Page 11 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
өз әскерлеріне әскери нұқсан тәуекелі тым жоғары, ал табысқа жетудің ерекше мүмкіндігі
тым мардымсыз деген қорытындыдан қашып құтыла алмағаны айдан анық. 1993 жылдың
көктеміне дейінгі оқиғалар азын - аулақ нәрсені ғана қуаттады: осынау саясатты жүргізу
нәтижесінде өлгендер көп болды ма, әлде құтқарылғандар көп болды ма, және азап шегу
азайды ма - осыны аңғару қиын болды. Осынау екі жағдай мынаны білдіреді: осы заманғы
халықаралық қоғамда гуманитарлық араласу нормалары оперативті, бірақ бұл белгілі бір
жағдайларда ғана солай болады, ол жағдай әдетте нақты терминдермен, мысалы, болмашы
әскери тәуекелмен және табысқа жетудің жоғары немесе, бері салғанда, парасатты ерекше
мүмкіндігімен анықталады.
Босния-Герцеговинамен жағдай тәуелсіз мемлекеттерге бөлінген дүниеде мемлекет
қайраткерлері тап болатын жеткілікті қиын моральдық таңдауды ашып береді. Сол
дүниеде олардың ең жоғары жауапкершілігі өз елінің және оның азаматтарының
бақуаттылығын қамтамасыз ету болып табылады, бірақ сонымен бір мезгілде бұл -
халықаралық қатынастардағы қатаң егемендіктен шегінен асып кету жағына қарай
ілгерілеп бара жатқан дүние. Басқаша айтқанда, дүние мемлекет қайраткері тек
мемлекеттік емес, халықаралық және гуманитарлық жауапкершілікпен де істес болатын
дүниеге айналып барады. Мұндай жағдайда саяси жақсылық жауапкершіліктің осынау
өзара кірігіп кететін түрлері бар екендігін мойындауды да, сол сияқты жауапкершіліктің
осынау түрлерінің әрқайсысын ескеретін шешім қабылдау ырқын да қамтиды. Бірақ кез-
келген шешім сайып келгенде ұлттық жауапкершілікті басқадан артық қоюға тиіс. Белгілі
бір жағдайда гуманитарлық араласу құқығын мойындайтын, бірақ мұны міндетке
айналдырмайтын (айналдыра алмайтын) халықаралық қоғамдастықта мемлекет
қайраткерлерінің алдынан көлденеңдейтін операциялық дилемма осында.
Осылайша, осынау барлық жағдайларда "төменгі шекара" ұлттық жауапкершілік болып
табылады. Мұны былайша түсіндіруге болады: басқа екі нормативтік көзқарас жай ғана
жасырылады да, халықаралық қатынастарды билеп-төстейтін нақты нормалар ретінде
ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік, яғни, күш саясаты, алға шығады. Бұл -
классикалық реалистік көзқарас. Халықаралық қоғам теоретиктері табандап қорғайтын
балама көзқарас мынадай: мемлекет қайраткерлерінде жауапкершіліктің халықаралық
және гуманитарлық деңгейлері бар, бұл жауапкершілікті олар, егер өздерінің мемлекеттік
жауапкершілігі үшін нұқсан келтірмейтін болса, әрқашан әрі барлық жерде орындауға
тырысуы тиіс. Егер ұлттық жауапкершілік халықаралық қатынастардағы жауапкершілікке
толығымен сәйкес келсе, онда Сомали мен Босния-Герцеговинаның проблемалары сол
елдерде тұратындардың мойнына артылар еді. Қысқасы, осынау үш эпизодты дұрыс
көрсету жауапты мемлекеттіліктің барлық өлшемдерін ескеретін көзқарас қалыптастыру
үшін қажет. Реализм қажет, бірақ бүгінде, халықаралық қатынастардың нормативтен
күрделілігі жағдайында, ол жеткіліксіз. Сол сияқты рационализм мен революционаризм де
қажет.
Осылайша, халықаралық қатынастар өзара кірігудің әрі моральдық және құқықтық таңдау
жанжалының объектісі болып табылатындықтан, әрбір нақты жағдайда неғұрлым
жауапты таңдау болатын нәрсе принципінде күн ілгері анықталатын бірдеңе бола
алмайды. Қарекет нұсқаларының әрқайсысы бойынша сенімді түрде анық байлам беруге
көмектесетін моральдық нормалар жоқ. Халықаралық қатынастардың кез-келген
нормативтік саяси теориясы моральдық дилеммалардың нақты ықтималдылығы мен
бұлыңғырлығына ашық болуы тиіс, ал мұның өзі бағдарланудағы плюрализм деген сөз.
АХУАЛДЫҚ ЭТИКА