлігі болып табылатын жүйенің "құрылымына" әйтеуір бір қатысты болуға тиіс
(Waltz, 1979). Бұл орайда ережелер, стратегиялар, ойын, ойыншылар және, бәрінен де
маңыздысы, ресми адамдар өздерінің сыртқы саяси қызметін жүргізгенде олардың
басында не пайда болатыны (идеялар, мүдделер, үміттер, есеп-қисап, құндылықтар,
сенімділік, қарым-қатынастар және т.б.) еленбейді. Дегенмен халықаралық қоғам
теоретиктері халықаралық қатынастарды нақ солай қарастырады. Олар халықаралық
қоғамды мемлекеттер ассоциациясы ретінде анықтайды: бұл егемен мемлекеттер деп
аталатын саяси қоғамдастықтардың атынан қарекет жасайтын адамдар арасындағы
келісім. Олар оны сыртқы құрылым немесе өз акторларынан қандай да бір дербес өмір
сүретін қызметтік жүйе деп қарастырмайды.
Бұл айырмашылық халықаралық ғылымда күшейе түскен академиялық даумен
қуатталады, сол дау Мартин Уайт және Хедли Булл секілді халықаралық қоғам
теоретиктерін (нормативистерді) Кеннет Уолц сияқты халықаралық жүйе теоретиктерінен
(позитивистерден) алыстата түсуде. Бұл мәселедегі жете түсінбестікке ұрынбау үшін,
мүмкін, жүйе мен қоғам арасында Булл жасаған бөлуді еңсеру қажет шығар, өйткені
адамдар арасындағы, соның ішінде мемлекет атынан араласып - құраласатындар