Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Роберт ДЖЕКСОН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ТЕОРИЯСЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМ ИДЕЯСЫ
(1946) - Британ Колумбиясы университетінің (Ванкувер) профессоры. Ол Хедли Буллдың
және К. Вальтцтың еңбектеріне, олардың біртұтас халықаралық қоғам құру туралы
идеясына сүйенеді, ондай қоғам, оның түсінуінше, егемен мемлекеттер қоғамы болу
керек. Ол барлық нормативтік саяси теориялар түптің түбінде этика
тұжырымдамасына негізделеді деп санап, ахуалдық этиканы қалыптастырды. Оның
еңбектері мемлекеттіліктің қолданбалы этикасын жасауға елеулі үлес қосты.
Халықаралық этиканы зерттеу - бұл "этикалық философияның шеткі жағы " емес
негізінен нормативтік мәселелермен айналысатын халықаралық қатынастар мектебінің
шеткі жағы болып табылатын "қолданбалы этика". Оның соңғы кітаптары —
"QuasiStates" 1990, "States in a Changing World" 1993.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ТЕОРИЯСЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМ ИДЕЯСЫ
Көптеген халықаралық - саяси мектептердің өкілдері ұзақ уақыт бойы халықаралық қотам
мемлекеттерден тұратын қоғам ретінде қарастырылуы тиіс деп санады. Мартин Уайт
(Wight, 1977) пен Хедли Буллдың (Bull, 1977а) еңбектері осынау көзқараспен тым жақын,
мен бұл тарауда нақ солардың идеяларын егжей-тегжейлі қарастырамын. Сондай-ақ
халықаралық қоғам идеялары мен мемлекеттік басқару өнерінің арасындағы тығыз
байланысты талқылаймыз. Және Парсы шығанағындағы, Сомали мен Босния -
Герцеговинадағы жанжалдарға олардың XX ғ. соңындағы халықаралық қоғам туралы не
айтатынын көру үшін қысқаша тоқталамыз.
"Халықаралық қоғам" идеясы біршама мағынада абайлап түсіндіруді талап етеді.
Біріншіден, оның мүшелері тек қана егемен мемлекеттер екенін атап ету керек. Осынау
соқпақ Еуропа тарихының егемен деп құқықтары бірдей егемендік адамдар табы -
билеушілер - ғана саналғаннан заманнан басталады, осы атау оларды осындай
халықаралық заңды жағдайы болмаған өздерінің бодандарынан өзгешелеп тұратын.
Егемендер осындай статусы бар басқа субъектілермен өзара ықпалдастық жасай алатын,
және олардың қатынастары халықаралық қоғамның бастауына айналды. Мүшеліктің нақ
осы принципі егемендер мемлекеттерге айналғанда, тіпті олар ұлт - мемлекеттерге
айналғанда да сақталып қалды. Осылайша, халықаралық қоғам өз тарихын тақсырлар
қоғамынан таратады, ол ұлтшылдық пен демократияның тарала түсуімен бірге ұлт -
мемлекеттер қоғамына айналды. Ондағы мүшелік бойынша бұл өте кішкентай қоғам -
саны 200-ден кем, бірақ шын мәнінде ол Жер шарының барлық еркектерін, әйелдері мен
балаларын біріктіреді. Мемлекеттердің азаматтары тікелей емес, өздерінің ұлттық
үкіметтері арқылы ғана халықаралық қоғамның мүшелері болып табылады; олар өз
бетінше мүше бола алмайды. Қалған барлық басқа әлеуметтік, экономикалық немесе саяси
ұйымдар мүшелікке маңайлай алмайды, басқаша айтқанда, әрбір ұйым қандай да бір жеке
мемлекетке бағынады.
Екіншіден, халықаралық қоғам теоретиктері, сондай-ақ "дүниежүзілік қоғамға" сілтеме
жасап, оны халықаралық қоғамға, яки мемлекеттер қоғамына балама деп біледі. Олар